2. Витаминдержәне олардың маңызы Витаминдер төмен молекулалы органикалық қосылыстар, ол өсiмдiктен тұзiлетiн, адам мен жануарлар тiршiлiгi үшiн аса қажеттi зат. Азық құрамында витаминдердiң болмау, немесе жетiспеуi зат алмасу процесiн, түрлі ауруларға шалдықтырады.
Витаминдер майда еритiн және суда еритiн болып екi топқа бөлiнедi. Майда еритiн витаминдерге А,Д,Е,К жатады. Суда еритiн витаминдерге В,Р,Н,С жатады.
Организмге витаминдер жетiспесе, құрамындағы осы витамин болатын ферменттiң белсендiлiгi төмендейдi,белгiлi бiр биохимиялық процессбөгеледi, не бұзылады. Осыған байланысты түрлі аурулар рахит, полиневрит, ақшам соқыр, геморрагия т.б.
3. Организмдегі энергия өзгерістері. Адам мен жануарлар организмiндегi зат алмасу процесi энергия өзгерiстерiмен тығыз байланысты. Зат алмасу кезiнде қоректiк зат-тардағы потенциалдық энергия босап көбiнесе механикалық, электр, жылу сәуле энергияларына айналады да, ең соңында организмнен жылу түрiнде бөлiнедi. Сондықтан организмде түзiлген жылу мөлшерiне қарай оның энергиялық шығынын анықтауға болады.
Энергия клеткаларда өтетiн алуан түрлі процестердi әртүрлі ағзалар мен функциялық жүйелердiң тұтас организмнiң қызметтерiн қамта-масыз етуге жұмсалады.
Анаэробтық процестерде пайда болған қуаттың 50% АТФ макроэргтерде жиналады. Аэробтық тотығуда да макроэргтер АТФ-тiң 36 молекуласында жинақталады.
Энергия алмасу кезiнде белоктар, углеоводтар, майлар бiрiн-бiрi алмастыра бередi. Бұл олардың энергиялық құндылығына байла-нысты изодинамия заңдылығына сәйкес жүретiн процесс. Изодинамия заңдылығы бойынша 1г майды 2,3г углевод немесе белокалмастыра алады. Ал 1г углеводты 1г белокпен алмастыруға болады.
Денедегi энергия алмасуын энергия балансын анықтау арқылы зерттейдi. Ол үшiн организм қабылдаған және бөлген энергия мөлшерiн анықтайды. Организмнiң азық құрамында қабылдаған энергиясын брутто (жалпы) энергия деп атайды. Организмге түскен жалпы энергия мен зәр, нәжiс, ашу газдары қабылдаған азық пен iшкен суды жылытуға жұмсалған энергия айырмасын Нетто-энергия дейдi. Нетто –энергия организм тiршiлiк әрекетi үшiн жаратылатын энергия. Брутто- энергия мен нәжiс энергиясының айырмасын қорыту энергиясы дейдi. Қорыту энергиясы мен зәр энергиясының айырмасын алмасу энергиясы деп атайды.
Қоректiк заттардың калориялық коэфициентi деп белгiлi бiр қоректiк заттың 1грамын өртеген кезде шығатын жылу мөлшерiн айтады. Бөлiнетiн қуатты Бертло бомбасында анықтауға болады. Бомбаға салынған 1г қоректiк зат электр ұшқынымен тұтандырылып өртенедi. Одан бөлiнген жылу сыртындағы суды жылытады. Сыртқа шыққан жылу осы судың көлемi мен температурасына қарай есептеп шығарылады. өртенген 1г белоктан 5,6ккал (23,45кДж), майдан-9,3ккал (38,39кДж), көмiрсудан-4,1ккал (17,17кДж) бөлiнедi. Бомбада салынған зат толық өртенiп ақырғы өнiмдерi (СО2,Н2О) бөлiнiп шығады. Организмде тотығу процесi ферменттердiң қатысуымен өтедi. Белоктардың ақырғы өнiмi ретiнде мочевина, аммиак, зәр қышқылы бөлiнедi. Осы заттар арқылы 1,7ккал орга-низмнен бөлiнедi.