Тақырыбы :Қаулы,шешім



бет2/2
Дата15.12.2022
өлшемі21,41 Kb.
#57571
түріКодекс
1   2
Қорытынды
Алқалық ұйымның барлық отырысы күн тәртібі мен өткізу мерзімі қарастырылған жұмыс жоспарына сәйкс өткізіледі. Өндірістілік қажеттілік болған жағдайда алқалық ұйым төрағасы күн тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.Күн тәртібі алқалық ұйым мүшелеріне ең күрделі деген мәселелер жөнінде ақпарат жазылған анықтамамен және шешім жобасымен бірге жіберіледі.Кей жағдайда алқалық ұйым мүшелеріне жазбаша баяндамалар мен сөйлеушілер сөзінің тезисі де жіберіледі.Бұл материалдармен алдын-ала танысу — өткізілетін отырысқа кететін уақытты үнемдеуге септігін тигізеді. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелердегі талқылаудың қорытындысы бойынша қаулылар мен шешімдер қабылданады. Отырыс барысы бойынша хаттама жүргізіледі. Хаттаманың дұрыс жазылуы мен безендірілуіне алқалық ұйымның хатшысы жауапты болады. Хаттама қысқа да толық түрде де жазылады. Толық жазылған хаттама алқалық ұйымның отырысы барысымен, қабылданған шешіммен жан-жақты танысуға мүмкіндік береді.
Алқалық ұйым хаттамасы осы құжат үлгісіне сәйкес жазылады. Хаттамаға жазылған немесе безендірілген күн емес, отырыс өткізілген күн қойылады. Егер отырыс бірнеше күнге созылатын болса, онда басталған күн мен соңғы күн көрсетіледі. Осы күндер аралығында өткізілгендігі жазылады. Мысалы, 12-14.11.1999ж.
Хаттамалар жыл бойына нөмірленіп отырады. Келесі жылы қайтадан 1-ден бастап нөмірленеді.
Хаттама тақырыбы ретінде алқалық ұйым аты және алқалық қызмет түрі жазылады. Мысалы, педагогикалық кеңес отырысы.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. .Ресми іс қағаздары. Астана,2000. 2. Ақанова Д.Х., Алдашева А.М., Ахметжанова З.Қ., Қадашева Қ.Қ., Сүлейменова Э.Д. Ресми - іскери қазақ тілі : 1- деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей.Алматы, 2002. 3. Саурықова К.Д., Қарымсақова Р.Д., Омарова Б.А. Қазақ тілі: Ресми іс қағаздар тілін оқыту. Қазақ университеті. Алматы, 2000. 4. Қасымбеков М., Әлімқұлов Қ., Юсупов К. Екі тілде іс жүргізу: Сөздік ( анықтамалық) Алматы,1994.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет