Оқушы:Тәуелсіздік- тілегім,
Тәуелсіздік- тірегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім!
Оқушы: Жыр арнадым еліме тебірене,
Үміт артам елімнің ертеңіне.
Тәуелсіздік алғалы халқым менің,
Отаным жылдан-жылға гүлденуде!
Оқушы: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жетсе екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
Оқушы: Жалғанның жартысындай қазақ елі,
Алғандай көздің жауы сұлу жері.
Ақ пейіл дархан көңіл халқымыз бар.
Болғанда бірі сері, бірі батыр.
Әз бабам, азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай саңлақ шахид еткен
Солардың құдіретті ой- арманы,
Таңы боп тәуелсіздік бізге жетті.
Осы 27 жыл ішінде көптеген биік асуларды бағындырдық. Еліміздің экономикасы артып, басқа елдермен терезі тең бола бастады.
1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта теңгені еңгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болды.
Ақше, теңге туралы не білесіңдер?
Оқушы: Ерте заманда ақша рөлін мал, аң терісі, Қытайда- шай, тұз атқарған. Қазақстанда тоқты немесе саулық қой атқарған. Ақшаның пайда болуы тауар өңдірісінің дамуына және халықтар арасында қарым-қатынастың ұлғаюының нәтижесінде ақша рөлі түрлі металлдарға ауыса бастады. Өйткені металл әсіресе, алтын, күміс ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Қазақ елі Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан, ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған Тараз, Отырар қалаларында қола, мыс теңгелер соғылған. Бұл ақшалар ел экономикасында ерекше міндет атқарған.
Оқушы: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- теңге. Ол 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілді. Теңге бейнеленуі, орындалуы және қорғалуы тұрғысынан әлемдегі әдемі, заман талабына сай жасалған ақша белгілерінің бірі. Кескін-келбетін жасауға Қазақстан Дизайнерлер Одағының басшысы Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсал Дүзелхановтардың қосқан үлестері қомақты. Бүгін де теңгеміз тұрақты валюта ретінде өз міндетін мүлтіксіз атқарып келе жатыр.
Оқушы: Қазір айналыста негізінен 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік қағаз ақша (банкнот) қолданылуда. Құны төмен, күнделікті көп қолданылатын қағаз ақша тез тозады. Сондықтан оларды металдан тиын түрінде жасады.
Оқушы: Тиын ақшалар металдан жасалады. Тиын ақшалар арқылы бізге бағзы замандағы зор маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар, жануарлар әлемі жеткен. Тиындар қазір де мемлекеттің тарихи табыстарын, мәдени мұраларын, айтулы азаматтарын есте қалдыру мақсатында кеңінен қолданылады. Абай, Жамбылдың 150 жылдығына, Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 5, 10 жылдығына арналған мерейтойлық ақшалар бар.
Оқушы: Республикамыздың тиын ақшаларын жасауға Досбол Қасымов, Еркін Жамалбаев, Нияз Наурызбаев сияқты суретшілер, мүсіншілер атсалысып келеді.
Қымбат. Ақша белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен ұлттық Банк әзірледі.
Қазақ ақшасының, тарихы біздің заманымызға дейінгі үшінші ғасырдан басталады екен. Хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланған.
Ерсін: Ғұндар алтын күміс құймаларды, екі жағында шимай жазуы бар теңгелерді сауда айналымына енгізген.
VI-VIII ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелерді шығарды.
Балғын: Әсіресе, Сырдария бойында өмір сүрген Шапырашты тайпаларының қолдан жасалған теңгелері өмір сүрді. Үш ғасыр бойы үздіксіз қолданыста жүрді.
VI-VIII ғасырларда арыстан бейнесі, садақ суреті бар теңгелер болды. Мыс, күміс, алтын ақшалар салмағы 6,8 грамм болатын. Бетінде
« Мөнгү хани» деген жазуы болды.
Оқушы: ХХ ғасырларда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылы қараша айына дейін жалғасты. Рубльдер 1993 жылы 15 қарашада таңертеңгі 8.00- де теңгемен ауыстырылды. Бұл күн ұлттық валюта күні болып саналады.
Оқушы: Ұлттық валютамыз – теңгені әзірлеу, жасау, айырбастау, айналысқа енгізу Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жеке басшылығымен құпия жағдайда жүргізілді. 1 жыл 2 ай аяқталды.
Банкноттарды көркем безендіру кезінде белгілі тарихи тұлғалардың ( әл-Фараби, Абай, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы, Сүйінбай ) портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды.
Оқушы: Теңге дизайнерлерінің бірі- Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Хайролла Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделі бедер-бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.