Жалғастырғыш (ассоциативтік) аймақтар үлкен ми жарты шарларының маңдай, самай, төбе, шүйде бөліктерінде орналасады. Бұл аймақтар импульстерді не сезімтал аймақтардан, не басқа жалғастырғыш аймақтардан қабылап отырады.
Ми қыртысының қозғағыш аймақтары бұлшық ет әрекеттерін басқарады. Олар алдыңгы орталық иірімде және ми қыртысынын медиальдық беткейінде орналасады.
Сопақша ми – ми сабағының (бағанының) маңызды құрылымдарының бірі. Ми сабағы деген атпен сопақша ми, көпір, ортаңғы және аралық ми құрылымдарын біріктіреді. Ми сабағының ішінде тармақталған тор түрінде торлы құрылым, немесе ретикулярлы формация, орналасады.
Адам мен барлық омыртқалы жануарларда сопақша ми жұлынының жалғасы болып табылады, сондықтан онда жұлынға тән қарапайым сегменттік сипат сақталады, Сопақша миға да жұлын тәрізді рефлекстік және өткізгіштік қызмет тән.
Сопақша мида нейрондар шоғырланып, ерекше құрылым – ядролар пайда болады. Ядролар әр түрлі рефлекстік қызметтердің орталығы болып табылады. Сопақша ми жұлын мен өз ядроларынан басталатын ми жүйке тамырлары арқылы дененің барлық бөліктерімен байланысады. Он екі жұп ми жүйке тамырларының сегіз жұбы (V-ХІІ) осы сопақша мидан бастау алады. Олар үштармақ, әкеткіш, беттік, есту, тіл-жұтқыншақ, кезеген, қосымша және бұғақтық (тіл асты) жүйке тамырлары. Сопақша мида тыныс алу, жүрек қызметін реттеу орталықтары, тамыр қозғағыш орталық, көмірсулар алмасуын реттеу, ему, шайнау, сілекей бөлу, жұту, қарын, ұйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, тушкіру рефлекстерінің орталықтары, Дейтерс ядросы және басқа тіршіліктік маңызы зор орталықтар орналасқан. Сонымен қатар, сопақша мида бас еттерінің, көздің, ішкі құлақ шытырмағының (лабиринтінің) афференттік жүйкелерінің орлалықтары орналасады.
Сопақша ми вегетативтік қызметтер мен қаңқа еттері тонусын реттеуге қатысады. Бұлшық ет тонусын реттеуде Дейтерс торшалары маңызды рөл атқарады. Сопақша ми мен ортаңғы ми арасын тіліп, Дейтерс торшаларының қызыл ядромен байланысын үзсе, жануарларда децебрациялық сіреспе (ми сіреспесі) деген атпен белгілі құбылыс байқалады. Мұндай жағдайда жазғыш еттердің тонусы күрт жоғарлайды да, жануарлардың денесі керіліп, аяқтары сіресе жазылады, басы кекшиіп, құйрығы қайқая көтеріледі. Мал қимылдау қабілетінен айырылады. Сопақша мн тонустық рефлекстерді реттей отырып, организмнің қиымыл-әрекетін (жүру, түру) қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады.
Сопақша мидың өткізгіштік қызметінің арқасында мидың жоғары бөлімдері жұлынмен байланысады, шеткі мүшелерге, вегетативтік қызметтерге ықпал етеді. Жұлынның барлық өткізгіш жолдары сопақша ми арқылы өтеді.
Артқы миға көпір мен мишықты жатқызады.
Көпір – негізінен өткізгіштік қызмет атқарады. Ол мидың алдыңғы, соңғы бөлімдері мен мишықты байланыстырады. Көпірдің сұр затында ми жүйкелерінің Ү-ҮІІІ-жұптарының ядролары, торлы құрылым ядролары және көпірдің өзіндік дербес ядролары орналасады. Ми жүйкелерінің сезімтал талшықтарымен көпір дәм сезу рецепторлары мен көз еттері және бас терісінің рецепторларынан сигналдар қабылдап, осы жүйкелердің эфференттік талшықтарымен бассүйек еттерінің қимылдарын реттейді. Көпірдің рефлекстік қызметі сопақша мидың қорғаныстық және қоректік рефлекстерін толықтырып отырады.
Мишық – көпір мен сопақша мидың үстіңгі жағында орналасады. Ол көлемді бүйір бөліктерден – жарты шаралардан, және соларды біріктіретін құртшадан тұрады.
Мишық алдыңғы жол арқылы ортадғы мимен, ортаңғы жол арқылы- көпірмен, артқы жол арқылы- сопақша мимен, ал көпір арқылы үлкен ми жарты шараларымен байланысады. Мишық рецепторлармен және эффекторлармен тікелей байланыс түзбейді, бірақ оған өте көп афференттік импульстер жетіп отырады.
Мишық дене қимылдарының үйлесімі дене кейпш және дененің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның әсерімен бұлшық ет тонусы өзеріп, қимыл-әрекет кезінде жеке ет топтарының жиырылу күші реттелініп, артық, ебетейсіз қимылдар байқалмайды. Мишықты сылып тастаса бұлшық ет тонусы бұзылады (атония), қимыл үйлесімдігі, атқарылатын қимыл мен бұлшық еттің жиырылу күшігін арасындағы сәйкестік бұзылады (атаксия), теңселмелі қимылдар пайда болады (астазия), бұлшық еттердің жиырылуындағы үйлесімдік бұзылады (асинергия),организм тез қажиды, әлжуазыдық байқалады (астения). Мишық организмнің вегетативтік қызметіне де әсер етеді. Мишықты тітіркендіргенде көздің қарашығы үлкейіп, артерия қысымын жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, бұлшық етте биохимиялық қалыптастыру процесі күшейеді. Мишықты алып тастаса қорыту жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек сөлінің бөлінуі азаяды, қуат шығыны артады, бұлшық еттің нәрлену процесі бұзылады. Осыдан мишықта сипатикалық және парасимпатикалық нервтену орталығы орналасады деген болжам жасалған.
Филогенез процесінде мишықтың дамуы ауырлықты жеңу және кеңістікте қозғалу сияқты рефлекторлық реакциялармен байланысты жүреді. Ең бірінші рет мишық дөңгелек ауыздыларда байқалады, себебі онда денетеңдігін сақтауға арналған вестибулярлық аппарат бар. Олардың мишығын ертедегі мишық деп атады. Кейін шеміршекті және сүйекті балықтарда жүзгіш аяқтарының пайда болуына байланысты антогонист бұлшықеп тердің кезек жиырылуы маңыз ала бастады. Осыған сәйкес дененің кеңістіктегі қалпын хабарлайтын проприорецепторлық импульстердің мәні де артты. Енді артқы нида вестибулярлық аппараттан басқа, бұлшықеттерден, буындардан, сіңірлерден импульстер алатын нерв клеткаларының жиынтықтары дамып жетіледі. Олар өсе келе ескі мишыққа айналады. Түрлі рецепторлардан шығатын импульстерге организмнің қайтаратын жауан реакцияларында рефлекторлық аппарат ретінде көп рол атқаратын ортаңғы мидыңдамуымен байланысты, ескі мишықтың орта бөлімінен жаңа облыс пайда болды. Ол ортаңғы ми мен ми бағының басқа да алдыңғы бөлімдерінен импульстер қабылдайды. Рептилияларда (бауырымен жорғалаушыларда) жақсы байқалатын бұлжаңа бөлім сүтқоректілерде одан әрі дамыды. Мишық жан-жағынан күшті өсіп, одан бүйір жарты шарлары пайда болды. Бұлар оның ең негізгі массасы болып табылады және ми қыртысының импульстер алады.
Аралық ми – көру төмпегі – таламус, төмпек асты аймақ – гипоталамус, және төмпектің үстіңгі қосалқысы – эпиталамус атты құрылымдардан тұрады (48-сурет).