Тақырыбы: Азаматтық қоғам Тексерген: Дабылтаева Макпал Орындаған: Адилхан Ару Алматы 2023ж Азаматтық қоғам



Дата05.05.2023
өлшемі87,65 Kb.
#90088

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
КеАҚ
Б
ӨЖ
Тақырыбы: Азаматтық қоғам

Тексерген: Дабылтаева Макпал


Орындаған: Адилхан Ару

Алматы 2023ж


Азаматтық қоғам


Азаматтық қоғам — бүл демократиялық елдерде қалыптасқан адамдар қауымдастығы, ол, біріншіден, қоғамның барлық тіршілік әрекеті саласында құрылған ерікті түрде мемлекеттік емес құрылымдардан (бірлестіктер, үйымдар, ассоциациялар, одақтар, орталықтар, клубтар, қорлар және т.б.), екіншіден, мемлекеттік емес — экономикалык, саяси, әлеуметтік, рухани, діни және т.б. қатынастар жиынтығын көрсетеді. Азаматтық қоғам мемлекеттік, мемлекеттік емес органдар мен козғалыстардың теңестірілген өзара бақылауын, өзара шектеуін жорамалдайды. Себебі, мемлекеттік органдардың кызметі әркашанда мемлекеттік емес органдардың кадағалауында болуы керек, ал мемлекеттік емес органдар өз кезегінде, қызметін заңға орай ұйымдастыруы тиіс және мемлекеттің объективті қажеттіліктерін ескеруі керек.
Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам үкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді.
Азаматтық қоғам – ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкi мемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceді.
Қорытындылай келе Азаматтық қоғам саясатсыз және идеологиясыз қоғам,еркін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, өркениетті қоғам. Онда жеке билік режиміне, басқарудың волюнтаристік әдістеріне, таптық өшпенділікке доталитаризмге, адамдарды күштемейді. Мұнда керісінше, заң мен моральді, ізгілік пен әділдік, демократия мен тең құқықтық принциптерін құрметтейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет