Мектеп жылыжайында Зозуля Ғ1 қияр сортын өсіруге дайындау
Осындай Зозуля F1 қияр сортының сипаттамаларымен, ерекшеліктерімен таныса отырып, практикалық зерттеу бөлімімізді де бастап кеттік. Арнайы дайын ұяшықтарға қияр тұқымын ектік. Бұл ақпан айының 15-і күні жүзеге асырылды. Ол үшін ең алдымен қара топырақты ыдысқа салып, қайнатылған су құйып қойдық. Температурасы 25 0 С көрсеткен соң қияр тұқымын септік. Оны 20 – 220 С температурада, күн көзі түсетін терезе алдына орналастырып қойдық. Оған күнара бақылау жасап жүрдік. Ақпанның 19-ы күні топырақтың ылғалдылығын анықтап, су құйдық. Ең алғашқы екі құлақты өскін 20 - ші ақпан күні шықты, 1 см-дей биіктікте. Содан соң әрбір 3 – 4 күн сайын суарып фотоға түсіріп зерттеу жасап отырдық. Көкөністі күтуді Ергужиев Ислам, ал күнделік жүргізіп, жазуды Мажитова Жұмагүл екеуміз өзара міндетімізге алдық. Әрі қарай өз міндетімізді атқара бердік. Ақпанның 23-і күні су құйып, 3 см биіктікте болды. Арада 4 күн өткен соң, 27-ші ақпанда биіктігі 8,5 см, 3 құлақты өскінді байқап, суардық. Наурыз айының 1 – і күні суға тыңайтқыш араластырып өскінге құйдық, ол кезде өскін 4 құлақты, 11 см биіктікті көрсеткен болатын. Кейіннен 4-ші наурыз күні өскініміздің едәуір өскенін байқап суарған болатынбыз, ол кезде 5 құлақты жіпшелері бар, 15 -20 см дей биіктікте екенін анықтадық.
Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында : «Біз ауыл аймақтарының әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз керек. Бұған «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасының іске қосылуы септігін тигізеді» деген еді. Осыған орай, “ Табиғи өнім – ел игілігіне” тақырыбындағы жобамыз ел игілігі үшін жасалған жұмыстардың бастамасы деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |