Тақырыбы: Аналар – асыл жандар! Мақсаты



бет1/3
Дата10.04.2023
өлшемі22,47 Kb.
#80867
  1   2   3
Байланысты:
аналар асыл жандар


Тақырыбы: Аналар – асыл жандар!
Мақсаты: 
мерекелік көңіл-күйін құру;ән айту және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ашық көрсетілім өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б
Тәрбиеші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Аналар – асыл жандар» — атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Балалар хормен:
— Құттықтаймыз анашым, 8-ші наурызыңызбен!
Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық, -дей келе балалардың орындауында «Ана деп ән салам!» әнін қабыл алыңыздар.
Хор: «Ана деп ән салам!» 

Тәрбиеші:
— «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
1.Жанали: 8 наурыз келді,
Шаттық сезім әкелді.
Қуанышты күнде енді,
Құттықтаймыз сіздерді!


2.Ерке: Адал бол деп балдырған,
Әділдікке баулыған.
Жүрегінде махаббат,
Анамызға мың алғыс!


3.Алтынай: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Аналарға силаймыз!


4.Аяна: Бізді өсірген анашым,
Еңбегіңде зор екен.
Құтты болсын анашым,
Құтты болсын мерекең!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет