Тақырыбы : Ясауи кесенесі, Ахмет Ясауи кесенесінің эпиграфикалық әрленуі



бет3/5
Дата01.12.2022
өлшемі74 Kb.
#54226
1   2   3   4   5
Тайқазан — Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі алты ғасырлық тарихы бар қасиетті, алып қазан. Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде құйылған. Ирандық шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризи жасаған.
Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады.
1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы 18 қыркүйекте ғана Түркістанға қайтарылды.
2. Ахмет Ясауи кесенесінің эпиграфикалық әрленуі.

«Эпиграфика дегеніміз – қандай да бір қатты материалдардан, мейлі тас болсын, мейлі қыш, ағаш темір сияқты материалдардан жазылған ежелгі және орта ғасырлық жазуларды зерттейтін үлкен ғылым. Араб эпиграфикасы бірнеше араб стилінен: насх, куфи, сулюс тұрады. Стильдердің барлығы дерлік Қ.А. Ясауи кесенесіндегі жазуларда кездеседі. Көптеген зияратшылар кесенеге келген кезде оның сыртындағы жазуларды ою-өрнек деп түсініп жатады. Шын мәнінде олардың әрқайсысының өзінің берер мән-мағынасы бар. Мавзолей қабырғаларындағы өрнектер ою емес араб стилінде жазылған жазулар. Әрбір қабырғасындағы сөздің мән-мағынасы бар.


Қ.А. Ясауи кесенесі Әмір Темірдің бұйрығымен 1397 жылы салынады. Кесененің кірпіштері Түркістаннан солтүстік батысқа қарай 45 шақырым жерде орналасқан Сауран қаласында жасалған. Кесене салу барысында бұл кірпіштерді адамдар қолма-қол тұрып таратқан екен. Бұл кесене 10 жыл тұрғызылғанымен Әмір Темірдің қайтыс болуына байланысты жұмыстары толық аяқталмайды. Қабырғасындағы насх, сулюс, дивани стиліндегі жазулар. Қарасаңыздар мұның барлығы араб жазулары. Құрылыстың ені 46,5 метр, ұзындығы 65 метр, барлығы 35 бөлмеден тұрады. Кесененің жұмысы бітпей қалған жер – алдыңғы порталы. Қасбеті оңтүстік порталы деп атаймыз. Оңтүстік портал екі биік мұнарадан және олардың арасын біріктіретін зәулім аркадан тұрады. Ішінің ұзындығы 18,5 метр, биіктігі 37,5 метр. Оңтүстік портал бітпей қалған. Бірақ болжам бойынша, 1583-1590 жылдары Абдулла хан осы портал құрылысын аяқтайды. Сол заманнан қалған жөндеу жұмыстарына арналған, ертеректе кранның қызметін атқарған ағаштар да сол күйі сақталған. Ал эпиграфикамыз батыс қабырғасынан басталады. Кесененің сыртқы қабырғаларының әрқайсысы өзіндік әралуан әшкейлермен ерекшелене отырып, кесене бойында біртұтас үйлесімдерді көркем композициялық шешімін тапқан. Кесене қабырғаларындағы жазулар 3 бөлікке бөлінген. Төменгі бөліктің биіктігі 1 метр 80 см әшекеймен көмкерілген. Ал қабырғаның ұзындығы 10,5 метр. Бұл жерде кесененің негізгі өрнектері құралған. Яғни арабтың куфи стилінде жазылған жазулар. Жоғары жағындағы үшінші бөлігінің ұзындығы 2 метр 60 см.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет