Тақырыбы: «Ферменттердің белсенділігіне әртүрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу».
Мақсаты: сілекейдегі амилаза мысалында асқорытатын ферменттердің болуына көз жеткізу.
Құрал-жабдықтар:крахмал, йод, термостат(тар) немесе ыстық (55-60 С), жылы (36-37,5 С), суық (мұз салынған) суы бар термос, лимон қышқылы, ас содасы, сағат, су термометрі, сынауықтар және химиялық стақандар жиыны.
№
Жұмыс барысы
Оқушының жұмыс нәтижесі (қорытындысы)
1
Сынауықтарға (6дана) 2-3 миллиметрден бөлме температурасындағы таза су құяды.
2
Сынауықтарды екі (№1 және №2) тұғырға (штатив) бөледі, себебі оның үшеуі сутектік көрсеткіштің pH фермент белсенділігіне әсерін, ал үшеуі температура әсерін анықтау үшін қолданылады. Әрбір тұғырдағы сынауықтарды нөмірлеу керек.
3
Жұмысты кез-келген тұғырдан бастауға болады. pH әсерін анықтау үшін №1 сынауыққа аздаған лимон қышқылын (5-6 тамшы немесе аздаған ұнтағын,) №2 сынауыққа шамалы ас содасын (5-6 тамшы немесе аздаған ұнтағын) қосады, №3 сынауықты өзгеріссіз қалдырады (бақылау үшін).
4
Үш сынауыққа да 2мл крахмал ерітіндісін және шамамен 2-3 мл сілекей (бір адамның) құяды.
5
Барлық сынауықты 37 С- тағы термостатқа қояды немесе жылы суға салады да, 36-38 С температураны 5минут бойы сақтайды.
6
Сынауықтарға йод құйып, шыны таяқшамен араластырады.
7
Өзгерістерді бақылап, деректерді кестеге жазады.
8
Осындай жұмысты екінші тұғырдағы сынауықтармен де жасау керек. Әрбір сынауыққа бір уақытта бірдей мөлшерде крахмал мен сілекей құяды.
9
Сынауықтарды 3-5 минут әртүрлі температуралық жағдайға қояды:№ 1 сынауықты мұз салынған суық су,№ 2 сынауықты ыстық суы (55-60 С),№ 3 сынауықты 37С (36-38 С) жылы суы бар термостатқа қояды немесе жылы суға салады.
10
Сынауықтарға йод құйып, шыны таяқшамен араластырады.