Бұл кезде де ағартушылық және «Еркіндік пен халықтың құқылық қозғалысының» кезеңі еді. «Нихондзин» журналы, қозғалыстың баспасөз қызметі, әдебиеттің теоретикалық проблемаларына арнайы көңіл бөлген жоқ. Журналдағы әдеби бөлім бағынушылық жағдайда болды. Осы журнал беттерінде теоретикалық мақалалардан басқа , қозғалыстың ойшылдары Миякэ Сэцурэ, Куга Кацунан, Сига Дзюго және тағы басқалар болып жатқан оқиғаларды сыншыл көзқараспен жазды. Осы оқиғалардың барлығына қарсы «Кокумин-но томо» («Халықтың досы») журналы 1887 жылы шықты. Оның қолбасшысы талантты публицист және көркем шешен Токутоми Сохо (1863- 1957) болды. Бұл журнал Жапониядағы болып жатқан қоғамдық қозғалыстарға қарсы демократиялық және әлеуметтік идеяларды насихаттап отырды. Токутоми Сохо буржуазиялық демократияның басты маңызды элементі ретінде «қарапайым халық үшін» принципті дегенді ұстанды. Бұл ұстамшының мақсаты тыныштықты орната отырып, қарапайым халықты әлеуметтік теңсіздіктен босату. «Кокумин - но томо» журналы мемлекеттің әдеби өмірімен тығыз байланысты болды. Оның беттерінде әдеби - сыншыл мақалалар, поэзия, аудармалар да орын алды Ең алғашқы кірістірген аударма, ол – орыс аудармасы болды. Бұл журналдың әдеби тобына жас әдебиетшілер Куникида Донпо және Таяма Катай кірді. Кейін олар атақты жазушылар және реалисттік бағыттың негізін қалаушылар болды, ал Утида Роан – жазушы және сыншыл, орыс әдебиетінің аудармашысы (Достоевскидің Жапониядағы ең бірінші аудармашы). Жоғарда айтылған журналдардан басқа «Рикуго дзасси» («Әлем»), «Мияко-но хана» («Астана гүлі»), «Дзёгаку дзасси» («Әйел білімі») болды. 80 жылдың соңына таман журналистикада жалпы мәдени және әдеби проблемалар айқын көрініп жатты. Осы әдебиет туралы қоғам өкілдері мен публицисттер Утимура Кандзо, Миякэ Сэцурэй, Токутоми Сохо, Уэмура Масахиса және көптеген тағы басқалар көптеген жазды. «Васэда бунгаку» («Васэда әдебиеті») журналын басқарған Цубоути Сёё Васэда университетінің әдебиет факультеті ғылымдарының көзқарасын, пікірлерін қарастырған, аудармашы және ағылшын әдебиетін таратушы болған. Ол жапондықтарды Шекспирмен таныстырған. «Васэда бунгаку» журналы атақты әдебиетші Цубоути Сёё және мори Огай арасындағы екі жылға созылған әдеби - эстетикалық дамуда маңызды роль атқарған бәсекелестікті тудырды. Бәсекенің туындаған тұсы Цубоути Сёёның
мақаласы «Шекспирдің драмалық шығармаларының аудармасы» болды. Цубоути Сёё басты мәселені шығармадағы жасырын идея емес, шығармадағы жасырын тұрған шындық, айғақ деп білді, ал Морги Огай болса шығарманы бағалау кезінде «логикалық түрде қарастыруды» ұсынды. Морги Огай көрнекті әдебиетші, жазушы, неміс авторланының, сыншылдарының аудармашысы болған. 1889 жылы ол «Синсэйся» («Жас дауыстар») әдеби тобын құрып және ағартушылық тенденцияның негізін қарастырган Сигарами соси» («Запруда») журналын шығарады. Бұл журналда ең бірінші арнайы мақала «Әдеби сыншыл» («Бунгэй хёрон») шығады. Мұнда еуропа әдебиетінің аудармалары мен эстетика туралы мақалалар кіргізілді. «Сигарами соси» журналы әдеби баыттағы теоретикалық зерттеудің кеңеуіне маңызды үлесін қосты. Осы журналистикалық кезең кезінде көптеген журналдар жарық көре бастады. 1895 жылдың қаңтарында Токий университетінің әдебиет факультетінің топтарының қызметшілері «Тэйкоку бангаку» («Империя әдебиеті») журналын шығара бастайды. Бұл сол уақыттағы ең үлкен журналдың бірі
болған, 100-130 беттен тұрған. Солы 1895 жылы қоғамдык - саяси және әдеби журнал «Тайё» («Күн») пайда болады. Бұл қалың 200 беттен тұратын журнал. Бұл журналды атақты жазушы және сыншы Такаяма Тёгю басқарды. 90 жылдың екінші жартысында әлеуметтік журналистика өз жұмысын бастайды. Бұл журналдың шығуының басты мақсыты «қоғамдық профсоюздерді құру» ,кезекті жиналыста «Рода сэкай» («Жұмысшы әлем») журналының айсайын шығарылып тұруына хаттама жазылды. 1897 жылы желтоқсанда журналдың алғашқы саны басылып шықты. Оның бас редакторы Катаяма Сэн.
2.2. XIXғ. 80 жылдары елді еуропаландыру жапон мәдениетін, соның ішінде әдебиетті де жаулап алды. Жапон ақындары еуропа поэзиясын игере бастады. Жаңа дәуір поэзиядан жаңа түрлерді талап етті. XIX-XX ғ. Аралығында жапон поэзиясының үш негізгі бағыты пайда болды. Олар жапондық верлибер (си), бес шумақты танка және үш шумақты хайку. Осы поэзияның үш түрі бір - бірімен тығыз байланыста болды. Осы бағытта «жаңа өлең түрлеріне» қозғалысының қайраткерлері қызмет атқарды. 1882 жылы алғаш рет өзгертілген түрдегі өлеңдер, шығармалар жарық көрді. Оның құрамына Шекспир аудармалары, Лонгфелло және де басқа ақындардың, сонымен қатар ең бірінші жазылған жапон поэзиясы «ұзын өлең» түріндегі өлеңдер кірді. 1897 жылы Китамура Тококудың жақын досы Симадзаки Тосон «Өскелен ұрпақ» атты әлеңдер жинағын шығарады. Осы жинақ лирикалық поэзия тарихында ең көрнектісі болды. «Ұзақ өлең» жанрында жазушы романиканың жоғары дәрежелі, жастық және махаббатты, адамзат жанының көркемдігін үлкен қызығушылықпен айта алды. Алайда жапон поэзиясы классикалық формадан бір жолта ауытки алмады. Ақын Масаока Сики (1867-1902) осы жанрдын жанарту барсында көптеген қызмет атқарды. Дәл осы Сики ең бірінші рег хайку мен танка терминдерін дәстүрлі поэзияның жаңа үлгісіне қолдана бастады. Масаока Сикидің ең басты сіңірген еңбегі, ол үш шумақты өлеңді «тізбекті шумақтан» бөлек шығарып, оны дербес поэгикалық жанр етті. Мұнда ол адамзат сезімін ашты. «Хайку-бұл әдебиет, ал «рэнку» - әдебиет емес», - деді Сики, «рэнкудің» жаңашыл ұста дарын қатты сынап. Сикидің ойынша ақынның міндеті - қоршаған ортаны дәл өзінің шындығымен суреттеу керек, оның мақсаты сол ақынның өзі көрген жерден оқырмандар қызықты нәрсе табу керек деп ойлады. Ол дәптер мен қарындаш алып, Токионың қала маңында жүріп, өзінің әсерлерін қағазға түсіріп отырды. Хайкудың артымен ол ганканы да жаңартуға кірісті. Оған көптеген жас ақындар көмектесті. Сикидің хайку саласындағы реформасын Такахама Кёси, ал танка саласында Сато Сатио жалғастырды. 1898 жылы ол «Хототогиус» журналын шығара бастайды. Танка тарихындағы жаңа кезең Есано Тэккан (1873-1935) келуімен басталды. Ол танканы өмірмен ұштастырып, оған «ер жүректілік пен батырлықты» ендіргісі келді. 1899 жылы ол «Жаңа поэзия қоғамын» құрды, одан көп узамай «Жоғалған жұлдыз» («Мёдзё») журналын басып шығара бастады. Жаңа кезеңдегі жапон поэзиясының ең жарқын, көрнекті болған, қоғамның негізін қалаған Есано Тэккан және оның әйелі Есано Акико (1878- 1941) болған. Есано Акиконың шығармаларында тек ауқымды поэтикалық талант қана көрніс тапқан жоқ, оған қоса еркін ойлау мен жанның адал және ашық екіні көрініс тапты. Есано Акиконың шығармаларына тақырыптың ауқымдылығы тән: ол тек ғажайып махаббат туралы лирикалық өлең жазып қана қоймай, орыс жапон соғыс кезіндегі өзінің ағасына бағыттап «Өміріңді берме, сүйіктім» өлеңін жазды. «Жоғалған жұлдыз» журналында атақты жапон ақыны Исикава Такубоку өзінің ең бірінші өлеңдерін басып шығарған. Ол өте аз уақыт өмір сүрген , 1886 жылы туылып, өкпе ауруынан 1912 жылы қайтыс болады. Ол ұлттық дәстүрді сақтай отырып жазған шығармалары оның қоғамға, адамзат баласына деген жалпы махаббатының айқын көрінісі болып табылады. Такубокудің шығармалары жинаққа кірді, ал оқырмандары осы авторды жүректеріне мәңгі сақтап қалған. Оның шығармалары: «Горсть песка», «Ысқырық және ысқырғыш» және «Мұңайған ойыншық» . Акутагава Рюноскэның новеллалары Ф.