Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары


Анализ жұмыстарын жасаудағы маңызды шаралар



бет64/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
lektsiyalar (1)

Анализ жұмыстарын жасаудағы маңызды шаралар
1. Үлгіні таңдау. Анализ нәтижелері анализденетін үлгіні дұрыс тандауға байланысты. Әсіресе анализденетін зат біртекті емес, тау жыныстары, техникалық материалдар сияқты қоспа күйінде болса маңызды. Өте аз мөлшердегі массамен (2- 4 мг) жұмыс істелетіндіктен, анализденетін заттың бөлшектері алдын- ала мөлшері 0,02 мм аспайтындай етіп жұқаланып ұсақталуы қажет.

  1. Анализ әдісін таңдау. Анализ жасау әдісін таңдаған кезде әдістің сезімталдық, дәлдік және анықтау жолына байланыстылығын ескеру қажет.

  2. Анализ нәтижелерінің нақтылығы. Жалпы қальптасқан әдіспен бірнеше нақты аналитикалық анықтаулар жасаған кезде анализ нәтижелерінің шығымдылығы байқалуы қажет. Көп жағдайда бірнеше бірдей анықтаулар жасағанда бір-біріне жақын нәтижелер шыға бермейді, бұл аналитикалық анықтаулар кезінде жіберілген жүйелі қателіктерді көрсетеді.

  3. Ерітінділер дайындау. Ерітінділерді дайындаған кезде қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Эталонды және стандартты ерітінділерді дайындағанда шыны ыдыс қабырғасында алмасу процестері жүріп, нәтижесінде заттың аз мөлшері ерітіндіден жоғальп, орнына натрий, кремний қышқылдарының тұздары т.б. шыныдан шығатын қоспалар түзілуі мүмкін. Мұндай құбылыстар сұйытылған нейтралды ерітінділерді кептіргенде байқалады. Сондықтан ұзақ сақталатын ерітінділерді қышқылдап концентрленген күйінде сақтайды.



Өлшеу қателері
Физика-химиялық анализ әдістерімен жұмыс жасаған кезде кез-келген өлшенген шамадан қателер кетуі мүмкін. Оған себепші бірнеше факторлар бар.

  1. Прибордың дұрыс көрсетпеуі.

  2. Сырткы жағдайдың әсері.

3. Анализ кезінде заттың жоғалуы немесе керісінше реактивтің басқа компоненттермен ластануы.
4. Есептеулердің дұрыс жүргізілмеуі.
Анализ кезінде себепсіз белгісіз қателер де кетуі мүмкін. Қателер сипатына қарай систематикалық, кездейсоқ және дөрекі қателер деп бөлінеді.
Систематикалық қателер — тұрақты шамаға байланысты анализдің барлық түрінде қайталанып отырады. Оны мүлдем есептемейді немесе оған түзетулер енгізіледі. Мұндай қателерге жеке және инструментальді, сондай-ақ әдіс қателігі жатады.
Кездейсоқ қателер - кездейсоқ жағдайларға прибордың ескілігіне және бақылаушының сезім органына байланысты. Мұндай қателерді анализ кезінде жөндеу мүмкін емес, бірақ қателер теориясы әдісімен оларды азайтуға болады.
Дөрекі қателер - есептеудің дұрыс жүргізілмеуінен жұмысқа тиянақсыз қараудың салдарынан болады, Анализ нәтижелерін өңдеген кезде мұндай қателер есепке алынбайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет