Тағам биотехнологиясында спирт өндіру үшін шикізат ретінде астық тұқымдардың дәні, картоп сульфат сахары, сүрек қанты т.б шикізаттар қолданылады. Спирттік ашу процесі әртүрлі микроорганизмдер арқылы жүргізіледі. Спиртті ашуда микроорганизмдер көмегімен анаэробты жағдайда көмірсулардың этиль спирті мен көмір қышқыл газына дейін ыдырауы жүреді.
Ашытқы өндірісі кезінде бастапқы таза екпенің бір пробиркасынан жүз тонна ашытқы алу қажет, сондықтан оларды бірнеше сатыдан өткізіп, өсіреді. Ең бірінші ашытқының екпесін өсіреді, кейіннен бұдан өндірістік жағдайда тауарлы ашытқыларды өсіреді. Көбеюді микробиологиялық зертхана салаларынан зауыттармен алынатын, агаро – уытты суслолары бар пробиркалардан таза ашытқы ортасын егуден бастайды. Егуді 100мл субстраттан тұратын, құрамы құрғақ заттың массалық үлесі 12...14 % уытты суслосы, дәруменделген қызанақ және сәбіз шырыны бар пробиркаларда өткізеді. Көбеюді 26...30 °С температурада 18 - 24 сағат көлемінде термостаттарда Көбеюдің екінші сатысында пробирканың ішіндегісін құрамында 700 мл тағы сондай субстраты бар колбаға себеді. Көбеюді сол жағдайларда өткізеді. Көбеюдің үшінші сатысында колбаның ішіндегісін құрамында 6л тағы сондай субстраты бар шөлмекке себеді. Көбеюді тағы сондай режимдерде жүзеге асырады. Осы сатыда 75 % ылғалдылықтағы престелген массаға санағанда 0,3 кг ашытқы алады. Ортаны кезеңмен 3...4 аптада бір рет дайындайды. Тауарлық ашытқы өндірісі кезіндегі осы уақыт ішінде оны кажеттілігіне байланысты сақтап, жұмсайды. Жақсы сақталуы үшін ашытқыны сепараторда субстраттан бөліп, сумен жуады. Концентратты 6 °С температурада, ал престелген ашытқыны - 2...4 °С температурада сақтайды.