Тақырыбы : Қазіргі қазақ тілінің ғылыми фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны



бет2/2
Дата08.02.2023
өлшемі22,19 Kb.
#66088
1   2
Байланысты:
БӨЖ Ғылыми фонетика

Қорытынды

Қорыта айтқанда, мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда. Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты мәселелерді жылдар бойы ғалымдар мен әдебиеттанушылар қауымы зерттеп, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Дегенмен де қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелінгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық. Қазақ тілі түркі тілдес халықтардың ішіндегі сөздік қоры жағынан өте бай, дамуы жағынан да көш озық тұрған тіл. Кезінде түрколог В.Радлов «Әлем тілдерінің ішінде мен үш тілді ұлы деп білемін. Ол―орыс, француз, қазақ тілдері»―деп баға берсе, тағы бір әйгілі түрколог С.Е.Малов: «Түркі халықтары ішіндегі ең суретшіл образды тіл―қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты»―деген болатын.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ф.Ш. Оразбаева, Г. Сағидолда, Б. Қасым, А.Қабыланов, Қ.Есенова, Ұ.Исабекова, Қ.Қасыбек, Ж.Балтабаева, Қ.Мұхамади, Р.Рахметова, Ж. Көпбаева. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы, 2005 ж. 120-127 б.


2. К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. -Алматы, 1993 ж. 230-231 б.
3. C. Мырзабеков. Қазақ тілінің фонетикасы. -Алматы, 1999 ж. 14 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет