Тақырыбы: Қан айналу тақырыбынан сабақ жүйесі Білім берушілік мақсаты


Қан жүрекшеден қарынша артерия қантамырларына қарай ағады



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі49,96 Kb.
#14405
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Анваров.Н.Р

Қан жүрекшеден қарынша артерия қантамырларына қарай ағады.
Қантамырлар: артериялар (салатамырлар), веналар (көктамырлар) және капиллярлар (қылтамырлар) деп 3 топқа бөлінеді.

1-кесте.


Артериялар

веналар

капиллярлар

Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады

Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды

Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады


3.Жаңа сабақ түсіндіру

. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері

Адам денесінде қантамырлар үлкен және кіші қанайналым шеңберін түзеді.



Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Қан ұсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.

2-кесте


Үлкен қанайналым шеңбері —> жүректің сол жақ қарыншасынан басталып —> дене жасушаларына қан таратады —> жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады. Үлкен қанайналу шеңбері деп аталу себебі - қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет