Тақырыбы: Антигентаныстарушы жасушалар,олардың иммундық жауап реттеудегі маңызы


Антигентаныстырушы жасушалар Дендритті жасушаның антигенді таныстыруы



бет3/3
Дата03.04.2023
өлшемі0,94 Mb.
#78614
1   2   3
Байланысты:
Антигентаныстырушы жасушалар, олардың иммундық жауап реттеудегі маңызы

Антигентаныстырушы жасушалар

Дендритті жасушаның антигенді таныстыруы

Т-хелперлер

  • Т-хелперлерде (Th − helper сөзінен − көмекші) Т-жасушалық рецептор және СД4 корецепторы болады, олар антигентаныстырушы жасушалардың антигенді пептид+МНСІІ кешенін тануға қатысады. Нөлдік Т-хелпер әртүрлі факторлар әсерінен Тһ1 және Тһ2-ге дифференциацияланады. Тһ1-лимфоциттер жасушалық иммунитеттің ынталануына, ал Тһ2-лимфоциттері гуморалды иммунитеттің ынталануына жауап береді.

Т-лимфоциттер

  • Цитоуытты Т-лимфоциттердің (ЦТЛ, СТL, немесе Т-жендеттер) Т-жасушалық рецептор (TcR) және СД8 корецепторы болады. Олар антигентаныстырушы жасушалардың антигенді пептид+МНСІ кешенін тануға қатысады. Белсендірілген, сараланған цитоуыттық Т-лимфоциттер нысана−жасушалармен байланысып, перфорин, гранзимдер, Ғаs-рецепторлар (СД95) және ісік некроздаушы факторлардың қатысуымен олардың өліміне әкеледі

Иммундық жауап: гуморалды, жасушалық

  • Иммундық жауап дентритті жасушалардың, макрофагтардың, Т- және В-лимфоциттердің, цитокиндердің әсерлесулерінің нәтижесінде дамиды. Гуморалды және жасушалық иммундық жауап деп ажыратылады.
  • Иммундық жауап кезінде жасушалар мембраналармен жасушааралық жанасу және цитокиндердің көмегімен әсерлеседі. Жасушааралық адгезия молекулаларының келесі түрлері ажыратылады: селектиндер, қантамырлардың муцин тәрізді адресиндері, интегриндер, кодгериндер, хомингті рецепторлар және иммуноглобулиндердің суперотбасына жататын молекулалары.

Гуморалды иммундық жауап

  • Гуморалды иммундық жауап (антидене пайда болуы) гуморалды иммундық жауаптың негізі болып В-лимфоциттердің белсенуі және олардың антидене тудыратын плазмалық жасушаларға − плазмоциттерге саралануы.
  • В-лимфоциттердің иммуноглобулиндік рецепторы (BcR) антигенді танып, жасуша оны жұтып қояды. Процессингтен кейін (жұтылған антигенді төменмолекулалы пептидтерге дейін бөлшектейді және оларды ІІ класты МНС ішіне орналастырады) В-лимфоциттер пайда болған кешенді ТҺ2-хелперлерге ұсынады

Жасушалық иммундық жауап

  • Жасушалық иммундық жауапта ТҺ1-хелперлер СД4+ және цитоуытты Т-лимфоциттер (ЦТЛ) СД8+ қатысады. Антигентаныстырушы жасушалар, әдетте дендритті жасушалар жұтылған микробтық антигендердің процессингінен кейін цитоуытты Т-лимфоциттерге І класты МНС кешенімен бірге микробты пептидтерді таныстырады. Цитоуытты Т-лимфоциттер антигентаныстырушы ТсR рецепторы және СД8 корецепторы арқылы микробты пептидті және І класты МНС таниды (қосарланған тану). Бұл әрекеттесу Т-лимфоциттің СД28-молекуласымен және дендритті жасушаның СД80-молекуласымен тұрақтанады. ИЛ2 әсерінен ЦУЛ-дің пролиферациясы жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет