12.Жанайым: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болсын анашым!
13.Алина: Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды силаймын.
14.Бату: Мәпелеп мені өсірген,
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
15.Қарақат: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!
16.Диар:Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп демалам!
Құшағыңа қысылмай!
Тәрбиеші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» — деп бекер айтылмаған. Келесі биіміз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Би: Бабушки. Би: «Жүректен жүрекке»
Тәрбиеші: Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім — дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған — анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Тәрбиеші: Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Аналар-асыл жандар!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!