Компьютерлік жүйелердің архитектурасы
ЭЕМ құрылысы – деп сәйкес есептер класстарын шығару үшін, ЭЕМ-нің функционалдық мүмкіндіктерін анықтайтын, аппаратты-бағдарламалық құралдар мен олардың сипаттамаларын ұйымдастырудың жалпы принциптерінің жиынтығын айтады. ЭЕМ құрылысы апараттық және бағдарламалық құралдар комплексін құру және көптеген факторларға көңіл қоюмен байланысты кең ауқымды мәселелерді қамтиды. Осы факторлар ішіндегі маңыздылары: бағасы, қолдану саласы, функционалдық мүмкіндіктері, пайдалануға ыңғайлылығы, ал құрылысының ең басты компоненттерінің бірі – аппараттық құралдар болып табылады. ЭЕМ құрылысының компоненттерін келесі суреттегідей көрсетуге болады.
Кең таралған архитектуралар:
1. Классикалық архитектура (Фон-нейманның архитектурасы) – берілгендер ағыны өтетін бір құрылғы (АЛҚ) және команда ағыны – программа өтетін бір басқару құрылғысы (БҚ). Бұл бірпроцессорлы компьютер деп аталады. Осы типке ДК құрылғысы жатады. Ондағы барлық функционалдық бөліктер бір-бірімен жүйелік магистраль деп аталатын ортақ шинамен байланысқан. Магистраль – электронды схеманы қосатын ұяшықтардан тұратын өткізгіштік линия.
Адрестер шинасы, берілгендер шинасы, басқару шинасы – магистральдік алмастыру бірлігінің топтары, шеткері құрылғылар (принтер) компьютердің аппаратурасына контроллер арқылы қосылады.
Контроллер – шеткері бұйымдар немесе каналдар қатынасын орталық процессормен байланыстыратын құрылғы.
2. Көппроцессорлы архитектура. Компьютерде бірнеше процессор болғандықтан, ол бір жұмыстың бірнеше фрагментін параллель орындай алады. Осындай машинаның құрылысы жалпы жедел жад немесе бірнеше процессордан тұрады.
Көпмашиналы есептеу жүйесі. Есептеу жүйесіне кіретін бірнеше процессорларда жалпы жад емес, әрбіреуінде жеке жад болады. Әрбір компьютерде көпмашиналы жүйеде классикалық құрылыс болады және осындай жүйе өте көп қолданылады.
3. Параллельді процессорлар архитектурасы. Мұнда бірнеше АЛҚ-лар бір БҚ-ның басқаруымен жұмыс істейді, яғни көптеген деректер бір бағдарламамен (бір команда ағынымен) өңделуі мүмкін. Осындай құрылыстың өте жылдам жұмыс істеуін біз тек қана есептерді шығаруда қолдана аламыз.
Дербес компьютер (ДК) құрамында деректерді өңдеу үрдісін қамтамасыз ететін арнайы функцияларды орындайтын түрлі бөліктері бар. Бұл бөліктерді орталық және шеткері (перифериялық) құрылғылар деп атайды.
Компьютердің перифериялық құрылғыларының қызметі өте күрделі, бірақ та соның ішінде екі негізгісін атап өтуге болады: ақпараттарды түрлі мәлімет жинақтауышта сақтау және сыртқы құрылғының атқаратын функциясына сәйкес өңдеу. Компьютердің перифериялық құрылғылары ретінде сыртқы жадты және енгізу-шығару құрылғыларын қабылдайды.
Ақпарат пен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғылар болып пернелік тақта, тышқан және сканер және т.б. есептеледі.
Ақпараттарды ДК-ден шығарушы құрылғылар: принтер, график сызғыштар, плоттерлер.
Визуалды ақпараттарды (текст, сандар, грфикалық ақпараттар және т.б.) бейнелейтін құрылғы: дисплей немесе монитор.
ДК-дің барлық функционалдық құрылғылары арасындағы байланыс интерфейс арқылы орнатылады. Интерфейс дегеніміз-осы құрылғыларды бір ережеге негіздеп байланыстыратын тәсілдер мен әрекетер жиыны.
Процессорды шеткері құрылғылармен байланыстыру арнайы құрылғы адаптер арқылы жүзеге асады. Осы арналар арқылы ДК-дің жеке бөліктерінің арасында ақпарат алмасу үрдісі іске асады. ДК құрылғыларының өзара әсерлесу мүмкіндігін қамтамасыз етуші жалпы арна – жүйелік шина деп аталады.
Компьютерлердің негізгі ерекшелігі ретінде оның “ашық архитектура” принципін айтуға болады, яғни компьютер бір тұтас монолит емес, жеке бөліктер мен түйіндерден тұрады. Компьютердің кез келген түйінін басқалармен алмастыруға, қосымша түйіндерді жалғастыруға болады.
Дербес компьютердің құрылымдық схемасы. Компьютер құрылысы әрекет ету принціпін, ақпараттық байланысты және компьютердің негізгі логикалық түйіндерін анықтайды, оларға мыналар жатады: орталық процессор; негізгі жады; сыртқы жады; шеткері құрылғылар;
Конструкторлық тұрғыдан дербес компьютер жүйелік блок түрінде болады, оған арнайы қосқыштар арқылы басқа құрылғылар жалғанады. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылар ішкі құрылғылар деп, ал жүйелік блоктан тыс сыртындағы құрылғылар – сыртқы (шеткері - перифериялық) құрылғылар деп аталады.
Жүйелік блок ішіне компьютердің әр түрлі құрылғылары орналасатын металл қорапшадан тұрады.
Формасы бойынша корпус түрлері мынадай болады:
Desktop – жазық корпус (көлденеңінен орналасатын),
Tower – бағана түріндегі (тігінен орналасатын).
Корпустың алдыңғы жағында Power – іске қосу, Reset – Қайта қосу, қоректену және ДК жұмысының индикаторлар батырмалары болады.
Жүйелік блокта компьютердің негізгі түйіндері орналасады:
қоректену блогы;
аналық плата;
қатты магниттік дискідегі жинақтауыш;
оптикалық дискідегі жинақтауыш;
оперативтик жады;
бейне карта;
қосымша құрылғыларға арналған қосқыштар.
Достарыңызбен бөлісу: |