Тақырыбы: Аристотельдің онтология туралы көзқарастары Мақсаты



бет3/6
Дата09.05.2022
өлшемі45,4 Kb.
#33393
1   2   3   4   5   6
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.Аристотельдің жалпы философиясы

Аристотельдің философиясы,бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал,екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті. Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол “Метафизика” деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі-болмысты жан-жақты анықтай отырып,өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. Бұл жерде біз Аристотель мен Платонның арасындағы сабақтастық байланысқа тоқталып өткеніміз жөн.

И я,Аристотель-Платонның шәкірті.Ұстазының көзі тірісінде шәкірті, оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау барысында ол Платонның көзқарасына қарама-қарсы шықты. Аристотельге: “Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың?”- деп айып таққанда, ол: “Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ”,- деп жауап беріпті деген аңыз бар.

Аристотельдің ойынша, Платон сияқты “идеяларды” өз алдына бөлек болмыс деп, оларды сезімдік заттар дүниесіне бөліп алудың таным теориясына ешқандай пайдасы жоқ. Негізінде, сезімдік заттар мен идеялардың болмыс табиғаты бір ғой.

Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында, “Платон идеялар дүниесін жеке бөліп алып, оның сезімдік заттар дүниесі мен арасындағы байланысты үзіп жіберді” деп көрсетеді. Әрине, Платон олардың арасын қосуға да әрекеттенді. Сондықтан ол сезімдік заттар дүниесі идеяларға біршама “қатысы” бар деп есептейді. Оның бұл түсіндірмесі баяғы замандағы пифагоршылардың әдісін қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар, яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі мәселені толық шешіп бере алмайды, қайта бұл екі дүниенің арасындағы алшақтықты қайшылыққа әкеліп ұрындырды. Аристотель Платонның идеяларын талдай келе , оның логикалық ілімінің қайшылығын да келеді

Аристотельдің анықтамасындағы “материя” Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. “Материя”, Аристотельдің ойынша, “субстрат” (латын тілінде “негіз”, “астар” деген мағына береді). Ол өзінің анықтаушысынан, формасынан айырылған процесс. Сайып келгенде, бұл материя, субстрат тек қана мүмкіндік күйінде қалады. Бірақ ол мүмкіндіктен шындыққа айналуға тиіс.

Аристотельдің бұл пікірі бірін-бірі диалектикалық байланыста ұстап отырған “материя” мен “форма”, яғни мүмкіндік пен шындықтың бір-біріне өтуі, олардың өзара тығыз байланыстылығы басқа бір процестен келіп шығады ма деген ойға әкеп тірейді.

Аристотельдің материя мен форманың арақатынасы, олардың диалектикалық өзара байланысы туралы қарастырған мәселесі жаңа замандағы көптеген философтардың ой желісіне арқау болғанын байқаймыз. Бірақ бұл мәселені тек адамдардың практикалық қоғамдық қызметі арқылы ғана түсіне аламыз ғой. Материяның формаға айналуы, мүмкіндіктің шындық болып жүзеге асуы белгілі бір тарихи , саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Адамдардың практикалық, өндірістік қызметі белгілі бір жағдайдағы материяны, субстратты қоғамға қажетті аса бір құнды формаға айналдырып, заттың белгілі бір кезеңдегі табиғи, жаратылыстық негізін өзгертіп қана қоймай, оның бойындағы жасырын сырын да қоғамдық негізде кеңінен аша түседі. Қоғамдық адамдардың практикалық қызметінің әсерінен материя, тіпті, ғажап түрде өзгеріп,ол жаңа бейнеге, формаға ие болады. Мұндай құдіретті тудыратын заттың өзіне ғана тән физикалық, химиялық , биологиялық өзгешеліктері ғана емес, оның басты себебі адамдардың қоғамдық шығармашылық еңбегінде жатыр. Түрленіп, ерекше қасиеттерге ие болған форма да, өзінің белсенділігінің арқасында, материяның қозғалысы мен дамуына жаңадан жол ашып, бағыт сілтейді. Материя мен форманың бірлігі тек адамдардың қоғамдық материалдық қызметінің шығармашылық дамуының нәтижесінде ғана айрықша көрінеді.Аристотельдің ойынша, егер адамдар жер астында өмір сүрсе, олардың дүниетанымы қалай болар еді? Жер астындағы адамдардың үйлері әрі жарық, олардың ішінде не түрлі жиһаз, қазыналар, әдемі статуялар мен суреттер бар. Сондай-ақ, олардың бақытты болуына қажетті нәрселердің бәрімен камтамасыз етілген (Аристотельдің бұл айтып отырғаны қапас үңгірдегі адамдарды қол аяғы кісендеулі, ешбір жарық сәулені көрмейтін жағдайда суреттеген Платон теориясына қарама-қарсы). Бірақ жер астындағы адамдар жер үстінде құдайлар бар екен деген ұзынқұлақ әңгімелерді естиді.

Аристотель таным теориясын осылай белгілі бір даму ретінде қарай отырып, әуелі жеке танушы субъектінің жалпыны түсінуге ұмтылатынын өзінің “Метафизика” деген еңбегінде жан-жақты талдап көрсетті. Таным процесі сезімдік қабылдаудан басталады екен. Одан соң, тәжірибеге келеді де, ол сезімдік таным процесімен тығыз байланыса отырып, санадағы жадта сақтауды тудырады. Сөйтіп, тәжірибеде адамға жеке заттар туралы білім беріледі екен. Осы тәжірибеден кейін адам білімінің практикалық негізі қалыптасады. Айталық, емшінің жалпы адамды, абстрактылы адамды емес, жекелеген индивидті емдеуден алған тәжірибесі ғылым үшін үлкен рөл атқарады. Одан соңғы танымның сатысы - өнерде, Аристотельдің айтуынша, тәжірибенің негізінде пайда болады екен. Осыған байланысты ол тәжірибе жекелеген заттарды білу болса, өнер - жалпы мен себептердің негізін білу. Осы өнерді білген жандар - дана адамдар. Өйткені олардың осы заттар туралы ұғымы бар. Олар бұл заттардың қайдан шыққанын, не себептен пайда болғанын біледі. Одан соңғы саты - ғылымдар. Олардың ең жоғарғы түрі - ұстанымдарды тануға бағытталған философия. Аристотельдің таным теориясы Гегельдің “Рух феноменологиясындағы” білімнің қалыптасу жолдарын көз алдымызға елестететінін айта кеткеніміз жөн болар.Сауалға жауап: Аристотель осы білім мен ғылым арқылы адамды тануға жақындай түседі. Бірақ бұл адамға қарай басталған жол өте ауыр, әрі қайшылыққа толы. Оның ойынша, ілім ақылды жанға ғана орналасқан. Ендеше, жанның бір түрі - ақылды жан тек адамға ғана тән. Ол денеден бөлек, оқшау өмір сүреді. Ойлау мәңгі. Өйткені, ақыл ешуақытта да жойылмайды әрі қирап талқандалмайды. Ол өте құдіретті және ештемеге бағынышты емес. Бұл теориялық ақыл. Ал енді болмысты материя және форма деп екіге бөлуге байланысты Аристотель ақылды да екіге бөледі. Оның ойынша, әрі пайымдаушы, әрі енжар ақыл бар. Сондай-ақ, әрі белсенді, әрі жасампаз ақыл да өмір сүреді. Оның бірі - материяға тән, екіншісі - формаға сәйкес келеді. Ақылдың қандай түрі болмасын, сайып келгенде, ол Құдайға келіп тіреледі

Аристотельдің ойынша, формалардың формасы бар. Ол - Құдай. Батыстағы орта ғасырлық схоластиканың негізін қалаушы Фома Аквинский “формалардың формасы — Құдай” деп ашықтан ашық айтқаны да осыдан келіп шығады.

Аристотельдің форманы дәріптеуі философияға Құдай туралы ұғымды алып келді. Формалар үш негізде өмір сүреді екен: Құдайда - актуалды және материясыз, табиғатта - актуалды және материалды, жанда - потенциалды және материясыз. Міне, осыдан келіп Аристотель білім танымнан бұрын өмір сүрген деп есептейді.

Аристотельдің таным теориясы мен логикасына қысқаша шолу жасай отырып, оның адам туралы іліміне де кеңірек тоқталуымыз қажет. Өйткені ұлы ойшылдың таным теориясы мен логикасы теориялық ілім негізіне, ал оның этикасы мен практикасы, эстетикалық көзқарасы адамның қызметі арқылы іске асатын практикалық философия негізінде қаланды ғой.

Аристотель өзіне дейінгі философтардың, ең алдымен Сократ пен Платонның көзқарастарын талдай келіп, олардың терең ойлы пікірлеріне жүгінеді. Оның ойынша, практикалық ілімдер - этика мен саясаттың адам қызметіне тікелей катысы бар. Олар адам ойлары мен әрекетінің іске асуын айрықша айқындайды. Өйткені адамгершілік пен зерде адамның өз еркінің қалауымен тығыз байланысты. Сонымен бірге өз бетімен немесе еріксіз іс-қимылдар жасау адамның ішкі рухани дүниесіне тікелей қатысты

Сонымен Аристотель өзінің адамгершілік пен парасаттылық туралы көзқарасында, Платонның жоғары игілік жалпыда, идеяда деген пікірін сынға алды. Ондай игілік адамның қолы жетпейтін нәрсе. Ал игілік сапа категориясымен алғанда - ізгілік, мөлшер категориясы бойынша - мөлшер, қатынас категориясында - пайдалылық, уақыт категориясында - ыңғайлы шақ, кеңістік категориясында - жағымды мекен-жай. Сөйтіп, игілік ешқандай да жалпылыққа жатпайды. Ол әртүрлі жағдайда, әруақытта әртүрлі. Ендеше, адамның адамдық белгісінің өзі оның зерделі қызметімен тығыз.

Аристотель адамдардың іс-әрекетіне ерекше көңіл бөле отырып, оны адамгершілік-саяси қызмет және шығармашылық деп екіге бөледі. Олар өзара бірлікте. Бірақ олардың арасында айырмашылықтар бар. Олардың бірлігі - екеуі де ақылды жанның пайымдаушы құрамдас бөлігі екендігінде. Ал олардың айырмашылығы - шығармашылық пен адамгершілікті айыра білумен сәйкес. Өйткені, шығармашылық - сыртқы мақсат, ол өнер үшін қызмет етеді, ал адамгершілік болса, ол адамның іштей өзіне-өзі қойған мақсаты. Өйткені адамгершілік қызмет белгілі бір мақсатты адамның өзінің қалап алуымен тығыз байланысты. Ендеше, ол адамның еркіндігімен ұштасып жатыр. Адамгершілік қызметінде адам өзін-өзі жаратады. Ал шығармашылықта адам өзгені тудырады. Ендеше, бұл екеуі бірі-бірімен өте тығыз байланысты, әрі бір-біріне қарама-қарсы практикалық қызмет. Сондықтан болар Аристотель практикалықты адам қызметінің төменгі түрі деп есептейді.

Философия тарихы көрсетіп бергендей, пайымдау кейін келе жаңа дәуір философиясында практиканың бір-ақ жағын камтып, адам ақылының бір ғана көрінісі екенін танытты. Сондықтан жаңа дәуірдегі жаратылыстану ғылымы мен оның өкілдері осы пайымға сүйенді десек, артық айтқандық болмас.

Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарасы оның “Саясат” деп аталатын еңбегінде айқын көрініс тапты. Оның осы шығармасы “Этикамен” сабақтаса келіп, біртұтас ілім құрайды. Өйткені оның “Саясат” деген шығармасындағы адам алдымен өзінің адамгершілік қасиеттерімен ғана айрықша даралануға тиіс. Ізгі ниетсіз адам нағыз бұзылған әрі дөрекі жан. Сондай-ақ ол жыныстық қатынас пен тамаққа деген құмарлық жағынан, хайуаннан ешбір айырмашылығы жоқ жануар болып шығады.

Саясатың әдісі ғылыми талдау әдісі сияқты ерекшеленеді. Ендеше, әрбір қоғамдық, мемлекеттік құрылысты ғылыми жағынан алып, терең талдау қажет. Мемлекет дегеніміз не? Міне, осы сұраққа жауап бере келіп, Аристотель мемлекет барлық адамдардың қоғамдық тұрмысының формасы деді. Сондай-ақ мемлекет адамдардың саяси құрылысы деп жауап береді. Мұндай саяси құрылыс барлық азаматтар үшін заңның үстемдік етуін талап етеді. Заңдылық, заң үстемдік етпеген жерде саяси құрылым да болмайды, азаматтар!

Аристотельдің ойынша, “Мемлекет өз табиғаты жағынан сан алуан болады. Оның құрылымы күрделі әрі көптеген бөліктерден тұрады”. Мемлекеттегі адамдар әртүрлі, олар біркелкі болуы да мүмкін емес. Мемлекет отбасылардан тұрады. Олардың да бір-бірінен айырмашылықтары бар.Мемлекет ең алдымен азаматтардан тұрады. Мұндағы азаматтардың көзқарастары да әртүрлі. Егер адам сот пен басқару орындарына қатысса, онда ол азамат болып есептеледі. Бұл Аристотель берген азаматтықтың абсолюттік анықтамасы. Сонымен бірге азаматқа әскери, әкімшілік, соттық және діни функциялар да тән.Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарасындағы тағы бір ерекшелік - ол Платонға қарағанда жеке меншік туралы мәселені өзінше дұрыс шешті. Егер Платон идеалды мемлекетті іздей отырып, жеке меншіктен не түрлі пәленің шығатынын дәлелдеуге әрекеттенсе, сөйтіп, оны жоюға ниет білдірсе, Аристотель бұған қарсы шығып, жеке меншікке қорғаушы болды. Аристотельдің ойынша, қоғамдағы пәле жеке меншіктен туып отырған жоқ, керісінше, адамның тілегінің нысапсыздығында және оның ашқарақтығында, дүниеқорлығында жатыр. Осы пікірге жүгіне отырып, Аристотель Платонды сынағанда, оның идеалды мемлекетін жоққа шығарды, ал өзі қандай әлеуметтік идеал принципін ұсынды? - деген сұрақ алдан шығады.

Аристотель де, барлық ұлы ойшылдар сияқты, мемлекеттің ең тәуір түрін іздеуден жалыққан жоқ. Ол да саяси құрылымы жақсы мемлекетті идеал етіп алуға ұмтылды. Оның ойынша, мұндай мемлекеттегі өмір - ең бақытты өмір.

Аристотельдің адам тәрбиесі мәселесіне өзіне дейінгі ойшылдарға қарағанда айрықша көңіл бөлгенін айта кетуіміз керек. Адамның жан-жақты мәдени және рухани дамуына ерекше ықпал етіп, айрықша рөл атқаратын ең алдымен - өнер. Ол адамдарды тәрбиелеудегі негізгі құрал болып табылады. Осы өнердің ішінен Аристотель трагедияны ерекше бөліп алып, оның адамдарға тигізетін әсерін барынша бағалады. Трагедия демосқа (демос - грек тілінде “халық”) жақын тұрады. Өйткені демос - бұл күш, саяси шындық, одан ешқайда кете алмайсың. Негізінен біртұтас болған жағдайда демократиялық көпшіліктің көптеген жақсы касиеттері де бар. Бұл көпшілік әрдайым даналық ой-пікірлер айтады. Осы даналық ой-пікірлердің біразы сахнада көрінуге тиіс. Біртұтас демосқа әсер ететін өнер - трагедия. Ендеше, трагедия осы көпшіліктің, халықтың тікелей катысуымен пайда болады. Сөйтіп, халыққа зор әсер етеді.

Аристотель барлық тәлім-тәрбие мәселесін адамның жан-жақты дамуына бағыттай отырып, өнердің барлық түрлеріне ерекше назар аударды. Бір сөзбен айтқанда, Аристотель өнер және оның түрлері арқылы адамгершілік пен парасаттылықты қалыптастырып, оларды шын мәніндегі адамның бойына бітетін бірден бір негізгі қасиеттер деп есептеді.Аристотельдің философиясы өз заманымен шектеліп қалмай, оның көптеген идеялары кейінгі ойшылдардың арасынан қолдау тауып, шығармашылықпен дамытылды. Бұл жерде Шығыстың орта ғасырдағы үлкен алыбы, философия саласында “екінші Аристотель” атанған әл-Фарабидің еңбектерін атап өтсе де жеткілікті. Оның “Философиялық трактаттары”, “Әлеуметтік-этикалық трактаттары”, “Логикалық трактаттары”, “Тарихи-философиялық трактаттары”, тағы басқа да еңбектері Аристотельдің көзқарасын барынша ілгері дамыта отырып, өз заманына сейкес жаңа көзқарастарының негізін қалады.

Сөйтіп, Аристотель философиясы, бір жағынан, өзіне дейінгі философияның, ғылымның, таным теориясының, әлеуметтік-саяси, экономикалық ілімдердің бәрін жинақтаған көне грек дәуірінің энциклопедиясы болды. Екінші жағынан, Аристотельдің өзі көптеген философиялық, саяси-әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оларды өз заманының деңгейінде шешуге ұмтылды. Оның қойған философиялық проблемаларының маңыздылығы сонша, олар келесі дәуірдегі ұрпақтардың игілігіне айналды.Аристотель философиясының аса бір маңызды жағы - ол софистер, Сократ және Платон бастап, бірақ аяқтай алмаған адам туралы көкейтесті меселеге барынша назар аударды. Ол көне грек философиясында алғашқылардың бірі болып, адамды қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде қарастыруға ұмтылыс жасады. Бірақ оның заманы, құлдық демократиялық дәуір ұлы ойшылдың бұл әрекетін іске асырмады.

Бірақ бұл философиялық мәселелерді нақты, ғылыми тұрғыдан шешу, көп жағдайда, олар қоғамдағы әлеуметтік-саяси топтардың көзқарастарымен үнемі қарама-қайшы келгендіктен оңайға түспеді. Өйткені әрбір кезеңнің, әсіресе, құлдық демократиялық дәуірдің тұсында мәдениет пен саяси-әлеуметтік салаларда көптеген адамдардың арасында күрес жүріп жатты. Сол күрестің әсері философиялық мәселелерді шешуге де тікелей қатысты болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет