Тақырыбы: Қ. Әбілқайырдың «Қағаз қала» әңгімесіне сыни талдау



Дата18.12.2023
өлшемі34,3 Kb.
#140725
Байланысты:
Асқарқызы сын сатира


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДЫҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




СӨЖ


Тақырыбы: Қ. Әбілқайырдың «Қағаз қала» әңгімесіне сыни талдау
Орындаған: Асқарқызы М.
Қабылдаған: Молотқызы Е.

«Қағаз қала» әңгімесіне сыни талдау
«...әр үйдің есігін қағып, үйіне басып кіріп жүре беретін әкім-қара немесе қарақшы емеспіз, қорғасынды подвалдан бір-ақ тосып алмақ болып құлдыраңдап төменге тарттық. Қашанғы біз қателесе бермекпіз, үмітіміз ақталыпты. Құмалақтай ғана қорғасынымыз аман-есен подвалда жатыр екен, еденге құйылған цементті жартылай тесіп барып, бір жамбастай қисайыпты. Көршілер қорғасынмен ойнаған мені жазғыра ма, қатты бір қадам жасасаң өзіңді де осы подвалдан бір-ақ шығаруы мүмкін өз едендеріне кінә арта ма, осыны ұға алмай аңтарылып ұзақ тұрды»... Бүгінгі күннің проблемасы. Жабулы қазан күйінде жатқан, халық та, билік те хабардар болса да, көзі көрсе де соқыр болып, сөйлей алса да мылқаудай өмір сүріп жатқан қағаздан жасалған үйдің мәселесі. Сол проблеманы негізге ала отырып, халықтың қиын да, қисынсыз тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайын сипаттай отыра, биліктегілердің бетін әшкерлейтін «Қағаз қала» әңгімесі. Тақырыпқа қарап, «неге қағаз қала екен?» - деп ойлайсың, әңгіменің оқу барысында тақырыбын ашып береді. Әңгіме шағын, тілі жатық, сатира жанрындағы саяси памфлет. Саяси өмірдегі құбылысты осы сатирамен масқаралап, жағымсыздық, жамандық тақырыбын әшкерелеген. Әңгіме қарапайым бір отбасының үйіндегі оқиғалармен баяндайды, нақты кейіпкерлер саны, есімдері жоқ, бір кейіпкердің күйініп айтқан әңгімесі. «Өзім жап-жаспын және болашақтан өте үлкен үмітім бар. Ел қатарлы несиеге болса да баспана қарастырдым. Анау-мынау емес, ақыр алған соң осы жөн ғой деп ең қазыналы, ең таңдаулы, ең… ең… ең… қаладан ойып отырып үш бөлмелі үй алмаққа нық бекідім». Шығарма осылай бастау алады, қазіргі кез-келген адамның арманы үй алу, үйлі болу, үйсіз былай қарағанда ешкім емессің. Әлі өмірдің ащщысын көрмеген, өз арманына сенген, болашақтан зор үміт күтетін жас баланың сөзі. Алайда, өмір біз ойлағандай емес екен... әлде үкімет пе? «...жиырма бір жасымда берген өтінішіме қырық жеті жасымда бір бөлмелі құжыра келді. Қымбат қаланың қақ ортасындағы отыз қабатты үйдің жиырма тоғызыншы қабатынан тиген хан сарайыма әке-шешем, үш ұл, үш қызым, туған әйелім, әйелімнің бір сіңлісі мен әпкесi, менің бір-бірден іні-қарындасым бар — барлығымыз әне-міне дегенше, аспаннан түскендей топ ете қалдық» - деп жалғастырады, оқып отырып күлкің келеді, бірақ қазіргі таңда әр отбасының басынан болып жатқан оқиға. Осылайша, қазіргі үйлердің күйін, қалай салынып жатқанын автор әдемі суреттейді. Оны мына үзінді жолдарынан көруге болады: «...қабырғалары әлі толық сыланбаған немесе сыланған жерлері көтеріліп кеткен, жә, оны қойшы, жаңбырлы күндері төбе мен терезелерден су өтіп, әрқайсысымыз бір-бір шүберекпен соны құрғатып ойнаймыз демесеңіз, алаңдайтын түк те жоқ», «...қыс бойы жылудың болмай қалуы, газдың жиі өшуі, су құбырларының жарылып кетуі...», «...қыс бітіп күн жылынғанда, қара жермен бірге біздің үй де ери бастады. Алдымен, қақаған қыста құйылған іргетастар еріді, бірте-бірте үйдің күллі қабырғаларынан айғыз-айғыз болып тер ақты. Артық судың бәрінен арылған соң үйіміз кәдімгідей аласарды. Бірақ алыстан қарасаңыз, шапанының бір түймесін жоғары түймелегендіктен бір етегі ұзын, бір етегі қысқа болып тұрған шал сияқты біздің үйдің де бір қабырғасы биік, бірі аласа болып қалды. Бұған да шүкір, енді осымен болған шығар деп отырғанымызда әбден кепкен үйлердің қабырғаларына сызат түсіп, әр-әр жерден қақырай бастады. Кәдімгідей, шәй ішіп отырып, терезеге қарағандай керегеге қарасаңыз, саңылаудан сізге қала қарап тұрады. Немесе тура үйіңізбен үйі бір көршіңіз өзінің жарылған қабырғасынан сізге «Бүгін де ыстық болатын сияқты, ә?» деп қояды. Ауа райы жылы болған соң бірте-бірте бұған да көніп алдық. Енді жауынды күндері үйіміздің сыртындағы әлем-жәлем ою-өрнек пен түрлі суреттері бар мың сан бояуға малынған әшекейлер көшіп түсе бастады. Көп ұзаған жоқ, үйіміз кәдімгі қара сылақ­пен ғана қалды...». Үзінділерден автордың шеберлігін көре аламыз, үйді қара шалға теңеп, қалай әдемі суреттеген, адамды күлдірте отырып, әзілінің зілі ауыр. Біздің қасқа қазақ, не көрмеді? Бұл жағдайды я билікке айта алмайды, я өзі жөндейін десе ақшасы баладан, тамақтан, кредиттеен ауыспайды, осындай жағдайдың бәріне көз жұма қарап, «бергеніңе де шүкір»-деп, қанағатпен отыра береді. Бірақ, айқай шығарайын десе, жиырма жылдан кейін жетіп тұрған пәтер ғой... Автордың тағы бір көзге түскен жері, жеп-жеңіл қорғасынмен бүкіл үйдің жағдайын әшкерелеуі. Кішкентай баласының қолындағы қорғасынға көзі түсіп, шыбынды өлтірем деп лақтырып, жоғарғы үйді тесуі, ол одан төменгі үйден бір шығып, подвалдан табылуы нағыз шеберлік. Бір ғана қорғасынмен, біраз затты меңзеп тұр. Енді мына үзіндіге мән берейік, «...балаларымыз ойнап отырып бойынан жылуы қашқан жылу жүйесіне тілдерін тигізеді ғой, сөйтсе бұл үйге, бұл жылу жүйесіне әрең жеткенімізді тіл қайдан білсін, құрғырың аяздан тікенектеніп тұрған темір құбырға жабыса кетеді. Олай қараймыз, бұлай қараймыз, құбырдың түрі жаман, тілді өз еркімен жіберетін емес. Амал жоқ, бір амалын осылар білер деп әкімшілікке хабарластық. «Үй жылымаса жылымай-ақ қойсын. Енді сол жылу жүйесінің жанынан жүрмейік. Бізге баламыздың тілін қайтарып беруге көмектесіңіздерші». «Бұл біздің міндет емес. Оны өздеріңнің жергілікті мекемелеріңе айтыңдар» дейді әкімшілік. Жер-көктен іздеп жүріп, жергілікті мекеменің басшысын әрең дегенде қолға түсірдік. «Бұл үйге жылуды келесі жылдан бастап беретін шығармыз» дейді ол. «Оған дейін баланың тілі емес күллі тұла­бойы жабысып қалады ғой». «Онда жазға дейін шыдаңдар, үш-ақ ай қалды ғой». Басшылардың алтын уақытын бөліп, тілдескеніне тәуба айттық та, өзіміз іске кірістік. Үйдегі жағуға жарайтын құрғақ дүниенің бәрін тұтатып, баламыздың тілінің айналасына от қойдық. Қара тас болып қалған құбыр да жылыды, үйге де бір ыстық леп тарады, тіпті, көршілер де «Үкімет өлтірмейді ғой. Жылу беріпті» деп қауқылдасып ­қалды». Биліктің сиқы осы. Бұрынғылар халыққа жол көрсететін, бүгінгілер таппай жүр өз жолын әлі. Бүгінгілер би де емес биші де емес, бишік боп тұр биліктің қолындағы... Сосын біздікілер бәрін өздері қолдан жасайды ғой, өртті де, апатты да... «тарихты өз қолымызбен жасаймыз» дегенді тіке мағына да түсіне ме әйтеуір, өрт болмай жатып, жедел жәрдемің де, сақшың да, өрт сөндірушің де, телеведениең де дайын тұрады. Автор оны да, әңгімесіне қосқан, жиырмасыншы қабаттан өрт шыққанын, оны сөндіре алмай әлек болғанын әдемі жеткізеді, оқып отырып, қызметкерлердің жұмысын көріп, өзің ұялып кетесің. «...бұлардан күдерін мүлде үзді ме, жаңа ғана мен жиырма тоғызыншы қабатта тұрғанда жайнап тұрған табиғат жарықтық қабағын түйіп, қатуланып-ақ келе жатыр екен. Ә дегенге келтірмей дауылдатып, жауындатып, арнайы тапсырыспен келген таңдаулы сарбаздардай есік демей, тесік демей шелек-шелек жаңбырды бас-аяғымыздан армансыз-ақ құйды» - дейді. Соңында автор ашынып, «...бұрынғы өкімет жынды ғой, бес қабат үй салса да іргетасын бір жыл құяды, оны бір жыл кептіреді. Сосын әр керегесін зеңбіректің оғы өтпейтіндей етіп қалайды, шеге кірмейтіндей етіп сылайды, бір үйді бес жылда әрең салып бітеді. Өңшең ақымақ! Қазіргілер ғой, қаңтардың бірінде іргетасын құяды, екісінде қанша қабат болса да керегесін көтереді, үшінде іші-сыртын сылап бітіп, төртінде қолыңызға кілтін береді. Қаңтардың бесінен бастап үйлі болдым деп күнде тойлап, басыңызды көтере алмай алшиып сiз жатасыз...» - деп аяқтайды. Қорыта келе, Отан деген нәрсе бар, мемлекет деген нәрсе бар. Екеуі екі бөлек нәрсе. Мысалы, мен Қытай азаматымын делік, сол жақта туылып, өскем. Бірақ, Қытайдағы қазақтар айтады ғой, «біздің Отанымыз – Қазақстан» - деп. Отан деген не? Отан деген – сенің жақсы көретін, болғың келетін, болғың келмесе де, жаның ашып қарайтын жер. Ал мемлекет деген не? Мемлекет – сол халықты басқарушы орган ғана, яғни саясаткерлер, пропагандисттер, бір сөзбен айтқанда, мемлекет бізді Отан деңгейімен тойғызғысы келеді. Біздің идеология соған жұмыс істейді, бірақ бәрібір Отан деген сөздің мемлекет деген ұғым алмастыра алмайды. Біз мемлекетті белгілі бір жетістіктерімен, басқасымен жақсы көруі мүмкін, ия біз олимпиададан бірінші орын алдық, ия біз дамыған мемлекетпіз.Бірақ.... Автор осы шығармасы арқылы біз дәл осы дамумен, дәл осы қарқынмен кете беретін болсақ, біздің қоғамның болашағы қандай болмақ деген мағынасыз, мәнсіз көзқарас. Дәл осы дамуымызды, осы бір деградациямызды, экономикалық деградациямызды барлығының мәнсіз екенін көре аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет