Тақырыбы: Абай –дара, Абай –дана қазақта Мақсаты


Ерасыл: Өсек өтірік мақтаншақ, Еріншек,бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның,білсеңіз Алихан



бет2/2
Дата11.06.2022
өлшемі3,76 Mb.
#36688
түріПоэма
1   2
Байланысты:
Абай Атамыз 2 сынып тәрбие сағаты

Ерасыл: Өсек өтірік мақтаншақ,
Еріншек,бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның,білсеңіз
Алихан: Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат,рақым,ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Мұғалім. Табиғаттың әсемдігі тек қана тіршілікпен жарасымды. Тіршілікті аялағанда ғана табиғаттың тамаша болатындығы айқын. Табиғат тіршілік үшін қажет болса, тіршілікке табиғат қажет. Абай атамыз табиғатты тамаша суреттеумен қатар тіршіліктің онымен байланыстылығын дәл тауып, әдемі де, тартымды жырлай білген.
Абай атамыздың жыл мезгілдері туралы өлеңі де бар?
Дариға. Қыс
Ақ киімді денелі,ақ сақалды,
Соқыр мылқау,танымас тірі жанды
Үсті басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Айкөркем.Көктем.
Жазғытуры қалмайды қыстың сызы
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар,адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Алихан.Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,
Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан.
Аяла.Жаз.
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын,бәйшешек,
Ұзарып өсіп тооғанда.
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда.
Мұғалім: Абай-ұлы ақын.Ақындардың ұстазы.Абай өзінің өлеңдерінде жастарды білім алуға,адал еңбек етуге,шақырады.
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,-
деп.Абайдың әрбір өлең жолынан,әрбір сөзінен жүрекке жылы леп келетінін байқаймыз.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға—деген өлең жолдары,шыдамдылықпен еңбек етуге шақырады.
Ал, Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та,бар,қалан!—деген өлең жолдары.Халыққа адал қызмет қыл,пайдаңды тигіз —деп тұр.
Мұғалім.Ал балалар,Абай атамыздың қара сөздері де бар.Онымен сендер жоғары сыныптарда танысатын боласыңдар.
Абай-жыршы,ұлы ақыны елімнің,
Жырға қосқан сұлулығын жерімнің,
Абай-сыншы,жақсы менен жаманның
Қайғы-зарын жырлай білген даламның.

Мұғалім:
- Абай өзі дара, өзі дана, ақын әрі жазушы, философ, композитор, аудармашы ақын, жаңашыл ақын, лирик ақын.
- Абай Құнанбаевтың қозғаған мәселелерін өзге шет елдің де ақындарын ойландыратын. Орыс тіліне аударылған өлеңдерінің бірі: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
1) қазақ тілінде Ходжаберген Гүлшат
2) орыс тілінде Джайжанова Нұршат
Абай қазақ халқының бай қазынасы – поэзияға, ән мен күйге арнаған өлеңдері де өте көп.
Асыл
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Мұғалім: 
Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай атамыздың есімі мәңгілікке халық жүрегінде сақталады. Абай қазақтың атын әлемге таратқан, артына өшпес мұра қалдырған дана әрі дара, ұлы тұлға.

Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге Қазақ әдебиетіне сансыз жаңалық енгізген, қазақтың шебер суретшісі, сұлу сөздің атасы, тереңге сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы, қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молайтқан – Абай атамыз.
. Абай-дана,Абай-дара қазақта
Оқымаған ұлы Абайды қазақ па?!
Абай теңдес ақын болмас қазақта —деген өлең жолдарымен бүгінгі«Ұлы Абайға 175жыл»атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Көріп тамашалағандарыңызға мың алғыс.




















Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет