Тақырыбы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы және оның саяси бағалануы



бет1/5
Дата29.09.2023
өлшемі4,41 Mb.
#111452
  1   2   3   4   5
Байланысты:
6-сабақ

Тақырыбы

Алматыдағы желтоқсан оқиғасы және оның саяси бағалануы.

ОРЫНДАҒАН:Алтынбек.Қ,Мейіржан.Т,А.Мұхаммедәли,

С.Нұрсаид,Е.Абылай.

Жоспары:

“1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті.” Н.Ә.Назарбаев

Желтоқсан қозғалысын Д.А. Қонаевты бірінші хатшы қызметінен босатқан Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің (ОК) 1986 ж. 16 желтоқсандағы Пленумы тұтандырды. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған Д.А.Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин тағайындалды.

Мұндай шұғыл шешім радио арқылы 16 желтоқсанда, сағат 15.00-де хабарланды. Сол күннің кешінде қалалық Ішкі істер басқармасы мен республика Мемлекет қауіпсіздігі комитетіне (МҚК) жергілікті халық өкілдері арасындағы Пленум шешіміне көңіл толмаушылық туралы хабарлар түсті. Қаладағы жағдай мазасыз деп бағаланды. Әсіресе, студент және жұмысшы жатақханаларында қызу талқылау жүріп жатты.

Желтоқсанның 17-сі күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталып, кейінірек ол республиканың басқа да қалаларына тарады. Г.В. Колбиннің республиканың жоғары басшылығына тағайындалуы толқу үшін сылтау ғана еді. Наразылыққа жылдар бойы қордланған себептер түрткі болды. Халықты ашындырған Орталықтың дәстүрлі өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық принциптер арасындағы қарама-қайшылықтар еді. Брежнев атындағы алаңға жиналған дені студенттер мен жұмысшы жастар орталықтың кадр саясатын жүргізуіндегі өктемдігіне наразылық білдірді. Олар ұлт саясатының өмірлік іс жүзінде дұрыс жүргізілуін, республиканың егемендігін сыйлауды, ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз етуді, жергілікті халық арасынан саяси қайраткерлердің шығуына кедергі келтірмеуді, кадр саясатын әділ жүргізуді және т.б. талап етті. Бұл талаптар қазақ және орыс тілдерінде жазылған: “Советтік Қазақстан жасасын!”, “Біз, қазақ ежелден еркіндік аңсаған!”, “Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!”, “Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!”, “Әр республиканы өз көсемі басқарсын!” – деген жастар алып шыққан түбегейлі көкейтесті ұрандар былай алып қарағанда марксизм-ленинизм қағидаларынан тұрған еді. Желтоқсан қозғалысы 3 күнге созылды




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет