Бұл мәселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытын орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Бүгінде берекесі жоқ отбасылардың саны өсіп келеді. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігінен, ыстық ықыласынан айырылған балалар көшенің қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі, киелі сәті балалық дәуреннің қызығымен осылай ерте қоштасып үлгереді. Туған- туыстарынан, жақын адамдарынан демеу таппаған қыздар мен ұлдар кездейсоқ азаматтардың жетегіне еріп, ішімдікпен есіркіге құмартады. Сол арқылы қылмыс әлеміне қадам басады.