Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы : Қазіргі қазақ тілінің ғылыми фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны
Қабылдаған: Н.Мансуров
Орындаған: А.Әбділ
Тобы: ФҚФ-111
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы
2.2. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салушылар
2.3. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
2.4. Дауысты және дауыссыз фонемалар
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Фонетика- гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.
Фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар. Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің фонетикасы) болып бөлінеді. «Жалпы фонетика тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын зерттеуден басқа, оларды сөйлеудің түйдегінде зерттейді, басқаша айтқанда, ол бірінші жағынан, фонетикалық құбылыстардың бір-бірімен байланыстарын және екінші жағынан фонетикалық құбылыстар мен фонетикадан тыс құбылыстардың себепті байланыстарын қарастыра отырып, тіл дыбыстарының динамикасын зерттейді.»
Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара байланыстарын белгілеп айқындайды. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді.
Туыстығы жоқ, құрылымы бөлек тілдердің дыбыстық жүйесін салыстыра зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді. шешендік сөздері тарихи әлеуметтік мәні, тақырыптық мазмұны жағынан талданады.
Өз кезінде жырау-шешендер, би-шешендер, ақын-шешендер артына ғибратты сөздер қалдырғанымен, шешендік сөздерді теориялық жағынан тұжырымдаған жоқ.
2.1. Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ даласында ірі өзгерістерді тудырды. XIX ғасырдың екінші жартысында орыс патшалығы Қазақстанды отарлау саясатын толық іске асыруы үшін қазақ халқының тұрмыс -тіршілігін, салт-cанасын жетік біліп, тілін, дінін жан-жақты зерттеуді қолға алды. Осы мақсатпен орыс зерттеушілері қазақ даласына көптеген зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Зерттеу нәтижелері жинақтарда, мерзімді баспасөздерде жарияланды.
Қазақ тілінің фонетикасы туралы тұңғыш пікір миссионер Н.И.Ильминский (1822-1891) еңбегінде айтылды. 1860 жылы Қазанда жарық көрген «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегі орыс графикасымен жазылған еді. 162-беттік еңбектің 140 беті қазақша-орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің бас жағында автор қазақ тілі және грамматикалық жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген.
Н.И.Ильминский сөздігі – тұңғыш қазақша-орысша cөздік болуымен құнды және автор өзінің еңбегі арқылы осы күнгі орыс графикасына негізделген қазақ жазуының негізін салды. Оның еңбегінде қолданған кейбір қосымша таңбалар (д, ц, у, і, w, j, k, r, нь) ғана өзгеріске ұшырады.
А.В.Старчевский «Спутник русского человека в Средней Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, қазақ, татар, тәжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте қазақ тілінде 9 дауысты, 17дауыссыз бар екеендігі көрсетілген.
Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі В.В.Радлов (1837-1918) еңбектерінен басталады. Қазақ тілін және оның салаларын зерттеуде В.В.Радловттың 1882 жылы Лейпциг қаласында неміс тілінде жарық көрген «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Мұнда қазақ тілінің дыбыстық жүйесі біршама дұрыс жүйеленген. Ол қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9 дауыстыдан (а, ә, е, о,ө,ы, і, ұ, ү) және 20 дауыссыздан тұратынын анықтаған. Дауыстыларды ашық-қысаң, жуан- жіңішке, еріндік-езулік деп жіктеген.
Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі профессор Құдайберген Жұбановтан бастау алады. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелерін (атап айтқанда – тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заңы және акцентуация саласы жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келген.
2.2. Фонема, сондай-ақ морфема туралы ілімнің алғаш 1870 жылы негізін салған орыс және поляк тілін зерттеуші И.А. Бодуэн де Куртанэ(1845-1929). Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемаларының тигізген әсерінен пайда болған реңкін - комбинаторлы реңк деп атады. Тіл білімінде фонема туралы мәселенің өзіне тән тарихы бар. Фонема туралы ілім орыс лингвистикасында өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында пайда болған. Куртанэнің ғылыми-зерттеу жұмыстарының әр дәуірінде фонема туралы түсінік өзгеріп отырды. Мысалы, Бодуан де Куртанэ алғашында фонеманы этимология-морфологиялық құбылыс деп қараса, кейінгі кездерде фонемаға психологиялық анықтама береді. Бодуен де Куртанэнің фонема туралы ілімін ары қарай жалғастырған өзінің шәкірті, академик Л.В. Щерба. Л.В. Щербаның айтуы бойынша сөздер мен формаларды ажырататын реңк – фонема деп аталады.
2.3. Сөйлеудің табиғи фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістерін қажет етеді. Өйткені фонетика, бір жағынан, акустикалық аспекті тұрғысынан акустикамен, екінші жағынан, физиологиямен байланысты болып келеді.
Дыбыстың акустикалық сипаттамасын – күшін, қарқынын, созылыңқылығын, сондай-aқ оның артикуляциялық табиғатын, яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу үшін, оны тиісті аппараттардың көмегімен қарастыруға болады.
Экспериментті-фонетикалық әдіс – тіл дыбыстарын акустика мен физиология саласында пайдаланылатын аппараттарды қолдану арқылы зерттеу. Бұл әдіс 2 үлкен топқа бөлінеді:
1) акустикалық әдіс арқылы тіл дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады;
2) физиологиялық әдіс немесе соматикалық әдіс арқылы дыбыстың жасалуына қандай мүшелер қалай қатысып тұрғаны, оның артикуляциялық ерекшеліктері айқындалады.
Аталған әдістердің әрқайсысы пайдаланылатын құралдың түріне қарай іштей бірнеше әдіске бөлінеді: Акустикалық әдіс: 1) кимографтық әдіс; 2) осциллографтық әдіс; 3) спектографтық әдіс. Соматикалық әдіс: 1) палатографтық әдіс; 2) рентгенографиялық әдіс; 3) кинофотоға түсіру әдісі. Бүгінгі күні эксперименттік әдіс қазақ тіл білімінде кең түрде қолданылып жүр.
2.4. Тіліміздегі сөздердің дыбыстық жүйесін, олардың құрылысын қолдану ерекшеліктерін, әр дыбыстың сапасын, жасалу жолдарын, т.б. қасиеттерін меңгеру арқылы нақтылы фонетикалық заңдылықтарды түсінуге болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін құрайтын дыбыстар акустикалық және артикуляциялық қасиеттеріне қарай дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екі үлкен топқа топтастырылады. Олардың төмендегідей айырым белгілері бар:
1. Дауысты дыбыстар дауыс желбезегінің толық тербелуінен жасалады.
Ал дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі аз тербеледі. Басқаша айтқанда, дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады, ал дауыссыздар салдырдан жасалады.
2. Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да,
дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, белгілі бір дыбыстау мүшелерінің қатысуымен ғана жасалады.
3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Бұл дыбыстарды жіктеуде басты белгілердің бірі болып табылады.
Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Мысалы: ат, ет, от, өт, ұт сөздерінің құрамындағы т фонемасы дауыстылардың әсерінен әр түрліреңкпен дыбысталады. Сол сияқты тілімізде дауыстылардың кейбір дауыссыздарға әсері күшті болады. Сондықтан қазақ тілінің дыбыстық жүйесін құрайтын дыбыстарды арнайы топқа бөліп қарастыру арқылы дыбыстардың жекелеген белгілерін тереңдей танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: |