Қан айналысы — гемодинамика, көбіне гидродинамика заңда- бағынады. Жүректің сол қарыншасынан қолқаға қан әлсін-әлсін тек систола кезінде өтеді. Бұған қарамастан қан тамырларда үздіксіз ағады. Мұның себебі ірі артериялар қабырғасында серпімді талшықтардың көп болуы. Бүл құбылысты дәлелдеу үшін су-га толы Іпыны ыдыстың төмеигі жағына шүмек арқылы жарыстыра екі түтікті (біріншісі — резеңке, екіншісі — шыны) жалғастырады. Сонан соң шүмекті біресе ашып, біресе жабады. Шүмек ашылған сәтте ғана шыны түтіктен су ағады, ал резеңке түтіктен су үздіксіз ағып тұрады. Өйткені шүмек ашылғанда су резеңке түтікті кереді, ал шумек жабылғанда резсңке жиырылып тарылады да суды әрі қарай итермелеп ағызады. Гидродинамика заңы бойынша сұйықтың түтік арқылы ағуы сол түтіктің бас жағы (РІ) мен аяқ жағындағы (Р2) қысымның айырмашылығына (РІ—Р2), сондай-ақ түтік қабырғасының сұйықтыққа кедергі жасау дәрежссіне (К) байланысты. Жоғары және төменгі қысымдар арасындағы айырмашылық сұйықтықтың жылжуын қамтамасыз
етеді, сол айырмашылықтың түтік қабырғасындағы кедергісіне қарым қатынасы
' р - = У түтік арқылы өтетін сұйықтықтыц көлемдік
мөлшерін көрсстеді. Осы гидродинамикалық көрсеткіштер Р, Қ, У қаниың тамыр арқылы ағуының өлшсм көрсеткіші бола алады. Қан арысының өлшем көрсеткіштері (параметрлері) — қан қысымы, қан ағысының жылдамдығы (көлемдік, сызықтық), қан тамырларының тонусы, яғии қан ағысына көрсететін кедергісі.
Қан қысымы
Артерия тамыры жарақаттанса сыртқа қанның шапшып ағатыны көптен белгілі, яғни артсрияда қан қысымы жогары (РІ), ал венада (Р2) төмен болады. Осыған орай қан артериядан вена-ға қарай үздіксіз ағып түрады. Тамырдағы қанның қысымы оны жылжытумен бірге тіршілікке керекті аса күрделі процестерді қам-тамасыз етеді. Мысалы, қоректік заттардьщ ішектіц қабырғасы арқылы қанга, қаннан денедегі клеткаларға өтуі және бүйректе-гі сүзілу процестері, несептің түзілуі. Клетка ішіндегі және клет-кааралык, судың кысымы, клеткалық тургор да тамырдағы қан-пьііі, кысымына қарай өзгеріп отырады. Қан кысымы төмендеп кетсе, артерия мен венадағы қысымның айырмасы РІ—Р2 азайып каи тамырларда жылжымай қалады. Адам қан қысымынын, өте төмендігінен ғана емес, кейде оның көп уақыт жеткіліксіз дең-гейде болгандыгынан да өліп кетеді. Өйткені, тіршілікке өте маңызды процестермен қатар, канның керекті функциялары жеткіліксіз орындалады.