Қан жүрекшеден қарынша артерия қантамырларына қарай ағады. Қантамырлар: артериялар (салатамырлар), веналар (көктамырлар) және капиллярлар (қылтамырлар) деп 3 топқа бөлінеді.
Адам денесінде қантамырлар үлкен және кіші қанайналым шеңберін түзеді.
Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Қан ұсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.
2-кесте
Үлкен қанайналым шеңбері —> жүректің сол жақ қарыншасынан басталып —> дене жасушаларына қан таратады —> жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады. Үлкен қанайналу шеңбері деп аталу себебі - қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке келеді.