Тақырыбы: Қазақ қандай халық?



бет1/2
Дата18.03.2022
өлшемі63,32 Kb.
#28428
  1   2
Байланысты:
1508-29a Жұмаева Назым Эссе






Эссе

Тақырыбы: Қазақ қандай халық?



Тобы:1508-29а

Орындаған: Жұмаева Н.

Қабылдаған: Егембергенова М.


Шымкент 2022

Жоспар:


I.Кіріспе………………………………………………………………………………………….3

II.Негізгі бөлім…………………………………………………………………………………...3

2.1 Қазақ этносына тән қасиеттерді танып-білудің қандай жолдары бар?.........................3

2.2 Қазақ халқын деректермен сипаттау................................................................................3

а) Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады…………………………………………………..3

ә) Қазақ- бауырмал халық.....................…………………………………………………..4

б) Батылдықты дәріптеген қазақ халқы………………...………………………………..4

2.3 Қазақтың бойындағы дамуға итермелейтін және тежейтін қасиеттер..........................5

III.Қорытынды……………………………………………………………………………….…..5

Ғылыми-технологиялық революция жол ашқан жаһандану үдерісі мен ғаламтордың жердің түкпір-түкпірінен ақпараттың таралуына мүмкіндік беруі әр елдің өзіндік ұлттық ерекшеліктерінің бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін. Жаңа заманда әр азаматтың өз елінің тарихын, мәдениетін және тілін біліп, әрқашан есте сақтауы және қастерлеуі маңызды болып табылады. Қазақ халқының белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханов өзінің жазбаларында былай айтып кетті: “Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға бейім тұрады… Дүниеде өңге жұрттар қатарында қор болмайын, “тұқымым құрып қалмасын” деген халық өзінің шежіресін имани дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады”. Қазіргі Қазақстан елінің азаматтары- ғасырлар бойы өз халқының тәуелсіздігін аңсап бар күшін жұмсаған ата-бабалардың ұрпақтары. Сондықтан да бүгінгі таңда әр қазақ өз ұлты тарихының, мәдениетінінің және тілінің қалай пайда болғандығын зерттеуі мен әрдайым жадында ұстауы- тыныш заман қалыптастырудағы үлкен үлесін тигізген ата-бабаларының еңбегін қастерлеп, Қазақстанның өркендеуін жалғастыратын негізгі қозғаушы күші болып табылады. Бұл эсседе “Қазақ қандай халық?” деген сұраққа жауап беру үшін қазақ этносының жазба және ауыз әдебиетінде сақталған деректер зерттеледі және талқыланады.


2.1 Қазақ этносына тән қасиеттерді танып-білудің қандай жолдары бар?

Этнолингвистика, этнология,этимология, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, археология, антропология, лингвомәдениеттану, биология мен генетика ғылымдары арқылы зерттеулер жүргізу қазақ этносына тән қасиеттерді жан-жақты тануды дамытады. Бұл ғылымдар қазақ халқының және басқа да елдер жазба әдебиеттерінде сақталған деректерді объективті түрде зерттеу арқылы қазіргі Қазақстан Республикасы территориясында өмір сүрген тайпалар мен этностар, яғни қазақ халқының ата-бабалары туралы ақпарат жинастырады. Солардың арасында аталып кеткен биология мен генетка ғылымдары археологиялық жәдігерлерден ДНҚ үлгілерін алып, қазіргі қазақ халқы өкілдері анализдерімен салыстырып, қазақ этносының қандай өзгерулерге және қандай ұлттармен ассимиляцияға ұшырағандығын байқауға септігін тигізетін болады. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихын объективті түрде зерттеу- қазақ этносы туралы мағлұмат жинаудың ең негізгі тәсілі деп саналады.



2.2. Қазақ халқын деректермен сипаттау.

а) Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады.

Бұл сипаттамаға деректерді қазақ халқы арасында тараған мынадай мақал-мәтелдер көрсетеді:

“Арыңды сатып тапқан мал – харам” , “Пайда ойлама - ар ойла” ,“Ат - шабысына қарай шабады, ер - намысына қарай шабады” ,“Ерді - намыс өлтірер, қоянды - қамыс өлтірер” , “Жігіттің құны – жүз жылқы, Ары – мың жылқы”, “Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат”,“Мал сақтама, ар сақта.”,“ Ақылың болса арыңды сақта: Ар-ұят керек әр уақытта.”,“Жеңілістің өзінен де ұяты жаман”, “Арың сақта, болсаң да малға кедей”,“Өлімнен ұят күшті”.