Кафканың туындыларына ұқсаған. Акутагава орыс әдебиетін жақсы білген, оған Н.В.Гоголь жақын болған. Себебі оның «Мұрын» әңгімесі аты ғана ұқсас болып қана қоймай, ахуал жағдайы да ұқсас келеді. Шындығында, Акутагаваның кейіпкері мұрынын жоғалтқан жоқ, ал керісінше, оның мұрыны үлкен болып өседі. Мұрын өсуін тоқтатқан кезде, адамда өз-өзә болуын тоқтатады. Акутагава басқа әңгімесінің қайшылығы «Бататов ботқасы» - гоголдік Акакия Акакиевичтің арманының күйреуін еске түсіреді. Өзінің таңғажайып әңгімлерінің сюжетін ортағасырдағы жапон және қытай ескерткіштерінен алған. Оның атақты «Расёмон қақпасы» новелласы XI ғасырдағы «Ерте повестінен» шыққан. Жұмысы жоқ жалшы, аштықтан өзі сияқты кемпірдің заттарын ұрлайды. Ортағасырдағы сюжетте өнегеге бағаласа, ал Акутагава әлеуметтік заңдылықты ашады. «Борсық» новелласында автор ертедегі адамға айналып кеткен борсық туралы аңызғы негізделіп жазылған. Барлығы )әзілден басталады: кездесуге келмеген бойжеткен қыз, сүйіктісінің аянышты жырын естіп, анасына борсық айтып жатыр дейді. Анасы бұған сеніп, көршілеріне айтады. Кейін жыр айтушы борсық туралы аумаққа таралады, ал будда монахтары бұл оқиғаны бітпес өмір айналымы деп болжайды. Ал новелланың соңында қалыңдық кездесуге келген кезде күйеу жігіт борсыққа айналып кетеді. Сенім, қиял әлем - Акутагаватың қиялы ғажайыбының негізі. Шабдалы сүйегінен туған балуан жапон ертегісінде Момәтарды түбекті жаулап алушы етеді. Атақ келген кезде оған корқынышта келеді. Жазушы нақұрыстылықтан және дарындылығынан айырылып қалуынан қорықты. Оның анасы жан ауруымен ауырды. Соңғы жылдарында өзінің дарындылығынан айырылып жатқанын сезген секілді болады. Ол ұйқысыздықпен азаптанады, үздіксіз дәрілер қолданылып, өз-өзіне қол жұмсап өлтіреді. Исикава Такубоку (1886-1912) жапонның атақты ақыны. Кедейлік өмірімен күресіп, аз өмір сүреді. Бірақта жаңа жапон поэзиясының негізін қалады. Исикава дәстүрлі жапон лирика жанрында жазды: бес шумақты танка және үш шумақты хокку. Оның көптеген өлеңдері қайғы туралы. «Жас», «Қайғы» - ақынның лексикасындағы ұнамды сөздер. Ол «ағайындық», «нәзіктілік», «ана», «балалық шаю» сөздерін көп қолданған. Исикава Такубоку - нағыз ойшыл және гуманист. Орыс - жапон кездері туралы көп өлеңдер жазды. Юкио Мисима (1925-1970) тек қана шығармашылығымен таң қалдырып қана қоймай, өзінің тұлғасымен ерекшеленеді. Оның шын есімі – Кимитакэ Хираока. Мисима атақты жанұяда дүниеге келген. Жастық шағында музыка және театрмен айналысып, университетте оқыған сосын карате, кэн-домен айналысқан. Ол жазуды ерте бастайды. Атақ алып келген бірінші романы «Исповедь маски». Әжесінің тәрбиесімен еске ұл бала үлкен өмірге ұмтылған. «Махаббат құмарлығы» романында жас жесір әйел қайын атасының жақындығынан бас тартпайды, бірақ жас бақташыға ғашық болады. Эцуко - әйгілі әйел. Оның күйеуі оған ашық түрде көзіне шөп салады. Бірақ ол қатты аурумен ауырған кезде, әйелі оны тастамай, бағып, қарайды. Ол намыстанады, бірақ ол өзін күйеуіне құрбан етіп, өлуге дайын болады. Ауылда ол жалғыз болады, тек оны жұбататын - көркем, әсем табиғатта серуендеу. Эцуко момын бақташыға ғашық болып қалады. Оның сезімі қызғаныштан пайда болады. Ол өзінің жалшысы мен бақташының арасындағы жақындастықты байқап, Эцуконың одан әрі махаббат сезімі оянады. Оның мейірімділігі қатігездікке айналады. Кейіпкерлерді махаббат
сезімдері өмірге деген тартыс емес, өлімге айналады. Мисима көптеген романдар, новеллалар, пьесалардың авторы. Ең оқылмалы кітабы «Алтын мазар». Бұл шығарма шын оқиғаға негізделген. 1950 жымы буддалық мазардың тыңдаушысы Кинкакудзи ерте жапон астанасы Киртодағы ескерткішті өртеп тастайды. Ол алтын мазардың әдемлігіне гашық болып қалады. Ол сол мазарды тек өзінікі болса екен деп ойлайды. Монах лаулап өртеніп жатқан мазарға енгісі келеді. Кинкакудза өртеніп жатқан мазарға кіргісі келіп, бірақ мазар оны кіргізбейді. Оның есіктері мықты жабылып тұрады. Юкио Мисима - өзіндік драматургтардың бірі. Жаңашылдық пен ескі жапон театрының дәстүрлі «Но» және батыс суропа драматургиясының
жетістігін біріктірген. «Ханьдань жастығы» пьесасында жас бала түсінде бақытты мен қайғылы келешегін көреді, бірақ сикырлы жастық оның өмірге деген құштарлығын алып келеді. Юкид Мисмма өзінің шығармашылығына деген назарды жақсы көрді, ол сол назарды окырмандарынан алды.
2.3. Цубоути Сёё (1859-1935). 1885 жылы Цубоути Сёёнің ең алғашқы
теоретикалық шығармасы «Романның мәні» жарық көреді. Автор өзінің қоғамгерлеріне әдебиет теориясы ұғымын жете түсіндіруді мақсат етіп алды. Оның кітаптарында мынандай сұрақтар орын алды «Өнер деген не», «Неге әдеби шығармалар өнер болып саналады», «Әдеби шығармалардың жазылу ережелері» тағы сол сияқты . Әдебиет пен тарих бір деректен шығады деді Цубоути Сёё. Әдебиетті өздігінен дами алады дей отырып, ол - ғылымнан, саясаттан, ойдан, қоғамдық өмірден әдебиетті ығыстырып тастайды, Цубоути Сёё «Тосэй сёсэй катаги» романында ол өзінің теоретикалық жағдайын көрсеткісі келді, алайда бұл роман көркем шығармашылыққа жатпады. Фтабатэй Симэй (1864-1909). Жапонияның ең көрнекті жазушыларының бірі Фтабатэй Симэй, өзінің бар шығармашылық айраткерлігімен XIX ғ. орыс әдебиетімен тығыз байланысты болды. 1881 жылы ол Токий шет тілдер мектебінің орыс бөліміне оқуға түсті. Ол Лермонтов және Гоголдің, Тургеневтің, Лев Толстой және Гончаровтың шығармашылықтарымен танысып, Белинский және Добролюбов сынды орыс сыншылдарының шығармашылықтарымен мұқият танысқан. 1885 жылы В.Г. Белинскийдің «Өнердің идеясы» мақаласын жапон тіліне аударады. Фтабатэй өзінің шығармаларында, мақалаларында, күнделіктерінде « орыс жазушылары қарастырған» проблемаларға, әлуметтің өмір проблемаларына деген қарқынды қызығушылығын айтады. 1887-1889 жылары Фтабатэйдің «Жүзген бұлттар» атты романы шығады.
Бұл шығарманың мазмұны орыс шығармаларына ұқсас келеді. Оның басты кейіпкері Уцуми Бундзо- ауылдағы жасөспірім бала, біліп алып және отбасына көмектесу мақсатында қалаға келеді. Алайда ол қалада жаңа дүниенің өзгерістерінің жолдарына кездеседі. Бундзо - әтеттегі «артық адам», XIX ғ. орыс әдебиетіндегі кейіпкерлерге жақын. Бундзо өзіне мансап жасамайды, департаменттегі қызметінен айырылады. Ол ойы күмәнға толы. Өзінің апасы О-Масаның үйінде ұнамсыз қонак болады. Бундзо сүйетін О- Масаның қызы оның терең сезімін түсінбейді. О - Сэй қазіргі заманмен тәрбиеленген қыз Бундзоға қарамақайшы. Фтабатэй бұл романдь. бігірмейді. Ол өз романында буржуазиялық қоғамнын қарапайым халыққа қатал екенін көрсетеді. «Жүзген бұлттар» романы жаңашыл шығарма. Бұл шығарманың шығысымен жапон сыншылары жана термин «реализм» шығарды. Фтабатэй Симэйдің орыс әдебиетінен жапон тіліне аудармалары өте көп, оның «Жүзген бұлттар» романында сыншыл көзқарас байқалады. Орыс әдебиетіне де, жапон әдебиетіне де үлесін қосқан Фтабатэй болған. 1888 жылы оның Тургенев әңгімелерінен жазған алғашқы аудармалары «Кездесу», «Үш кездесу» және де «Ася» повесті, ал 1897 жылы атақты «Тайё» журналына «Рупина» аудармасы шықты. Тургенев шығармаларынан басқа Гоголь, Гаршин, Короленко, Андреев, Горький шығармаларын аударды. Оның аудармалары осы күнге дейін классикалық болып есептеледі. Фтабатэй аударма жасаған кезде шығарманың басты ойын, автордың көңіл күйін түсіне білген. Ол әрбір аударманың рухын көтеріп, жан дүниесін аша білген . Мәселен, «Рудина» аудармасын «Жасыл желек» деп атаған. М.Горкийдің «Мұң» пығармасын «Мұңаю құрты» деп аударған. Фтабатэй сезім мінездемесін дәл тапқан , ол әңгіме кейіпкерлерін де шынайы суреттеп, жап дүниесімен сезімін жеткізе алған. Фтабатэй аудармалары жапон оқырмандарының алдына XIX ғ. Орыс әдебиетінің жазушыларынын кэркем, реалистіктің сырын ұғуға жол ашты. Олар орыс - жапон әдебиетінің арасындағы байланысты туғызды және ол байланыс уакыт өте нығайып дами бастады.
Хигути Итиё (1872-1896). Жапон жазушысы, оның шығармашылығы романтизм және реализмге бағытталған. Полицейлік чиновниктің отбасында дүниеге келген. Жеке меншік мектепте жапон классикалық поэзиясын оқылан Әйелдердің қайғылы тағдарларын ез шығармаларында жазған . Оның ең танымал повестері: «Құрдас», «Бұлынғыр тасқын», «Айырылысу». 1891 жылы ол өзінің күнделігін бастап, оны «Көктемгі жапырақтар астында» деп атайды. Дәл осы жылы ол ең бірінші рет Накараи Тосуимен кездеседі. Накараи тек әдемі болып қана қоймай. сонымен қатар аса дарынды болды. Соның арқасында Хигути проза жаза бастайды. 1892 жылы Хигути мен Накараи айырылысып, ең бірінші әңгімелері «Қараңғы түндегі Сакура», «Қоштасу құрауы», «Жоғалған өмір» баспаға басып шығарады. Хигути Итиё шығармаларының басты кейіпкерлері Гокионың кедей аудандарындағы тұратын, жүзікшілер. Мидори - жасөспірім-қыздың өмірде гейша болуын және оның жан дүниесін «Кұрдас» (1895) шығармасында көркем суреттейді. «Жеткіншектер» (1895-1395) қоғамдық жанрда жазылған повесть. Бұл шығармада балалық шағында бірге ойнаған жасөспірімдердің келешектегі тағдырлары туралы. Достоевскийдің шығармаларымен қызыға айналысқан. Хигути – танка жанрында жазылған 3800 өлеңнің авторы. Оның шығармалары көптеген театр және киноларда қойылған. Жас жазушы атақты жазушылармен сұхбаттасып, университет дәрісханаларында дәріс береді, сол уақытта өзінің асқынған ауруының диагнозын біледі. Банан ағашының астында отырып, өзінің достарына айтады: «Маған қапы болмаңыздар, келесі өмірде мен көбелек болып келіп сендердің қолдарына ұшып келем». 1896 жылы караша айында жиырма төрт жасар Итиё туберкулез ауруынан қайтыс бола Хигути Итиёның шығармашылығы оның ауруына байланысты ұзаққа созылмады. Алайда төрт жыл ішінде психологиялық шығармашылығы жапон әдебиетінде өшпес із қалдырып, оқырмандардың көңілінен шыға білді.
