Тақырыбы: Қазақстан ұлы отан соғысы және халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында мазмұНЫ


 Қазақстан еңбекшілерінің соғыс жылдарында еңбектегі ерліктері



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата15.12.2023
өлшемі105,96 Kb.
#138581
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-37061

2. Қазақстан еңбекшілерінің соғыс жылдарында еңбектегі ерліктері
Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы күштерінің жеңіске
жетуіне елдегі еңбекшілер жанқиярлық ерлігімен үлкен үлес қосты.
Соғыстың алғашқы айларынан бастап экономиканы соғыс мүддесіне
бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу
шаралары жүргізіледі.
Майдан шебінен көшіп келген кәсіп орындарды орналастыруға
республикада 2 300 мың шаршы метр өндіріс алаңы босатылды. Ондағы
адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап,
қамқорлыққа бөлеп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселырмен қамтамасыз
етті.
Республика өнер кәсібінде 1940 жылы 158мың адам жұмыс істесе,
1945 жылы 255 мың жұмысшы болды. Олар соғыс жылдарында қысылтаяң
кездің қиындықтарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік көрсетті. 
Қазақстан майданының сенімді тірегіне, елдің ең негізгі әскери-
өнеркәсіп ошағына айналдырды. Соның арқасында республикада өнеркәсіп
өнімдерін өндіру 1,5 есе артты. Электр энергиясын шығару -93%, көмір
өндіру 68% -ке өсті. Жалпы Одақ бойынша шығарылатын мыстың,
қорғасынның басым бөлігі біздің республикамызда өндірілді.
8


Майданға аттанған жұмысшылардың орнын қарттармен әйелдер,
балалар басты. Станоктар мен забойларда да солар істеді. Село
еңбеккерлеріне көмекке қала тұрғындары келді.
Жау басып алған аудандардан көшіп келген шаруалар еңбекте
ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың бірі Батыс Қазақстан облысының Теректі
МТС-інде істеген Украйнаның атақты тракторшысы Паша Ангелинаның
бригадасы болды. Оның берекелі бастамасы мен тәжірибесі жергілікті
механизаторлар тарапынан қызу қолдау тапты.
Қазақстан еңбекшілері тары өсірудің шебері -Шығанақ Берсиевті,
атақты күрішшілер Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан
жаңашылдарды мақтан етті. 
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қоғамдық мал басының өсу
жоспарлары ойдағыдай орындалып отырды. Қоғамдық мал басы
республикада соғыс жылдарында 3 млн. басқа жуық өсті.
Жауды жеңуге республиканың зиялылары да өздерінің үлкен үлесін
қосты. Олардың қатары еліміздің батыс аудандарынан уақытша көшіп келіп
паналаған ғалым, жазушы, ұстаз, дәрігерлермен т.б. толықтырылды.
Көрнекті ғалым Қ.И.Сәтбаев басқарған республиканың 100- ден аса
ғалымдары қатысты. Олар қазба байлықтың көптеген жаңа орындарын ашты,
олар майдан мүддесі үшін тез игерілуіне үлкен үлес қосты.
Осындай қиын- қыстау күндерде қазақ - кеңес әдебиетін дамытуға
үлкен көңіл бөлінді. Кеңес поэзиясының алыбы Жамбылдың өлеңдері отан
қорғауға шақырылған қаһарлы дабыл тәрізді болды. Оның 
" Ленинградтық өрендерім" атты өлеңінің өнегелікте, тәрбиелік мәні
зор еді. Партизан шоғырының комиссары Ж. Сайнның шығармаларын Назым
Хикмет "Кеңес Одағының барлық халықтарының мызғымас достығының
белгісі" деп атады. М. О. Әуезовтың соғыс кезінде " Абай" эпопеясының
бірінші кітабын жазуы қазақ әдебиетін әлемдік аренаға шығуына көмектесті.
Қазақ әдебиетімен бірге қазақ өнері де дамыды. Соғыстың үш жыл ішінде
Қазақстан өнер шеберлері өздері қамқорлыққа алған ұжымдарда 20 мың
9


спектакль мен концерттер көрсетті, олардың ішінде мыңнан астам концерт
майдан шебінде берілді.
Республика еңбекшілері өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7
млрд. сом ақша берді. Сонымен қатар олар майдангерлерге 2 млн-нан аса
жылы киім, 1600 вагон сыйлық жөнелтті. 
Республика еңбекшілері Лнинградты қорғаушыларға 400 вагон
сыйлық жөнелтіп, жаудан тазартылған аудардандан көмегін аяған жоқ.
халықтың патриоттық үлестерінен жиналған қорғаныс қоры 1943 ж. қазанға
дейін ақшалай 185,5 млн. сомға және тапсырылған облигатциялардың құны
193,6 млн. сомға жетті. 1941 ж. күзден бастап патриоттардың танктер,
ұшақтар, сүңгуір қайықтарын сатып алу науқаны басталды. Олар нақты
жауынгерге арнады. Қазақтанның қару- жарақ жасауға өткізілген барлық
заемдарының және ақшалай- заттай лотереялардың құнын есептегенде
республика халқының майдан қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды. 
1941 жылы темір жолда әскери жағдай енгізіліп, әскер тәтібіне көшу
темір жол арқылы жүк, шикізат тасуды жақсартты. Ескі жолдарда поездің
өтуі жиіледі. Ақмола- Қаратал жол бөлігі іске қосылды. Темір жолдағы
жұмыстың көбін әйелдер атқарды. Олар темір жолшылардың 35 процентін
құрады. 
Бұл жылдарда Қарағанды көміршілері Сібір, Урал аудандарын сапалы
көмірмен жабдықтап тұрды. Қарағанды көмір алқабында 11,4 млн. тоннаға
көмір шығарылды, ал 1940 жылы 6,6 млн. тоннаға көмір шығарылған
болатын. 1941 жылғы қаңтардан, 1945 жылғы қаңтарға дейінгі аралықта
Қазақстанның электроэнергиясын өндірудегі Одақ бойынша үлес салмағы
1,31 ден 2,67 проценттке дейін көбейді.
Тылдың майданға көмегі жауынгерлердің жағдайын жақсартып қана
қоймай, олардың жауынгерлік рухын көтерді, оларды жауды талқандау үшін
мүмкін және мүмкін емес нәрсенің бәрін істеуге жігерлендірді. 
10




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет