Жалпы, бұл жұмыста XIX ғ. екінші жартысындағы Жапон әдебиетінің
дамуы, оның ерекшелігі, өзіндік қырлары баяндалған. Әдебиет шынайы өмірдің айнасы болғандықтан, ол сол елдегі тарихи фактілермен тығыз байланысты. Ал XIX ғ. екінші жартысындағы Жаонияның саяси жағдайына көз жүгіртсек мұнда дәл осы кезенде буржуазиялық революция, таптық қарама-қайшылық белең алған кез еді. Міне соның салдарынан бұл кезең әдебиеті буржуазиялық әдебиет санатына енеді. XIX ғ. екінші жартысындағы жаңа заман әдебиетіндегі журналистика, проза және поэзияның әр сарынада дамуынан бұл әдеби аймақтағы ақын- жазушылардың көздеген мақсаттарынан хабардар бола аламыз. Ал дәлірек
айтқанда реалистік бағыттың дамуымен мұнда әйел теңдігі қоғамға тән
кереғар жағдайлар, ой және сөз еркіндігін, мәңгілік өшпес тақырып -
махаббат тақырыбы белең алады. Мұндағы махаббат тақырыбы тек екі
жастың арасындағы сезім ғана суреттеп қоймай, сонымен қатар елге, жерге
деген шексіз сүйіспеншілік көрсеткіші болды. Сонымен қатар XIX ғ. екінші жартысындағы Жапон әдебиеті елдің туындылардың аудармалары және солардың негізінде жазылған дүниелер көптеп кездесті. Қорыта келгенде XIX ғ. екінші жартысындағы Жапон әдебиеті шетелдік шығармалардың шырмауына түсіп, өзіндік тың әрі жаңашыл бағыт бағдарға ие бола алмады. Десекте, Жапониядағы реалистік, романтистік бағыттардың қарқынды дамуы бұл келеңсіздіктің бетін жапқандай болған. Батыс елдерін үлгі тұтқан XIX ғ. екінші жартысындағы жапон ақын- жазушылары әлем әдебиегі сарнасынан ойып орын алар туынды қалдырмады десек те, келешек ұрпаққа үлгі боларлықтай туындыларды дүниеге алып келді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Д.П. Бугаева, Г.Д. Иванова, Г.Н. Максимова, Е.М. Пинус. Краткая история литературы Японии. – Ленинград, 1975.
2. Д. Кин. Японская литература XVII-XIX столетий. – Москва, 1978
3. Н.И. Конрад. Японская литература образцах и очерках. – Москва, 1991.
4. Н.И. Конрад. Японская литература. – Москва, 1974.
5. Долин Александр Аркадьевич. Японский романтизм и становление новой поэзии.М.:Наука,1978.
6. История современной японской литературы. – М. изд. иностр. лит., 1961.