Тақырыбы:Апорт деген тәтті алма Мақсаты:Балаларға алма туралы түсінік беру.Түстерді ажырата білуге үйрету.Тілін дамыту, көріп тану ,ұсақ маториканы пайдалана отырып саусақ бұлшық еттерін дамыту.Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті.Қане,балалар қонақтармен амандасып алайық.
Сәлем дейміз –Алтын күн!
Сәлем дейміз-Жер Ана!
Сәлем дейміз-баршаға!
Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі.
Балалар: Көктем мезгілі
Тәрбиеші:Көктем мезгілінде ауарайы қандай болады
Балалар:Жылы болады
Тәрбиеші:Көктем мезгілінде жерге не өседі
Балалар:Жерге шөптер, гүлдер,ағаштар жапырақ ашады гүлдейді
Тәрбиеші: Сендерге көктем мезгілі ұнайды ма
Балалар:Ия ұнайды
Тәрбиеші:Ал жаз мезгілі ше
Балалар:Ия ұнайды
Тәрбиеші:Олай болса балалар барлығымыз жаз мезгілінем саяхатқа шығайық.
Қане, барлығымыз поездға отырайық.Қараңдаршы балалаар алма баққа келіп қалыппыз.Алма тәтті жеміс. Алма ағаштың бұтақтарында өседі,ағаштағы алмалардың түсі қызыл,сары,жасыл болады.Балалар бұтақтардағы алма ларды жұлып тастауға болады ма
Балалар:Жоқ болмайды .
Тәрбиеші:Балалар алма ағашы тірі табиғатқа жатады.Алма ағашын өсіру үшін топырақ,күннің көзі және су қажет.
Тосын сәт:
Сәлеметтсіңдер ме, балалар? Мен апорт алмасы боламын .Сендер алмадан дәм татқыларың келе ме
Балалар: Ия
Апорт:Олай болса балалар сендер маған алма туралы тақпақтар айтып беріндер.
Айару.Алма ағаштан үзіліп,
Сегіз алмам сарғайды
Сарғайған алмаларға
Әлде кімдер арбайды
Шоқан:Алма, алма, көп алма,
Қызыл,жасыл,көк алма.
Теріп,теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Көркем:Ауладағы бау бақша,
Алма ағашын баптадым
Майдандағы ағама
Сегіз алма сақтадым.
Нұрсәт:Нарттай қызыл алмам бар
Мәз болады алғандар
Жазда әдемі киінем
Тілді балдай үйірем.
Апорт:Жарайсыңдар балалар!Менің екінші тапсырмам –ағаштағы алмаларды себетке жинап беріңдер.
Айзере мен Бақдәулет:
Апорт:Керемет балалар,сендер өте білімді,зейінді балалар екенсіңдер.Сендерге мен алмамнан тарту етейін.
Тәрбиеші:Рахмет саған апорт алмасы .Балалар енді топқа қайтатын кез келді.Алманы топқа барып дәм татармыз.
Сергіту сәті: «Апорт деген тәтті алма»-өлеңімен топқа қайтады.
Тәрбиеші:Балалар сендерге Апорт алмасы ұнады ма?
Балалар: Иә ұнады!
Тәрбиеші: Біз жаз мезгіліне барып,демалып қалдық иә балалар.Олай болса шығармашылық орталығына барайық:
І Орталық:
Дәстүрден тыс бастырып,сурет салу әдісі.Алманы ортасынан бөліп,бояуға батырып ,ақ қағаздың бетіне бастырып алманың суретін салу.
ІІ Орталық:
Түрлі түсті боялған тұзбен, желім арқылы алманың суретін жабыстыру.
ІІІ Орталық:
Дайын алма ағашына құлақ тазалайтынымен,бояу арқылы алманы бастыру.
ІV Орталық:
Флипчарт бағдарламасы арқылы алманы түске бояу.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар!Ойын ойнаймыз ба?
Балалар:Ия
Тәрбиеші:Олай болса алдымызда тұрған алма ағашына алмаларды іліп шығамыз.
Дидактикалық ойын:Алма жинау.
Шарты:Балалар кезекпен келіп,түсіне қарай алмаларды ағашқа ілу.Түсін,пішінін ажыратып атау.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар, дұрыс айтасыңдар.Балалар біз қайда саяхатқа бардық?
Балалар: Жаз мезгіліне.
Тәрбиеші:Ол жақта нені кездестірдік?
Балалар:Алма бағын
Тәрбиеші:Алманың түстерін айтыңдаршы?
Балалар: Қызыл,сары,жасыл
Тәрбиеші:Жарайсыңда, балалар!Барлықтарың жақсы жауап бердіңдер.
Мақтап,мадақтау!
Балалар енді осымен оқу қызметіміз аяқталды.Келген қонақтарға сыйлығымызды тарту етейік.Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін,меніңде сендерге сыйлығым бар.Балаларға алма беру.
Тақырыбы: « Біз шыныққан баламыз.» Мақсаты:Үйлесімді кимыл-қозғалыстарды шапшаң, дұрыс орындауға үйрету. Балалардың кимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту. Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.
I-бөлім Жалпы сапқа тұру, түзелу, сәлемдесу.Бірінің артынан бірі жүру, өкшемен, аяқтың ұшымен жүру. Адымдап жүру, тізені бүгіп отырып жүру, жүру, жүгіру, жәй жүру.
II-бөлім Шаттық шеңбері
Жұмбақ жасыру
Кілемнің түстеріндей жүндері бар
Айбатты жан шыдамас үндері бар
Шаршы бой,сұлу құйрық,қысқа құлақ
Кететін зиян қылып бір жері бар
(Барыс)
Жалпы дамыту жаттығулары
1.Б.қ. өкше түйістірілген, қол түсірілген. Қолды алға, жоғары созу,жанымен түсіру.б.қ оралу
2.Б.қ. өкше түйістірілген, қол төмен түсірілген. Екі қолды алға-артқа сермеу.б.қ. оралу
3.Б.қ. Аяқты алшақтатып,Қолды алға ұстап, отырып тұру. б.қ. оралу
4.Б.қ. қолды белге қойып, тізерлеп тұру,оңға, солға бұрылу, оң қол саусақтарын сол аяқтың ұшына тигізу.б.қ оралу
5.Б.қ. аяқты алшақтатып, қол белде, еңкейіп тізені алақанмен ұру, түзеліп б.қ. оралу.
6.Б.қ. аяқ сәл алшақтатылған, қол белде орнында тұрып жүрумен кезектестіріп, екі аяқпен бір орында секіру.
III-бөлім Негізгі қимылдар
Арқан бойымен секіру
Гимнастикалық орындық үстінде еңбектеп жүру
Сап түзеп жүру, еркін жүру, жылдам жүру
Қимылды ойын
«Батпақтағы бақалар»
Мақсаты: Екі аяқпен секіруге жаттықтыру.
Ойынның шарты: Алаңқайдың ортасына жуан арқанды шеңбер тәрізді етіп қояды.Балалардың бір бөлігі шеңбердің шетіне орналасады.Мұғалім балалармен бірге келесі өлең жолдарын айтады:
Секіреді бақалар
Бақылдайды бақалар
Ба-бақ, бақ-бақ, бақ-бақ-бақ
Секіреді бақалар
Шеңбердің шетіне орналасқан балалар «бақаға» ұқсап, секіре бастайды. Өлең айтып болған соң, қалған балалар шапалақ ұрады, бақалар арқаннан аттап, шалшыққа секіріп кіреді.
Сапта тізбектеліп еркін жүру, жылдам жүру, еркін жіру. Тыныс алу жаттығулары.
Қорытынды.