Егер бірнеше электрондардың бас және орбитальдық квант сандарының мәндері бірдей болса, онда олар бір электрондық қабықшада, энергетикалық деңгейшеде, кванттық қабатта деп айтылады
Электрондық бұлттың кеңістіктегі ориентациясы кездейсоқ бола алмайды, ол үшінші квант саны ml магнит квант санымен анықталады. Магнит квант санының мәніне сәйкес, ориентациялар саны да әртүрлі болады:
ml=-l, …, -2, -1, 0, +1, +2, …, + l.
Нақты орбитальдық квант санына сәйкес мұндай мәндер 2l+1. Ендеше электрондық бұлттардың ориентация саны да 2l+1. Мысалы, s-электрон үшін (l=0) ml мәні біреу (ml=0); p-электрондары үшін (l=1) mlмәні үшеу (-1, 0, +1); d-электрондарында (l=2) mlмәні бесеу (-2, -1, 0, +1, +2); f-электрондарында ml мәні жетеу (-3,-2,-1, 0, +1, +2, +3). Электрон қозғалысы кезінде пайда болған магниттік өрісі сыртқы магниттік өріспен әрекеттесуі магниттік квант саны ml мәніне әсер етеді. Сыртқы магниттік өріс жоқ болса , онда атомдағы электрон энергиясы mlмәнінен тәуелді емес. n және l мәндері бірдей бірақ mlмәні әртүрлі электрондардың энергиялары бұл жағдайда бірдей болады. Алайда электронға сыртқы магниттік өріс әсер еткен жағдайда атомдағы электрон энергиясы өзгереді де , me мәндері әртүрлі күйлердің энергиялары да әртүрлі мәнге ие болады Осыдан келіп, магниттік өрісте кейбір атомдардың спектрлік сызықтары ыдырап кетеді : атом спектріндегі бір сызықтың орнына бірнеше сызық пайда болады ( Зееман эффектісі).