Сыбайлас жемқорлық қоғамның қылтамағы



Дата08.12.2023
өлшемі66 Kb.
#135404
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлық


Сыбайлас жемқорлық - қоғамның қылтамағы.
Сыбайлас жемқорлықпен мәселесі бүгінгі таңда көпшілік сипатқа ие болып, қоғамдық өмірдің барлық саласын шарпыды. Сыбайлас жемқорлық бүкіл мемлекеттік жүйеге теріс әсер етіп,билікке зиян келтіреді, қоғамның билікке деген сенімсіздігін туғызады. Қоғамның қолдауынсыз мемлекет дамымайды. Сондықтан демократиялық мемлекеттер жемқорлықпен күрес және қарсы әрекеттер жасау жолында барлық шараны қолданады. Жемқорлықпен күрес Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.
Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев. 
«Сыбайлас жемқорлық» деген не? (Слайд №4)
Әлемде «Сыбайлас жемқорлық» ұғымының сан түрлі анықтамасы бар. Алайда құқықтық дәлдік пен нақтылық жоқ. Сыбайлас жемқорлық- лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық өклеттіктерін мүліктік ( мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында заңсыз пайдалану, сол сияқты осы адамдарды параға сатып алу.Өз кезегінде батыс құқықтанушылары жемқорлықтың шеңберін кеңейте отырып, саяси элитаның ауытқушылық мінез-құлқы, яғни әрі кеткенде моральдық және әдеп нормаларын бұзу деп есептейді. Сыбайлас жемқорлықтың үш түрін бөліп көрсетуге болады- тұрмыстық, іскерлік,саяси.
Келесі кезекте бейнероликке берсек 
ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңы 2015 жыл 18 қарашада қабылданған. Заңда сыбайлас жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. (Слайд №7)
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:
- қоғамның бақытты болашағын тежейді;
- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;
- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. (Слайд №8)
2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар: (Слайд №9, 10)
 ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1995 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды.
Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және 2015 жылы « ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды.Мұнда азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру,ұлттық экономиканың өсуі,бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту, тұрғындардың әлеуметтік белсенділігін,құқықтық сауатын арттыру,электронды үкіметті енгізу мәселелеріне баса назар аударылды.
2015 жыл 18 қарашада ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңы қабылданды.
Қазіргі кезде біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа модель жүзеге асуда.. «Қазақстан -2050» Стратегиясында сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретіні көрсетілген.ҚР Тұңғыш Президентінің үндеуінде,ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында, Бес институттық реформада және «100 нақты қадам» атты ұлт жоспарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамда оның кез келген түрінің пайда болуына төзбеушілікті қалыптастыруға байланысты жүйелі шаралар орын алған.
ҚР Білім және ғылым министрлінің 2015 жылғы бұйрығымен бекітілген «Адал ұрпақ » ерікті клубтар құрылған. Мақсаты- мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.
2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған Дүниежүзілік конференция болды. БҰҰ 2003 ж 9 желтоқсан күнін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.
 
 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет