Тақырыбы: Қан түзу жүйесі ауруларының зертханалық аспаптық диагностика әдістері


Сүйек миын, көк бауырды, лимфа түйіндерін зерттеу



бет5/6
Дата29.03.2023
өлшемі0,62 Mb.
#77213
1   2   3   4   5   6

Сүйек миын, көк бауырды, лимфа түйіндерін зерттеу

Стернальды пункция - төс сүйегіне пункция жасап, сүйек миын зерттеуге алу. Алынған сүйек миынан жағынды дайындап, Романовский-Гимзе бойынша бояп, сосын клеткаларды санап зерттейді,, қорытындысы миелограмма деп аталады.

Трепанобиопсия - бұл жамбас (мықын) сүйегіне пункция жасау. Әрі қарай дәл стернальды пункциядағыдай клеткаларды зерттейді. Бұл әдіс стернальды пункциядан анағұрлым толық мәлімет береді.

Көк бауырдың пукциясы лимфогранулематозды , лимфоманы, лимфосаркоманы, эритремияны, созылмалы миелолейкозды және т.б. ауруларды анықтауға көмектеседі.

Радиоизотоптық зерттеу

Көк бауырды сканерлеу кезінде науқастың өзінің эритроциттерін радиоактивті хроммен немесе алтынының коллоидты ерітіндісімен белгілеп, қанға енгіземіз. Бұл әдіспен талақтың өлшемдерін және зақымдану ошақтарын анықтауға болады.

Цитохимиялық әдіспен лейкоциттерді зерттеу. Бұл әдіс ісік клеткаларын анықтауда қолданылады. Науқатардың қанын лейкоциттердің құрамындағы пероксидазаны, сілтілік фосфотазаны, эстеразаны анықтайды.

Цитогенетикалық зерттеу әдісімен клеткалардың хромосомасының морфологиялық немесе сандық ауытқуларын табады.

Лимфа түйіндерінің УДЗ

  • УДЗ зерттеу 10-40 минут өтеді.
  • Мойындық лимфа түйіндерін зерттеу– фарингит, тонзиллит, ларингит, ангинаны анықтай аламыз;
  • Шап аймағының түйіндерін УДЗ зерттеуі – шап аймағында қатаю, іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, аяқ ісінулерінде өткізіледі.
  • Қолтық асты түйіндері – қолтық астында ауырсынуларда, қатаюлар пайда болғанда, бас ауыру кезінде өткізеді.
  • Перифериялық лифатүйіндері–перифериялық лимфатүйіндерінің ұлғаюы кезінде қабынуларда, онкологиялық аурулард тексеріледі.
  • Лимфа түйіндерінің УДЗ зерттеуі кезінде дәрігер түйіндердің локализациясын, санын, пішінін, структурасын қарайды. Көлемі жасқа байланысты 5 до 50 мм дейін өзгереді.Формасы қасында орналасқанмүшелерге байланысты болады. Формасы әртүрлі болуы мүмкін: доңгелек, сопақша, кәрілік кезде лента тәрізді болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет