Тақырыбы: Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар



бет7/7
Дата05.09.2023
өлшемі39,1 Kb.
#106181
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция 1.docx AKT

Қоректену блогы компьютердің электрондық схемалары үшін желідегі электр қорегін төмен кернеулі тұрақты токқа түрлендіреді. Қоректену блогы желілік айнымалы 220 В, 50 Гц (120 В, 60 Гц) кернеуін тұрақты +3,3, +5 және +12 В кернеуіне түрлендіреді. Цифрлық схемаларды (жүйелік платаны, адаптерлер платасын) қоректендіру үшін +3,3 немесе +5 В кернеу, ал двигательдер үшін (дисководтар және әр түрлі желдеткіштер үшін) – +12 В кернеу қолданылады.

Микропроцессорлық жиынтық (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиынтығы. Аналық платаның негізгі қызметтік мүмкіндіктерін анықтайды.

Шиналар – компьютердің ішкі құрылғылары арасындағы сигналдармен алмасу орындалатын өткізгіштер жиынтығы.

Жедел (оперативті) жады (жедел есте сақтау құрылғысы, ЖСҚ-ОЗУ) – мәліметтерді уақытша сақтау үшін арналған микросхемалар жиынтығы.

ТСҚ (ПЗУ) (тұрақты есте сақтау құрылғысы) – мәліметтерді ұзақ уақытқа дейін (компьютер сөндірілген кезде де) сақтау үшін арналған микросхема.

Тактілік импульстер генераторы – жиілігі компьютердің тактілік жиілігін беретін электрлік символдардың тізбегін генерациялайды. Көрші импульстар арасындағы уақыт ағымы машина жұмысының тактісін анықтайды.

Таймер – ағымдағы уақытты автоматты түрде түсіріп алуды қамтамасыз ететін, машина ішіндегі электрондық сағат. Таймер автономды қорек көзіне қосылады және компьютерді желіден сөндіргенде де жұмысын жалғастыра береді.
Кэш-жады. Процессор ішіндегі мәлімет алмасу процессор мен жедел жады арасындағы мәлімет алмасуға қарағанда әлдеқайда жылдам орындалады. Сондықтан жедел жадыға жету санын азайту үшін процессор ішінде жедел жадыдан жоғары немесе кэш-жады болады. Процессорға мәліметтер керек болған жағдайда ол алдымен кэш-жадыға көңіл бөледі, егер онда қажетті мәліметтер болмаса, жедел жадыға ауысады.

Кэш – бағдарлама кодын және мәліметтерді уақытша сақтауға арналған жылдам әрекет жасайтын жады. Ол баяу жұмыс жасайтын жедел жадыдағы мәліметтерді алу уақытын азайту үшін керек. Онда процессорға жылдам берілетін мәліметтер сақталады. Кэш-жады бірінші және екінші деңгейдегі болады және ол процессорда немесе жүйелік платада орналасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет