Тақырыбы: Қазақстан ұлы отан соғысы және халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата15.12.2023
өлшемі105,96 Kb.
#138581
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-37061



Тақырыбы: 
ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ
ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарына аттануы және 
олардың жанқиярлық ерліктері............................................................................5
2. Қазақстан еңбекшілерінің соғыс жылдарында 
еңбектегі ерліктері.................................................................................................8
3. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру...............................11
4. Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста.......................................................12
5. Қазақстан соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру және 
одан әрі дамыту кезеңінде....................................................................................13
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................16
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................18


Кіріспе
Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде
қатысты. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және
табиғи ресурыстары болды. Бұған дейінгі өткен жиырма жылдың ішінде
жоспарланғандай патриархалдық феодализмнен социализмге секіріс жасауы,
халықтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі теңсіздігін
жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасаған еді.
Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі,
сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі,
ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды. Осының бәріне қол
жеткізуде халықтардың патриоттық дәстүрлері маңызды рөл атқарады. Қазақ
халқы көп ғасырлар бойы өзінің байтақ даласының шекараларын ойдағыдай
қорғап келген болатын. Отаршылдыққа қарсы күрес, орыстың үш төңкерісі
жылдарында, азамат соғысының майдандарында, бесжылдықтың
құрылыстарында халықтар достығы қалыптасып, нығайды.
Бірақ сол қауырт дамудың көлеңкелі жақтары да болды-ашаршылық,
негізсіз жазалау, онсыз да аз ұлттық интеллигенттердің едәуір бөлігін қырып
жіберу, қазақ халқының санын азайту, ұлы даланы қудалауға түскен
халықтарды көшіріп әкелетін зонаға айналдыра бастау, міне осының бәрі
халықтарды әлсіретіп, олардың сансын улады, өлкенің мүмкіндіктерін елдің
қорғаныс қуатын нығайту үшін дамыту және пайдалану мүмкіндіктерін
тежеді.
КСРО-ға шабуыл жасай отырып фашистік идеологтардың кеңес
үкіметі жазалаған бұрынғы гвардияшыларға, бай шаруаларға, капиталистер
мен помещиктерге, тоталитарлық жүйенің жаппай терроры мен зорлық-
зомбылығының құрбаны болғандардың бәріне үміт артуы негізсіз емес еді. 
Ал кеңес адамдарының көпшілігі жауға қызмет істеу деген ойдан
аулақ болды. Отанға берілгендік патриотизм жаңа дүниені жасаушылардың
саяси пафосымен астаса отырып, халықтың көпшілігіне станилизмнің
3


қайғылы әсерін жеңе отырып, Отанды қорғау үшін топтасуға мүмкіндік
берді.
1939ж. халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6.2 млн. адам еді.
Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 1196164 Қазақстандық сапқа
тұрды. Патша өкіметінің 1916ж. тәжірибесін қолдана отырып, станилизм
Қазақстан мен Орта Азияның түпкілікті халықтарынан және зорлап көшіріліп
әкелгендерден еңбек армиясын және арнаулы құрылыс бөлімшелерін құрды,
оларға Қазақ КСР-нан 700 мыңнан астам адам шақырып алынды.
Республикаға майдан алқабынан әкелінген алқабынан 1.5 млн-дай адамды
және зорлап көшіріліп әкелінген халықты есептегеннің өзінде республикадан
армияға алу проценті жоғары болды.
Майданға және қорғаныс өнеркәсібіне оның әрбір төртінші тұрғыны
жіберілді. Мобилизациялау процентінің мұнша жоғары болуына негізінен
экономиканың аграрлық сипаты, халықтың арасында шаруалардың үлес
санының көптігі және индустрияның қорғаныс саласына жұмысшы күшін
және Қазақ КСР-ның ауыл шаруашылығында механизаторларды брондау
практикасының кеш енгізілуі себеп болды.
4




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет