Тақырыбы : Ж. Бөдешұлы “Жалғыз”



бет1/2
Дата09.05.2022
өлшемі0,86 Mb.
#33803
түріПоэма
  1   2
  • Тақырыбы :
  • Ж.Бөдешұлы “Жалғыз”
  • поэмасы
  • .
  • Дескриптор:
  • 1.Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдайды.
  • 2.Поэманың жанрлық ерекшелігін ұғынады.
  • 1944 жылы 15 мамырда туған.
  • ҚазМУ-дің журналистика
  • факультетін бітірген.
  • Жетістіктері:
  • Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты.
  • Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері.
  • Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған.
  • Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі.
  • Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған.
  • Жәркен Бөдешұлы-тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясының көркемдік көкжиегін жаңа белеске көтеріп жүрген ақындардың бірі. “Шөлге түссем-құланмын, Көкке жүзсем-үйрекпін, Тау шарласам-қыранмын” дейтін ақын тәуелсіз мемлекетімізде қазақ поэзиясын кең құлашты поэмаларымен қазақ әдебиетінде өзіндік орнын алып үлгерген тұлға.
  • Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.
  • Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді. Поэма барлық халықтың әдебиетінде кездесетін көне жанр
  • Поэма кіріспеден 6-бөлімнен тұратын сюжетсіз лирикалық туынды. Себебі, мұнда шығарманың дамуы, байланысуы, шарықтау шегі, кейіпкерлермен тартысы сияқты сюжеттік кезеңдері жоқ. Поэмада ақын “оққа сүйенген жалғыз арқардай” деген тәмсілді негізге ала отырып, жалғыз деген сөзге назар аударады.(Тәмсіл-халық даналығына қатысты ұғым-түсініктерді білдіретін атаулар. Тәмсіл-өсиет, астарлы әңгіме)
  • Ж.Бөдешұлы “Жалғыз” поэмасын жазуға не себеп болды деген сұраққа жауап беретін болсақ.  Оныншы сыныпты бітіргеннен кейін, Үрімжідегі Шыңжаң университетінің әдебиет факультетіне 1962 жылы түседі. Оқып жүрген кезде он жылға созылған мәдениет төңкерісінің ұшқыны басталып кетеді де [1966-1976 ж.ж.], оқуы аяқсыз қалды. Сол кезде Қытай өкіметінің, оқыған жастарды ұстап, түрмеге жабу оқиғасы етек алып, Жәркеннің соңынан да шырақ алып түсу басталады. Әлімғазы Дәулетханұлы мен Айтан Түсіпханұлы деген достарына ілесіп, Жабақ деген кісінің бастауымен 1969 жылы сол кездегі Кеңес одағының құрамындағы Қазақстанға қашып өтеді.
  • -Қашқын қазақ бара жатыр жаяулап,
  • Жанарынан жасы ағып, қор балады-деп келе жатқан қашқын адамның алдынан бейтаныс адамдар, бейтаныс орта күтіп тұрған еді. Содан, ақынның басына жалғыздық орнаған еді. Философиялық пайымға құрылған Бөдеш жырларындағы «Жалғыздық» тақырыбы «Өліп, тірілуден», «Тозақтан-жұмаққа» поэмасында қозғалып, «Жалғыз» атты философиялық поэмасына ұласты.
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет