Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.
Ән : «Үш қоңырым»
Тәуелсіздіктің жемістері:
Тәуелсіздіктің жемістері:
9- оқушы. 1991 жылы еліміз тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
10- оқушы. 1992 жылы 4 маусымда еліміздің рәміздері қабылданды.
11- оқушы. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
12- оқушы. 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз бірауыздан қабылданды.
13- оқушы. 1996 жылы еліміздің астанасы Ақмола қаласына көшіріліп, 1997 жылы Астаның тұсаукесер тойы болды.