Бұл мақалдар қазақ халқының намысшыл және аршыл екендігін және олардың өз абыройын әрқашан жоғары ұстағанын көрсетеді. Кедейлікті, жоқтықты көріп жатсаң да, арыңды сатпа, өзіңнің арыңды ойла делінген. Сонымен қоса, қазақтар ұялуды өлімнен күшті деп сипаттағанын көруге болады. Ар-ұятын жоғары тұтқан халық өз елінің беделін жоғары ұстайды және өзге елдерге үлгі тұтарлық болады.

ә) Қазақ- бауырмал, тума-туыстары мен кіндік қаны тамған жерін әрдайым құрметтеген, шежіресін, жеті атасын жадында тұтқан халық.

Өзге халықтармен салыстырғанда қазақ халқы бауырмал екендігі рас. Тума-туыстардың біреуі қиын жағдайға душар болған жағдайда оларға қол ұшын созып, көмек көрсету- әр қазақтың шынайы ниеті және борышы болып саналған. Оған дәлел ретінде “жылу”, “немеурін”, “үме” секілді салт-дәстүрлерді атап кетуге болады. Орыс ғалымы А.И.Левшин қазақтардың өз туған жерін, атамекенін қастерлейтінін және олардың асыл қасиеттері- олардың қайырымдылығы, адамды аяуы және ақсақалдарға құрмет көрсетуі деп жазған. Қазақтардың жетім қалған бүлдіршіндерді өзінің қамқорына алу, қарияларды өз үйінде күтіп-баптау және жесір қалған әйелді күйеуінің інісіне не ағасына қосу дәстүрлері қазақ халқының бірін-бірі қандай дәрежеде сыйлағандығын көрсетеді. Батыс елдердің азаматтары болса, осындай жағдайға душар болған туыстарын арнайы жетімдерге арналған, қарияларға арналған үйлерге тапсырады екен. Қазақ халқына тән жылы туыстық қарым-қатынас туралы деректер төменде көрсетілген мақал-мәтелдерде сипатталады:

“Қазақ – ағайынын өкпеге қиса да, өлімге қимайтын халық”, “Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз”, “Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі”, “Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген – жетімдіктің салдары”,

“Жеті атасын білген ұл

Жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл

Құлағы мен жағын жер.”

Бұл мақал-мәтелдерден қазақ халқы әр қазақ баласына жастайынан өз елін, өз халқын, өз руы мен ата-бабасын қастерлеуді үйретіп тәрбиелегендігін байқатады.

б) Қазақ халқы кішкентай кезінен бастап қыз бен ұл балдарға атқа мінуді, шабандоз болуды, батыл болуды бойына дарытқан, батылдықты әрқашан дәріптеген және ел арасынан шыққан елдің намысын қорғайтын батырларды аса құрметтеген халық.

Қазақтардың батылдығы, ержүректігі олардың көшпелі халық болуына және көші- қон кезінде өз халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мұқтаждығына байланысты туындауы мүмкін. “Қазақ” сөзі- нағыз батыл кісілер, еркін, тәуелсіз адамдар дегенді білдіреді. Орыс зерттеушісі А.И.Левшин жазбаларында көрсетілгендей қыз бен бала ат құлағында жастайынан ойнауды және садақ атуды бірдей үйренген. Тарихи деректерге сүйенсек, қазақ халқы Шығыс түркі халықтарының, яғни Сақ,Үйсін, Қаңлы, Найман секілді дербес тайпалардың ұрпағы болып табылады. Қазақ халқы ата-бабаларының батылдығы туралы көптеген жырлар мен аңыздар бар. Мәселен, “Төрт құбыланың тұтас билеушісі” атанған Кир патшасы Сақ патшайымы Томириспен шайқаста қаза тапқандығы аңыздарда айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа таралып қазіргі кезге дейін сақталып келе жатыр. Батыл адамдар туралы аңыздар мен ертегілерді ойлап-табу оларға қандай құрметпен қарағандығын және қандай деңгейде сыйлағандығын көрсетеді. Ел қорғау үшін қазақ әйелдері өз күш-жігерін жұмсауға сескенбеген және қазақ қоғамында батылдықты әрқашан дәріптеген. Бұны дәлелдейтін дерек Д. Кішібековтің жазбасынан табуға болады. Ол қазақ басқа Орта Азия халықтарынан өз әйелдерін еркін ұстайтындығымен және қоғамдық өмірден шеттетпегендігімен ерекшеленетінін байқады. Қазақ әдебиетінде ержүректік пен батылдық туралы мақал-мәтелдер санаусыз. Соларға мысал ретінде мына мақал-мәтелдерді атап кетуге болады:

“Ақынның хаты өлмейді,

Батырдың аты өлмейді”

“Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады”

“Батыр туса — ел ырысы,

Жаңбыр жауса — жер ырысы”



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет