Сутектік байланыс Сутектік байланыс — бұл ерекше бір химиялық байланыс. Ол молекулааралық және молекулаішіндік болуы мүмкін.
Молекулааралық сутектік байланыс құрамына сутегі мен электртерістігі күшті элемент — фтор, оттегі, азот кейде хлор, күкірт кіретін молекулалар арасында пайда болады. Мұндай молекулада жалпы электрондық жұп сутегіден электртерістеу элемент атомына күшті ығысқаннан, ал сутегінің оң заряды кіші көлемде шоғырланған, сондықтан протон басқа атомның немесе ионның бөлінбеген электрон жұбымен әрекеттесіп оны ортақтастырады. Нәтижесінде сутектік деп аталған әлсіздеу екінші байланыс түзіледі.
Сутектік байланысты бұрын протон мен басқа полюсті топтың арасындағы электростатикалық тартылу деген. Бірақ оның түзілуіне донорлық-акцепторлық әрекеттесу үлесін қосады деп санау дұрыстау. Бұл байланысқа кеңістіктегі бағытталуы мен қанығу тән.
Әдетте сутектік байланысты нүктелермен белгілейді, бұл оның коваленттік байланыстан біраз әлсіздеу екендігін көрсетеді (15—20 еседей). Дегенмен, молекулалық ассоциациялануына сол жауапты. Мысалы, су мен сірке қышқылының димерлерінің (олар сұйық күйінде әлдеқайда тұрақтылау) түзілуін схемалармен көрсетуге болады:
Бұл мысалдардан сутектік байланыс арқылы судың екі молекуласы бірігіп, ал сірке қышқылында — қышқылдың екі молекуласының циклдік құрылым түзетінін көріп тұрмыз.
Сутектік байланыс көптеген заттардың қасиеттеріне әсер етеді. Сутектік байланыстың арқасында фторсутек кәдімгі жағдайда сұйық күйде (19,5°С төменгі) және оның құрамында Н2Ғ2-Дан Н6Ғ6 дейін молекулалар болады. Сутектік байланыстың арқасында тұздардың — гидрофторидтердің (КНҒ2—калий гидродифториді, МН4НҒ2— аммонийгидродифториді) құрамына кіретін гидродифторид — ионы НҒ — түзіледі.
Р- + Н—Ғ→Ғ- ... Н—Ғ→НҒ2− Сутектік байланыстардың болуымен оттегі топшасындағы элементтердің сутектік қосылыстарына (Н2S, Н2Sе, Н2Те) қарағанда судың жоғары қайнау температурасы (100°С) жоғарырақ екендігі түсіндіріледі. Судың өзіндегі сутектік байланыстарды үзу үшін қосымша энергия жұмсау керек.
Сутектік байланыстар әсіресе белок, нуклеин қышқылдарының және биологиялық маңызды қосылыстардың молекулаларында таралған, сондықтан бұл байланыстар тіршілік процестерінің химиясында маңызды роль атқарады.