Биотехнология термині 20 ғасырдың 70-жылдары пайда болды. Биотехнология биология ғылымдарындағы жетістіктерін іс жүзінде түгелдей пайдаланады. Биотехнологияның нақты әрі негізгі мағынасы: әртүрлі өнеркәсіп салаларына қажетті құнды өнімдерді микроорганизмдер, жануарлар мен өсімдіктердің клеткалары көмегімен алу. Оның мақсаты- табиғаттағы тіршілік процестерін зерттеп, оларды өнеркәсіп өндірісінде қолдану болып табылады. Биотехнология бірнеше ғылымдардың синтезі ретінде дамыған. Атап айтқанда, микробиология, генетика, биохимия, химия технологиясының әдістерін өндірісте қолданады.
Биотехнологияның негізгі бағыттары жүзеге асуда. Олар:
Биотехнологияның негізгі бағыттары жүзеге асуда. Олар:
1. Азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін өсімдіктер мен жануарлардың өнімділігін арттыру қажет. Сондықтан, биотехнолгия азықтық белоктың көзі ретінде бактериялар, саңырауқұлақтар мен микробалдырлардың биомассасын қолдануды ұсынады.
2. Мұнай, табиғи газ қорларының азаюына және олардың құнының көтерілуіне байланысты биоэнергия алудың басқа жолын көздеуді қарастырады.
3. Биотехнологияны денсаулық саласында мейлінше тиімді пайдалануды көздейді.
Тағам биотехнологиясында қолданылатын микроорганизмдер
Тағам биотехнологиясындағы процестерге қатысатын микроорганизмдер ретінде бактериялар, мицеллалы саңырауқұлақтар мен ашытқылар, микробалдырлар қолданылады.
1. Бактериялар – халық шаруашылығында бактериялардың маңызы зор. Оларды ертеден-ақ сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындау, нан пісіру, ірімшік жасау үшін қолданған.
2. Саңырауқұлақтар – мицелилі немесе зең саңырауқұлақтарын ашытқылармен бірге Mycota бөліміне жатқызады.
3. Балдырлар – тағамдық биотехнологияда бір жасушалы және көк-жасыл балдырлардың тағамдық белокты алуда көптеп қолданады.