Токутоми Рока (1868-1927). Хиго провинциясында дүниеге келген.
Досисия университетінде оқыған. Рока жан-жақты білі алады: әкесінің
ықпалы бойынша конфуцияндық және буддалық бағыттағы қытайдың ерте кітаптарын оқып үйренеді, ал еуропалық мектепте оқып христиандық идея ықпалына түседі. Жазушының ең бірінші романы «Өмір сүрмеген дұрыс» үлкен табысқа ие болады. Кітап он жыл бойы бестселлер қатарында болады. Ол Петербург, Бостон, Милап, Хельсики қалаларында шығарылады. Ескі феодалдық заңдармен өмір сүрген әйелдердің отбасындағы әлеуметтік проблемаларын қарастырған. Ең алғашқы шығармасы - «Көкек», романның екінші аты «Фудзёки». Жапон буржуазиялық революциясымен қатар туған Токутоми Рока кедей отбасында дүниеге келген.1889 жылы Токутоми Рока Токиоға келіп, «Минъюся» әдеби ынтымақтастығына кіріп, ағасы Токутоми Сохо басқарған «Кокумин - но томо» журналында жұмыс істейді. «Кокумин - но томода» Рока өзінің алғашқы публицистикалық және биографиялық шығармаларын жазады. Ол ағылшын саяси буржуазиялық қайраткерлерінің өмірбаяндары еді - Гладстон, Ричард Кобден және тағы басқалар. Өзінің «Көкек» романында өкпе ауруымен ауырып, енесінің бұйрығымен сүйікті жарынан айырылған әйел Намиконың қайғылы тағдыры туралы жазылған. Намико мен оның анасына бағынған жары Такэоның трагедиялары жас оқырмандарды тербелітті. Романды сыншылдар «әдемі жас повесті» деп атады. Ол жапон әдебиетіндегі шет тілдерге аударылған ең бірінші шығарма. Токутоми Рока ағасы Токутоми Сохоның журналды басқару кезінде барлық адамға бірдей көзқараста болмағаны үшін қапа болып, ағасымен байланысын үзеді. Содан дейін ағасының достығын қабылдамайды. Токутоми Рока және Голстой. Токутоми Роко жапон әдебиетіндегі интеллигенцияларының ішіндегі ең бірінші Л.Толстойды көрген. Л.Толстомды өмір жолындағы ұстазы деп білді. 1890 жылы Жапонияда алғаш рет ағышын тіліне аударылған «Соғыс пен бейбітшілікті» оқып, өзінің алғашқы «Орыс әдебиетінің жұлдызы граф Толстой» атты мақаласын баспаға шығарады, ал 1898 жылығы «Миньюся» баспасының шыққан «Әлемнің он екі атақты жазушылары» атты тотамасында, оның «Толстой» атты кітабы шығады. 1906жылы Иерусалимнен қайтар жолында Толстойдың үйінде бес күн қонақта болады. Деп осы жылдың желтоқсанында өткен күндерін есіне алу жөніндегі «Қажының жолымен» («Дзюнрэй кико») шығармасы жарық кереді. толстоймен әңгімесі, ойы, одан алған ақыл кеңестері Рокаға Толстойды өмірлік идеалы етіп таңдауға жол ашты. Oтанына қайтып келісімен ол қаламен қоштасып, ауылға кетеді. Ауылда болған жылдарын Токутоми Рока жинақ болған «Жер құртының сандырағы» (Мимидзу - но тавагото», 1913) шығармасында айтады. Жазушының өміріндегі соңғы он жыл рухани күйзеліспен өтеді. Осы жылдары шыққан шығармаларының мазмұна қарап осыны байкауға болады. Ол «Өлім құшағында» («Си-но кагэ-ни») романь. Жаңа көктем»
(«Синсюн») повестінде жастық шағындағы кездерді жазады. Ал аяқталмаған «Фудзи» романында соңғы өмірінің кезендеріндегі сезімдерін жазады.
Куникида Доппо (1871-1908). Дәл Токутоми Рока сияқты өзінің шығармашылығын «Мнъюсядан» бастайды. Алғашқыда Доппо романтикалық өлеңдер жазған, мұнда ол - адамдарды еркіндікке шақырған.
Aлғашқы прозалық шығармасы да романтикалық мінездемеге ие. 1898 жылы «Кокумин - но томо» журналы Доппоның «Бүгінгі Мусаси жазығы»
(1901 жылы жеке кітап болып шығады - « Мусаси жазығы» - «Мусаси но»)
әңгімесін оқырмандарға таныстырады. Бұл Токиоға жақын жер тураты, оның табиғатын, кіші әлемін суреттеп айтқан. Ол табиғатты түсінін, оны
суреттеуді Тургеневтен ғана емес, ағылшын жазушысь. Вордсворттан да үйренді. Вордсворд поэзияларын ол сусындаған бұлақ деп білген . «Көктемгі құс» («Хару-но тори») әңгімесінде ақылы кем, алтындан ары қарай санай алмайтын, құс секілді тордан шыға алмай қайтыс болған бала
туралы айтылған . Бұл және ба қа да Доппоның шығармалары, мысалы «Гэн
ағай» («Ген одзи») Вордстордтың шығармалрымен ұқсас болып келеді.
Доппо омірінің соңғы жылдарында әлеуметтік тақырыптарға бет бұрады.
Өлімнің түрлері, туберкулезден ауырған адамның өз - өзін өлтіруі, өмірлік қиыншылқтар, қарапайым адамды зұлым етіп қарауы, әйелдердің терең қайғылары, бұның бәрі Доппоның соңғы тақырыптары еді. Көбінесе ауқатты отбасы мен қарапайым отбасының қарым-қатынасы туралы жазған.
Жапон әдебиетінде Доппоның таза үні ХХ ғ. шыға бастады.
Симадзаки Тосон 1872-1943). Симадзаки Тосонның шығармаштлығы өзгелерден айрықшы бөлек, оның алғашқы шығармалары «Бунгакукай» журналында басып шығарылған. Ол өзінің ұзақ өмірінде түрлі мағыналы прозалар жазады. «Көктем» («Хару», 1908) романы демократиялық интеллигенциядан тұратын адамдар өмірі туралы, прогресшіл «Бунгакукай» журналының қызметі туралы, Китамура Тококу және оның серіктестерінің күресі туралы айтылған . Алайда «Жанұя» романы тақырып
бойынша алдыңғы романдарға ұқсамайды. Тосонның соңғы көлемді романы «Таң алдында» болды. Бұл романның алғашқы тараулары жапен әдебиетінің гүлдену кезінде шыға бастады. Ал екінші тарауы сол кездегі пролетарлық жазушыларға қарсы қуғын – сүргін жылда жазылған. Бұл романда - буржуазиялық революция кезеңін суреттейді.
Таяма Катай (1871-1930). Дәл осы жазушы сынды, жапон әдебиетінің
ешқандай жазушыларында шығармашылық өмрі қиын болмады Ол өзінің
шығармашылығын романтикалық бағытта бастаған және романтикалық
өлеңдер жазған. Осы кезде ол шетел әдебиетімен танысып, орыс шазушыларының шығармаларымен танысады. 1893 жылы Толстойдың «Казаков» шығармасын аударады. Осы жылдары Таяма Катай жаңашылдыққа ұмтылады. 1904 жылы Таяма Катай «Неприкрытое изображение» мақаласын жазады. Мұнда ол «Барлық жерде шындық, адалдық, сенім болу керек» деп жазған. Ясунари Кавабата (1899-1972) - жапон әдебиетінің классигі, 1968 жылы жазушы бүкіл елге атақты қылған Нобел сыйлығы беріледі. Сыншылар оны «ең жапон прозаигі» деп атаған. Кавабата өзінің шығармаларында елінің салт - дәстүрлерін, шәй рәсімдерін, гүлденуші сакураның әдеміліген суреттеген. Ортағасырдағы әдебиет X-ХI ғасырдағы жапон жазушысы Мурасаки Сикибу «Гэндзи-моногатари», Х ғ. Сэй Сёнагаон жазушының «Записки у изголовья» және де Мацуо Басёның поэзиясын сүйенген. Жазушы өзінің жаңашыл- кейіпкерлерінде ата-бабаларының дәстүрін сақтағысы келді. Ясунари Кавабата Осакада да дәрігер отбасында дүниеге келді. Ерте жасында жетім қалып, атасының қолында тәрбиеленеді. Жастық шағында Токий университетінде ағылшын және жапон әдебиетін оқиды. Ол орыс классикасымен де танысады. Жазушыға атақ Идзудан келген биші» повестінен кейін келеді. Идзу - Жапониядағы ең жылы аймақ. Басты кейіпкерлер махаббаты бастан кешіреді. Жас биші қыз студент жігітті ұнатып қалады, бірақ кейін олар ажырасып өздерінің жолдарымен кетеді. Бірақта ажырасуға қарамастан, ол өзін бақытты сезінеді, себебі әңгіменің кейіпкерін де, авторға да махаббат - адамға деген жол. Өзінің бұрынғы әңгімелерінде Кавабата М.Пруст, Дж.Дойсқа еліктеді. Кавабата өзінің прозаларында жапон көркем суретінің классикалық бейнесін суреттеді. «Бамбук дауысы, шабдалы гулі» әңгімесінде, барлық назар шатқалдын үстінде кеуіп қалған қарағайға аударылған. Қарт Мияков әр кез үйінен шыққан кезде кеуіп қалған қарағайды көреді де, жаман белгі деп ойлайды. Бірақ, бір күні өлген қарағайдың қасында сұңқарды көріп шын бақытты сезеді. Себебі сұңқар - күш пен ұзақ өмірдің нышаны. «Цереус» әңгімесіндегі сюжеттің көркем ортасы гулденген цереус. Комия әр жылы әйелінің мектеп кезіндегі достарын гүлдерді тамашалауға шақырады. Бірақ оқырмандар қызының қайғысын сезеді. Барлығы кейін анық болады. Себебі кыздын анасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Гүлденген цереус үйдегі қайғыны жоғалтпайды, керісінше сәбидің қайғысын көбейтеді. Ясунарн Кавбата «Қарлы елді мекен» романын Екінші дүниежүзілік соғысынан бұрын бастайды, кейін тоқтатып, Жапонияның жеңіліске ұшыраған кезінде аяқтайды. Қар жапондықтарда - тазалық пен жылулықтың нысаны. Кавабата «қарды елді мекен» деп Ниигата провинциясын айтады. Осы жерге жас әдемі гейшаны көру үшін Токиодан екі рет Симамура келеді.
Басты кейіпкер еуропа мәдениетімен айналыскан жапон интеллигенті. Симамура классикалық балет туралы мақалалар жазады. Романда Симамура Комако гейша образна қарма - қайшы. Ол өзінің өлім аяғында жатқан күйеу жігіті үшін өзінің абройын түсіреді. Роман қары аймақтағы өртпен аяқталады. «Мың қанатты тырналар» романы жапон өнер академиясының сыйлығын алады. Барлық романның негізігі эпизоды шай рәсімімен болады. Жас жігіт Кикудзидің әкесі ескі рәсімнің шебері. Жапондықтарда «шай жолының» мағынасы - тазалық және жетістіктің жолы. Жас жігіт рәсімге әкесіне жақын болған адамдарды шақырады. Ата - анасының өлімінен кейін Кикудзи мүрагерлікке баспана, шай үйін алып қана қоймай, әкесі мен анасына жақын адамдарды да алады. Тырна жапондықтарда бақыт, аманшылықтың нысаны. Бұл құс Юкиконың орамалын әшекелейді, ол әкесінің досының қызы. Тырна жас кейіпкерлер некесінде бақытты болады деп үміт береді. Нобел сийлығынан кейін оның өмірі күрт өзгеріп кетеді. Ол жапон жазушыларының клубын басқарып, көп саяхаттайды, аз жазып, көп күйзеліске үшырайды. Соңында оның жүйкесі шыдамай газдан уланып өледі.