Тақырыбы: Қаңқа сүйектерінің байланыстары және функционалдық маңызы Орындаған: Берекет Наргиза 07, курс (фкс)


Бас қаңқа сүйектерінің байланысуы



бет2/3
Дата15.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#122460
1   2   3

Бас қаңқа сүйектерінің байланысуы

Бассүйек сүйектері бір-бірімен негізінен талшықты дәнекер ұлпалық жұқа аралықтарымен жіктер түзу арқылы тұтаса байланысады. Жіктер, әсіресе жас төлдер бассүйектерінде жақсы көрінеді. Жануарлар есейген сайын, дәнекер ұлпалық жіктер сүйектеніп кетеді. Бассүйек сүйектері аралықтарында жіктің 3 түрі кездеседі: тегіс жік(sutura plana) тісше жік(sutura serrata) және қабыршақша жік(sutura squamosa). Бұлардың ішіндегі ең берік жіктік байланыс қабршақша жік. Қабыршақша жіктің байланысы кезінде, сүйектердің байланысатын жиектері жұқарып барып, бір- бірімен тығыз жанаса жабысып байланысады. Тісше жіктерді сүйекше жиектері тіс тәрізденіп, бірінің қырлары екіншісінің сәйкес ойықтарына еніп байланысады. Тегіс жіктер беріктігі жағынан ең нашары. Бұларда сүйектер жиектері жәй ғана жанаса байланысады.

Омыртқалардың байланысуы

• Омыртқа бағаны бойында сүйектер байланысының бірнеше түрлері кездеседі. Омыртқалар денелері:Синхондроз (құйымшақ омыртқыларының денелері-синостоз), омыртқа доғалары-синдесмоз, буын өсінділері қарапайым жалпақ буындар арқылы байланысады.• Омыртқа бағанының байламдары• 1)Сигментаралық байламдарға доғааралық байламдар (ligametumflavum), жоталық өсінділер аралық байламдар (ligamentum interspinalia) және көлденең өсінділераралық байламдар (ligamentum intertransversarium) жатады. Бұлар көрші омыртқалар тетіктерін өзара байланыстырады.• 2)Жалпы байламдарға 1)дорсальды ұзын байлам (ligamentum longitudinale ventrale), білік мойын омыртқасынан бастап, құйымшаққа дейін омыртқа денелрін байланыстырады. Ол омыртұа денелерінің дорсальды бетінде, омыртқа өзегінде орналасады; 2) вентральды ұзын байлам соңғы көкірек омыртқаларының вентральды қырларынан басталып, құйымшаққа дейін созылып омыртқалар денелерін төменгі вентральды қыр жағын байланыстырады.3)Жотаүстілік байлам көкірек, бел, құйымшақ омыртқалары жоталық өсінділері үстінде орналасып, оларды өзара байланыстырады;. 4)желке (ligamentum nuche) шүйде сүйекті, мойын омыртқаларын және көкірек омыртқаларының жоталық өсінділерін байланыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет