Тақырыбы : Ұлттық валюта- төл теңге Мақсаты: Ұлттық валюта тақырыбын қорытындылау,өзге мемлекеттің валютасымен таныстыру


Оқушы: Бүгінде Қазақстан өзіндік ақша-банк жүйесі, алтын валюта қоры қалыптасқан тұрақты даму жолындағы іргелі ел. Оқушы



бет3/6
Дата20.12.2023
өлшемі53,83 Kb.
#141815
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Оқушы: Бүгінде Қазақстан өзіндік ақша-банк жүйесі, алтын валюта қоры қалыптасқан тұрақты даму жолындағы іргелі ел.
Оқушы: Теңге ерен еңбекпен келді, оны үнемдеп, ұқыптылықпен қарап, күтіп жұмсау Қазақстанның әрбір азаматының міндеті.
Ұлттық ваюта күннен –күнге өз елімізде ғана емес,тысқары жерлерде де сенімді беделге ие бол бастады.Өндіріс дамыған сайын ,елге шетел капиталының ағыны ұлғайып, отандық ірі инвесторлар пайда болған сайын ұлттық валютамыз да нығая түсуде.
Ұлттық банк 2011 жылдың 11 шілдесінде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған номиналы 10000 теңгелік ескерткіш банкнотты айналысқа шығарды.Тұңғыш рет 3 қорғаныш жіп қолданылады.Сондай-ақ, мерейтойлық монеталар дайындалып қарашадан қолданылысқа енгізіледі.
Номиналы 50000 теңге, алтыннан жасалған, массасы 1000 грамм, таралымы 100 дана,5000 теңге, күмістен жасалған, массасы 1000 грамм, таралымы 200 дана,500 теңге, күмістен жасалған,массасы 31.1 грамм, таралымы 5000 дана, 50 теңге ,нейзельбер қоспасынан жасалған,таралымы-50000 дана.
Балалар өмірде әртүрлі жағдайлар болады.Мен сендерге әртүрлі жағдайлар дайындадым.Соларды оқып, содан шығудың жолдарын қарастырыңдар.
1 жағдай Сен анаңмен бірге базарға денешынықтыру сабағына аяқ киім алуға бардың.Аралап жүріп 3000 теңге тұратын машинаны ұнатып қалдың.Сен машинаны алғың келді.Ал анаңда бары 6000теңге ғана...Сенің әрекетің....
2 жағдай Биылғы оқу жылында әдебиеттік оқу оқулығы жетіспейді.Базардағы оқулық бағасы 1500 теңге.Анаң таныстардан ескі,мұқабасы жыртық кітап тауып берді.Сенің іс әрекетің.....
3 жағдай Мұғалім бүгін сағат екіде цирк болатынын айтты.Билет бағасы 1000 теңге.Сондай-ақ ағылшын кітабын алуың керек.Ол 1300 теңге. Қайсысын таңдайсың? Әрекетің.....
Мінекей, сендердің тапқырлықтарың кез келген жағдайдан шыға білетіндіктеріңді көрсетіп тұр.
Ал сендер отбасы байлығын толықтыруға қалай көмектесе аласыңдар?
Көрініс.
Әкесінің екі ұлы болыпты.Бірі Асан және Сапар.Әкесі алыс жолға шығып бара жатып балаларын шақырып алып былай дейді:
Міне сендерге менің байлығымның бір бөлігі . Бір жылдан соң ораламын. Сонда сендер менің байлығымды қалай сақтағандарыңды көреміз дейді.
Қысқа ма ұзақ па уақыт өтке соң әкесі келіп балаларын көріп қауышқан соң балаларынан сұрайды:
-Ал, балаларым, мен жоқта қалай тұрдыңдар? Менің байлығымды қалай сақтадыңдар?
Сапар жер астындағы орынға түсіп, әкесі берген алтын ақшаны алып шығып –Міне, әке сенің берген ақша . Қарашы қалай сақтағанымды.
Әкесі ақшаны алды да Асанға бұрылды. Ал, сен ше?
Асан күлімсіреді де қалтасынан 5 алтын ақшаны алып берді.
-Мен сен берген ақшаға бір сиыр сатып алдым.Оны жақсылап күтіп едім сүтті көп берді.Оны біз іштік.Артылғанын сатып отырдық. Міне, сен берген ақша 5-еу болды және бір сиыр қорада тұр.
Балар қалай ойлайсыңдар, байлық неден құралады? Еңбектен.
Әр отбасы ақшаның құнын бағалау керек.Оны орынды жұмсай білу керек. Халық арасындағы ақша жайында мақал мәтелдерді еске түсірейік.
1.Теңге тиыннан өсер, 2.Ақша кетуге тырысады,
Жылқы құлыннан өсер. Есеп ұстауға тырысады.
3.Есепсіз дүние жоқ. 4.Базары жақын байымас.
Терең оймен ,шебер тілмен айтылған халық шығармаларында бірде Қазыбек би Төле биге кедейлік неден деп сұрақ беріпті.Сонда Төле би:
-Кедейлік үш ағайынды.Оның тұңғышы кежірлік,ортаншысы-еріншектік,кенжесі-ұйқы.Осы үшеуін бойына үйір қылмаған адам кедей болмайды,-деп жауап берген екен.
II-бөлім.
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет