Тақырыбы: қарапайымдылар типінің паразитарлық өсінділерінің эпидемиологиялық маңызы. Саркодтар



Pdf көрінісі
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#71313
Байланысты:
Презентация (15)



Тақырыбы: қарапайымдылар типінің
паразитарлық өсінділерінің
эпидемиологиялық маңызы. Саркодтар
класының биологиясы потогенді әсері
диагностикасы және алдын алу шаралары
Қабылдаған: Нургазина Гулим
Сергазыевна
Орындаған: Тлеубай Бибіжан,Тілепбай
Дамеля П22-010



Қарапайымдылар – бір жасушалы, 
өте ұсақ, микроскоп арқылы
көрінетін жәндіктер. 
Морфологиялық жағынан
қарағанда қарапайымдылар бір
жасушалы формалар, ал тіршілік
қасиеттері жағынан алғанда
дербес өмір сүретін жеке
организм, тірі организмге тән
зат алмасу, қозғалу, тітіркену, 
ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр
шығару, тыныс алу, даму т. Б. 
қызметтерін атқарады. 
Қарапайымдылардың
клеткасының пішіні және
мөлшері алуан түрлі болады. 
Олардың мөлшері 3-4 микроннан
бірнеше миллиметр шамасында
болады.



Қарапайымдылар қозғалу тәсілі мен көбею
ерекшеліктеріне байланысты 7 класқа бөлінеді. Біз
көбінесе солардың 4 класын қарастырамыз. Олар:

1. Саркодиналар класы (жалғанаяқтылар) (Sarcodinа);

2. Талшықтылар класы (Ғlаgеllаtа);

3. Споралылар класы (Sроrоzоа);

4. Инфузориялар класы (кірпікшелілер) (Infusоrіа)




Саркодиналар класына 10000-ға жуық түрлер жатады; олар
негізінен теңіздерде, тұщы суларда және топырақтарда
кездеседі. Бұлар – ең қарапайым жануарлар. Олардың денесі бір
ғана жасушадан тұрады, цитоплазмасы жіктелмеген, бір
немесе бірнеше ядролары болады Саркодиналарда қабықша
(пелликула) болмайды, сондықтан олардың денесінде тұрақты
пішін жоқ. Грекше берілген «саркос» сөзі «плазма» дегенді
білдіреді. («Плазма» дегеніміз қоймалжың сұйықтық немесе
жасуша ішіндегі цитоплазма.) Сондықтан саркодиналар класын
«плазмалылар» деп атайды.. Дене пішіні түрақсыз, козғалу
органоидтары болып жалған аяқтары саналынады. Жалған
аяқтары қозғалу мен қатар жемтікті қармау қызметін де 
атқарады. Ауыз қуысы болмайды, жасушаға заттардың енуі
және жасушадан заттардың сыртқа шығарылуы денесінің кез
келген жері арқылы жүзеге асады. Жиырылғыш вакуольдері –
біреу. Көбеюі негізінен жыныссыз жолмен — жасушаның 2-ге 
бөлінуі арқылы жүреді.



Амебиаз (дизентериялық амеба) 
– ішектен тыс созылмалы рецидивтік колитпен
сипатталатын фекальді-оральді (ауыз-нәжістік) механизм арқылы берілетін антропонозды
ауру. Амебиаз (басқаша атауы дизентериялық амеба) ауруын бір торшалы қарапайымды
паразит Entamoeba histolytica қоздырушысы қоздырады. Амебиаз симптомсыз, жеңіл, орташа
ауыр және ауыр болуы мүмкін. Симптомдары іштің ауыруы, диарея немесе қан мен шырыш
араласқан диарея болуы мүмкін. Асқынуларға қабыну және тоқ ішектің ойық жарасы, 
ұлпалардың өлуі немесе перфорация, бұл перитонитке әкелуі мүмкін. Зардап шеккен адамдарда
қан жоғалтуға байланысты анемия дамиды.



Алдын алу шаралары
. Эпидемиологиялық қадағалау, 
эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары
инвазияның берілу механизмін үзуге бағытталған. 
Олар оңашалауды, науқастарды химиялық
препараттармен емдеуді және дені сау циста 
тасымалдаушыларды сауықтыруды: қоршаған орта 
объектілерін қорғау және тазарту жөніндегі күрделі
шараларды (су қоймалары, топырақ, тағамдық
объектілер және т.б.), халық арасында қоғамдық, 
жеке бас тазалығын сақтау туралы үнемі
санитарлық-гигиеналық ағарту жұмысын жүргізуді
қамтиды. Бүкіл керекті шаралар тізімі жедел ішек
инфекциялары кезіндегідей және олар қазіргі
Ережелер мен Нұсқауларға (СанЕжН) сәйкес
өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет