Тақырыбы: Аэрофототүсірілім



Дата07.04.2023
өлшемі162,22 Kb.
#80234
Байланысты:
1 Бригада ЦАФ-20-1 №5 зертханалық жұмыс


Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
МІ және Г кафедрасы
№4 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Аэрофототүсірілім. Дешифрлеу»»
Пәні: Геодезиялық өлшеулердің автоматтандырылған әдістері және лазерлік сканерлеу
Қабылдаған: Размыслова З. Б.
Орындағандар: I бригада
(Қалтаева А. А. Босова А.А.
Мейрамбекұлы Е.
Амангелді М. Е. Жәңгір Ә. Ө.)
Тобы: ЦАФ-20-1
2022
Аэрофотосурет - ұшақтан немесе басқа ұшатын аппараттан алынған жергілікті жердің суретке түсірілген бейнесі. Геометриялық жағынан Аэрофотосурет орталық (немесе басқа) проекциялы болып саналады, оның проекциялау ортасы аэрофотоаппарат объективінің артқы торап нүктесі болады. Аэрофототүсіріс түріне, аэрофототүсіріс жүргізілген аэрофотоаппараттың типіне және Аэрофотосуреттерді келесі өндеуге байланысты аэрофотосуреттердің мынадай атаулары қарасрастырылады.
Аэросуреттерді дешифрлеу дегеніміз ол аэрофотосуреттердің бейнесін зертеп тану арқылы сондағы жеке объектілердің, жер беті элементтерін, олардың сандық пен сапалық қасиеттерін, сипаттамаларын анықтау. Бұл жұмыстар инженерлік ғимараттарды жобалау мен пайдалану кезіндегі техникалық және экономикалық көрсеткіштеріне әсер тигізетін барлық топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық және басқа да элементтер жинауға көмектеседі.
Дешифрлеудің топографиялық және арнаулы түрлері бар. Топографиялық дешифрлеуде жер бетінің ситуациялық жағдайлары мен жер бедері сипатталары, ал арнаулы дешифрлеуде оларға қосымша шаруашылықтық түрлі арнаулы мақсаттарын шешуге қажет жер беті объектілердің және оның элементтерін сипаттайды.
Фотосуреттерді дешифрлеудің нәтижесінде инженерлік құрылысты жобалау аумағындағы қалыптасқан табиғи жағдайларды олардың құрылыстық негізгі көрсеткіштеріне тигезер әсірлерін анықтайды. Дешифрлеу жұмыстарын арнаулы даярланған мамандар жүргізеді.
Инженерлік ғимараттарды аэроізденіс кезінде жер бетінің топографиялық геологиялық және гидрогеологиялық қажеттерін білу үшін арнаулы суреттерді дешифрлеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан олар далалық, камералдық, әуе-камералдық дала-камералдық дешифрлеу жұмыстары болып бөлінеді.

1 – сурет. Белгілі бір аймақтың аэрофотосуреті
Суретте белгілі бір аймақтың аэрофотосуреті берілген. Суреттің батысында биіктігі 5 метрлік қайың ағаштарының шағын орманы орналасқан. Ағаштардың солтүстігінде аздаған көлшік пен оның солтүстігінде орманды-далалы жол созылып жатыр. Ағаштардың оңтүстің бөлігіне келетін болсақ, отқа төзімді құрылыстар оның жанында 2-3 метрлік қарағай ағаштарының қатары өсіп тұр. Ағаш қатарының бойымен орманды-далалы жол кеткен. Одан оңтүстікке қарай жазық егістік далаларының төрт түрі орналасқан. Оларды орманды-далалы жол және қарапайым шөп қатарлары бөліп тұр. Төртінші түрінде, оңтүстігіне қарай бұталар бар.
Аэротүсірістің шығысынан орталық бөлігіне қарай үлкен өзен орналасқан. Өзеннің қатты терең емес. Оны үстінде өсіп тұрған өсімдіктер мен оңтүстік-шығыс бөлігін кесіп өткен жолдан байқаймыз. Өзеннің маңайын түбегейлі ағаштар айнала қоршаған. Оның солтүстік-шығыс бқлігінде демалыс орындары, яғни демалуға арналған үй тектес құрылыстар бар.
Шығыс бөлікке келетін болсақ, солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа дейін отқа төзімді және төзімді емес үй құрылыстары бар. Жалпы, шағын қарапайым ауыл десек те болады. Солтүстік-шығыстағы үйлердің арасына асфальтты жол тартылып, жанынан үлкен асфальтты жол өтсе, оңтүстік-шығыс бөлігіндегі құрылыстардың арасында қарапайым орманды-далалы жолдар өткен. Солтүстік-шығыс бөлігінде тағы да ағаштар және оның жанында екі су қоймасы орналасқан.
Жалпылай келсек, бұл аэрофототүсіріс заманауи дрон аппараымен түрлі-түсті сапада түсірілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет