Жазулар батыс мұнара жағынан басталып, сол түстік және шығыс жағын да тұтас қамтиды. Түгелімен арабша жазылған.
Жоғары бөлігінде көркем жазулар көп түсті бояулы қаптама кірпішпен құрастырылып жазылған. Бұл жазуда кіріспе сөзбен басталатын Құран Кәрімнің алтыншы сүресі «Әнам» сүресінің 59, 60, 61, 62 және 63-аятының бас жағы келтірілген. Содан кейін құрылысшының аты-жөні және де құрылыстың қай кезде қашан аяқталғаны жазылған. «Аса мәртебелі, құт берекенің иесі Алла айтты. Көрместің, ғайыптың кілттері оның жанында. Алла Тағала ғана біледі. Оларды одан өзге ешкім білмейді. Ол құрлықта да теңізде де не бар, не жоқ бәрін біледі. Оған тіпті, бұтағынан үзіліп түскен бір тал жапырақтың да жағдайы мәлім. Жердің тас қараңғы қойнауындағы бір тал дөңбек болсын, тіпті дымқыл болсын, құрғақ болсын оның бәрі бір Аллаға айқын, Алланың шексіз іліміне сүйенген тағдыр кітабында жазылған» деген жазу бар. Бұл жерде 59-аят келтірілген. Ал, кесененің ортаңғы бөлігі мавзолейдің негізгі өрнектерін құрайды. Батыс қабырғаға сән беріп тұрған да осы орталық бөліктің өрнектері. Бұл жерде Куфи Махалле қолтаңбасымен жазылған араб жазуларының бас әріптері қою түсті қапталмалы кірпішпен басталып, негізгі жазу көгілдір бояулы қаптама кірпішпен қаланған. Ортасында шексіздіктің белгісі бар. Соның ішінде қою көк түсті кірпішпен «Алла Раббым, Мұхаммед пайғамбарымыз» деген сөз жазылған.Осылайша, батыс қабырғадағы сөздер жұрт ойлағандай ою-өрнек емес, керісінше мән-мағынасы зор Құран сөздері.
Солтүстік қасбетіндегі эпиграфикалық жазулар 3 бөліктен тұрады.
Солтүстік қасбетіндегі эпиграфикалық жазулар екі бұрышындағы көлденең қою түсті сызықтармен 3 бөлікке бөлінген. Төменгі және жоғарғы бөліктерінде көгілдір түсті қаттама кірпіштерімен қаланып жазылған. Әрбір жазудың ішінде екі бірдей латынша «Z» әрпін көруге болады. Бұл жоғары және төменгі жақтағы жазуларға қатысы бар. Бұл «Z» әрпі араб тілінде көмекші сөз болып келеді. Яғни «Я» деген мағынаны береді. Бұл жерде «Я Алла, Я Рахман, Я Рахим,» деген сөздер жазылған. Енді кесененің солтүстік қасбетінде жоғары жақтағы «Әнам» сүресінің 60 және 61-аяты келтірілген. «Алла Тағала сендерді түнде ұйқыға жатқызып, уақытша өлтіреді. Және күндіз не істегендеріңнің бәрін біліп тұрады. Содан соң сендерді ұйқыларыңнан оятып, қайта тірілтеді. Күнделікті тіршілік осылай жалғаса береді. Ақыр соңында бәрің Аллаға қайтасыңдар, Одан кейін ол сендердің не істеп не қойғандарыңнан толық хабардар етеді» деген аят жазылған. Енді ерекше айтар бір дүние солтүстік фасад өте керемет жасалған. Бұл жұмыс шебердің нағыз мықты шеберлігін көрсетеді. Себебі солтүстікте орналасқан арканың оң және сол жағында араб жазулары бар. Оң қанаттағы жазу мен сол қанаттағы жазудың мағыналары бір-бірін толықтырып тұрады. Сол қанаттың орта тұсында «Пенде жоспарлайды, Алланың дегені болады» деген жазу жазылған. Ашық көгілдір түспен қапталған кірпіштермен «Бүкіл жаратылыстың иесі Алла екенін, бағыт көрсетуші тек Алла екендігі көрсетілген. Ал солтүстік фасадтың порталына назар аударсақ, бұл жерде де өте керемет жазылған жазулар бар. Бұл жұмыс та осыны жасаған шебердің асқан шеберлігін әспеттейді. Назар салсаңыз, мұндағы жазудың ерекшелігі үлкен әріптермен, куфи қолтаңбасымен жазылып, «Алланың елшісі айтты, кім өзін таныса, сол өз Раббысын таниды» деген хадис келтірілген. Назар аударып қарасаңыз, бұл жерде екінші мәтін де бар. Куфи қолтаңбасымен ашық көктүсті кірпіш арқылы парсы тілінде жазылған. Бұл жерде пайғамбарымыздың әулеті жайлы дерек берілген.
«Мұхаммедтің жанұясы Мұхаммед, Әли, қызы Фатима және немерелері Хасан, Хусейн екеуінің анасы» деген жазу жазылған. Бұл солтүстік порталдың ойығындағы жазулар үштен бір бөлігіндегі жазулар. Бұл жазулардың ұзындығы 3 метрді құраса, ені үш кірпішке пара-пар келеді. Ортаңғы жазу ақ кірпішпен жазылса, екі жанындағы кірпіштер қою көк түсті кірпішпен қапталған. Енді екі жиегіндегі жазулар да көз жауын алатын сондай шеберлікпен жасалып, көп еңбекті қажет еткені көрініп тұрады. Қарасаңыздар 4 рет медальондар кездеседі. Қою көк түсті кірпішке құралған медальондар арабтың насх стилінде жазылған жазу. Бұл жерде 54 рет қайталанып, Аллаға айтылған мадақ сөздер көрсетілген. Яғни «Құрметтеуге Алла ғана лайықты. Және де бүкіл жаратылыстың иесі Алла Тағала» деген сөздер.