Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық негіздері мен заңдылықтары И.М.сеченов пен И.П.Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады.
Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық негіздері мен заңдылықтары И.М.сеченов пен И.П.Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады.
Психикалық әрекеттің қалыптасу заңдылықтарын психология ғылымы зерттейді. Ол психиканы мидың ақиқат болмысты бейнелеуі ретінде қарайды.
Психикалық әрекет жалпы психикалық құбылыстардан, күйлерден және кісілік қасиеттерден тұрады. Бұлардың біртұтастығы организмдің тіршілік іс−әрекетін қамтамасыз етеді. Психикалық әрекеттерге ықылас, түйсік, зерде, эмоция, ойлау, сөйлеу, сана жатады.
Адамның психикалық күйлері: абыржу, қажу, шаршау, жабығу, шабыт, белсенділік түрінде болады.
Адамның психикалық қасиеттері: қабілеті, типтік ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, әлеуметтік бағдары, талаптары, оның санасы арқылы ұйымдастырылады.
Психикалық әрекеттің негізі − қоршаған ортамен организмнің ақиқат арақатынасын сипаттайтын жеке физиологиялық көріністер. Олар біртұтас бірлестірілген өзіндік бейне құрайды.
Психикалық әрекеттің негізі − қоршаған ортамен организмнің ақиқат арақатынасын сипаттайтын жеке физиологиялық көріністер. Олар біртұтас бірлестірілген өзіндік бейне құрайды.
Орталық жүйке жүйесінде болашақ әрекет нәтижесін салыстырғыш, кері байланыс арқылы жеткен оның көрсеткіштерін, белгіленген нышандармен сәйкестігін анықтайды. Мақсаттың орындалған нәтижесіне қарай, жағымды немесе жағымсыз эмоция қалыптасады. Осыған орай әрекет тиылады немесе жаңа шешімдер қабылданады.
Психикалық әрекеттерді физиологиялық, психиологиялық, социологиялық, кибернетикалық, моделдеу, электрофизиологиялық әдістер арқылы зерттейді.