Клиникада қанды морфологиялық зерттеу кеңінен қолданылады. Бұл тәсілмен қанның пішіндік элементтерінің сандық және сапалық жағдайын бағалайды: эритроциттердің саны мен оның құрамындағы гемолабин мөлшерін, лейкоциттердің жалпы саны мен әр түрлі пішіндерінің өзара қатынасын, тромбоциттердің санын анықтайды

Қан алу.
Қан сол қолдың төртінші саусағынан немесе шынтақ венасынан алынады. Ол үшін қанды бір рет қана қолданылатын скарификатор – инелермен алу міндетті. Спиртпен , кейін эфирмен сүртіп дайындап, саусақтың басын жұмсақ жерінен теседі. Алғашқы қан тамшысын құрғақ мақтамен сүртіп тастайды.
Гемоглобин.
Ер адамдарда 130-160 г/л, әйелдерде 120-140 г/л Гемоглобин (Hb) –бұл оттегі тасымалдауға қабілеті бар, темір атомы бар белок (ақуыз). Гемоглобин эритроциттерде болады. Гемоглобин өлшем бірлігі грамм/литр. Гемоглобин деңгейі қалыпты болу ағза үшін маңызды, себебі гемоглобин жетіспеу кезінде ағзада оттегі жетіспеушілігі байқалады.