Тақырыбы: Қазақ қандай халық?



бет2/2
Дата18.03.2022
өлшемі63,32 Kb.
#28428
1   2
2.3 Қазақтың бойындағы дамуға итермелейтін және тежейтін қасиеттер.

Менің ойымша, қазақ халқының дамуына септігін тигізген қасиеттер бұл батылдық, ержүректік және туған жерінің қамы туралы ойлауы болып табылады. Кеңес Одағы кезінде, жоңғар шапқыншылығы заманында өз ойларын ашық білдіруге қорықпаған, өз елінің қандай күндер көріп жүргендігін байқаған және жандары ашқан тұлғалар қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз етті. Қазақстардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасауы, бір-біріне қамқор болуы және қанға сіңген қонақжайлығы олардың адамдық қаситеттері жоғары екендігін көрсетіп басқа ұлттардан ерекшелендіреді. Алайда “қазақ аңқау өскен халық” деп А.Байтұрсынов айтып кеткендей, қазақ халқының қиындық, жоқтық кездері көбінесе олардың аңқаулығына, сенгіштігіне және өзге ұлттардың қандай ойлармен келісім жасауға келгендігін байқамағандығына байланысты деп ойлаймын. А.И.Левшин жазбасында да қазақ халқының “деспотизм” саясатына бұрын-соңды душар болмағандығына байланысты оларды сенгіш, ақкөңіл деп атаған. Содан болар, Жағда Бабалықұлы қазақтарды “алтынның үстінде отырып қайыр тілеген, ет пен майдың үстінде отырып, аштан өлген халық” деп сипаттап көрсетті.


Қазақ халқы- адал, қоғамдағы өзгерістерге тез бейімделетін, қонақжай және батыл халық. Бір-бірін құрметтеу дәрежесі басқа ұлт өкілдеріне үлгі тұтарық, бауырын қиын кездерде жалғыз тастамайтын аса ұйымшыл этнос бірлестігі. Өзіндік жазба және ауыз әдебиеттері болған, ғасырлар бойы қалыптасқан тілді және көшпелі өмір салтына байланысты туындаған салт-дәстүрлерді әлі күнге дейін өзгерістерге көп ұшыратпай сақтап келе жатқан ерекше халық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет