Тақырыбы : Шыңғысхан әскерлерінің Орталық Азияға қарсы жорығы



бет3/4
Дата02.05.2023
өлшемі122,92 Kb.
#88795
1   2   3   4
Байланысты:
БӨЖ СЕРИКБАЕВА Д ТМТ

Басып кіру
Зерттеушілер моңғолдар Хорезмшах мемлекетінің шекарасына тек 1219 жылдың күзіне қарай ғана келді дейді. Алдымен Жебенің әскері Тянь-Шаньнан өтіп, Ферғана даласына енеді, бұл жерде оларды Хорезмшахтың әскері қарсы алады. Шайқас күні бойы созылады, Мұхаммед Ала ад-Диннің өздерінен әлдеқайда көп әскерін көрген моңғолдар түнде кетіп қалады. Бұл шайқас Жебеге Хорезмшахтың басым күшін осы өңірге тартуына мүмкіндік береді. 1219 жылдың қазанында Шағатай мен Үгедейдің әскері Отырарға жақындайды. Олар 50 мың әскерімен Иналшық Қайыр хан қорғап тұрған қаланы қоршап алады. Қытай ойшылы, «Соғыс өнері» трактатының авторы Сунь-цзы былай деп жазады: «Соғыс – мемлекет үшін ұлы іс, бұл өмір мен өлімнің негізі, бұл тіршілік пен қазаның жолы». Соғысқа әрқашан да аса салмақтылықпен қараған, сондықтан да әскерін Сырдарияның бойындағы бекіністеріне орналастырып Мұхаммед Ала ад-Дин дұрыс жасамады деу дұрыс болмас. Оның үстіне Хорезмшах тәжірибелі қолбасшы болған және көшпенділерге қарсы кез-келген отырықшы мемлекеттің билеушісі қалай әрекет етер болса, ол да дәл сондай әрекеттер жасаған. Қытай мен Рим императорлары, орыс патшалары осылай қимылдаған, хорезмдіктер де дәл осылай әрекет етті. Ол не істеді? Ол гарнизонын Сырдария бойындағы мықты шекаралық бекіністерге орналастырды, ал негізгі күшін, шамамен 110 мың әскерін, Хорезмшах мемлекетінің тылдық базасы мен стратегиялық резерві болған Самарқандқа орналастырды. 20 мыңға жуық әскерін Бұқарада қалдырды. Хорезмшахтың жоспары бойынша мықты гарнизон орналасқан бекіністерді моңғолдар жылдам ала алмайды, ал бекініс шебінен өтіп кеткен моңғолдардың бірен-саран отрядтарын Самарқандағы негізгі күш күтіп алады. Бекініс шебінен өтіп кеткен моңғолдардың отрядтарын жойғаннан соң негізгі күштер шекарадағы әскерге көмекке келуі керек болған. Хорезмшах Мұхаммед Ала ад-Диннің жоспары осындай болған. Бұл жоспар көшпенділерге қарсы соғыстар кезіндежиі қолданылатын жоспар еді.

Отырар
1219 жылдың қазанында Шыңғысхан Отырарға соққы берді. Шағатай мен Үгедейдің әскері қаланы қоршап алып, суға апарар жолдарды жабады. Көп ұзамай қалада азық-түлік қоры таусылады. Оның үстіне моңғол әскерінің қатарында қодарында түрлі лақтыратын және қоршауға алатын қарулары бар қытай зеңбірекшілері болғанын да айта кету керек. Бұған қарамастан Иналшық Қайыр хан бекіністі жан аямай қорғап, соңына дейін қарсыласып бақты. Бес айға созылған шайқастан соң, бекініс құлайды, Қайыр хан қолға түседі. Тұтқынға түскен Қайыр ханды Шыңғыс ханның алдына алып келеді, қаза болған моңғол елшілерінің кегін қайтару үшін Қайыр ханның құлағы мен аузына күміс балқытып құюға бұйрық береді. Қаланы жермен жексен етіп, күйдіріп жібереді, содан қайтып қала бұрынғы қалпына келген жоқ. Отырар қорғанысы жүріп жатқан шақта Шыңғыс хан қандай да бір белсенді қимылдар жасаған жоқ. Ол Самарқанда отырып, жағдайдың немен бітерін күтіп отырған Мұхаммед Ала ад-Дин тарапынан жасалар қимылдарды күтті. Алайда, Отырарды қоршаған соңғы айларда ол керемет маневр жасады: ол негізгі әскерімен Сырдарияның төменгі ағысымен жүріп отырып, Қызылқұм шөлінен өтіп, қарсыласы үшін күтпеген жерден Жорезмшахтың тылы, Бұқарадан бір-ақ шығады. Дәл осы маневрді ол чжурчжэндермен болған соғысы кезінде де қолданған еді.
Бұқара
Бұқараның аяқ астынан соққыға алынуы қала гарнизонының қолбасшысы үшін күтпеген жағдай болды. Қаланы жан-жағынан қоршап алып, Шыңғыс хан үш күн бойы қаланы шабуылдаумен болды. Үшінші күні гарнизон қолбасшысы өзімен бірге бекініс қорғаушыларын алып, моңғол заставалары арқылы сытылып шығып, қашады. Алайда, олар алысқа кете алмайды. Моңғол әскері оларды қуып жетіп, қырып салады. Бұқара мүлдем қорғаныссыз қалады, бірақ қалған 400 қорғаушы қарсыласуларын жалғастыра береді, сөйтіп 12 күн бойы беріспейді. Қорғаныссыз қалған имамдар мен көпестер қаладан шығып, жауға беріледі. Шыңғысхан өзінің қазынасының басты бөлігін бұқарлық көпестер алып алғанын білетін, сол себепті ол Хорезм шах державасына үрейдің үлгісін көрсету үшін көпестерді дүремен жазалауды бұйырады. Шыңғыс хан ат үстінде мешітке кіріп, имамның уағызын тыңдап болып, былай дейді: «Түсінбеймін, Құдай барлық жерде болса, неге сендер бір жерде ғана құлшылық ету керексіңдер? Мен сендерді жазалау үшін жіберілген құдайдың кәрімін». Осыдан соң ол санақ жүргізіледі деген сылтаумен барлық еркек кіндіктіні дүние-мүліксіз қаланың сыртына жинауды бұйырады. Қала жұрты жиналған соң, топтағы барлық бай көпестер анықталып, шыңғыс хан керуенінен тартып алынған барлық мүлік тәркіленеді. Қарыз қайтарылған соң, қырып-жою басталады: бай, мәшһүр еркектер өлтіріледі, қолына қару ұстай алатын қалғандары «хашарларға» жөнелтіледі. Ақыр соңында қала Отырардың тағдырын қайталайды, түгі қалмай тоналып, ақырында күйдіріледі. Алайда, Отырарға қарағанда, Бұқара XIV ғасырда қалпына келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет