Тақырыбы: «Қазақстан мен Түркия қатынастарының дамуы және оның өзекті мәселелері»


Қазіргі таңдағы Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары



бет5/8
Дата19.04.2023
өлшемі248,5 Kb.
#84096
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
2. Қазіргі таңдағы Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары.
2.1 Қазақстан мен Түркия республикасы арасындағы халықаралық байланыс
Ұлы Түрік мемлекетінің халықаралық қатынас саласында қолы жеткен табыстары туралы айтқанда ең алдымен оның Қазақстан Республикасымен арадағы одақтастық саяси және достық қарым-қатынастары, сауда-экономикалық әскери-техникалық ынтымақтастықтары және ғылым, білім беру, мәдениет салаларындағы жемісті байланыстары ауызға ілігеді. Бұл түсінікті де. Бұрыннан-ақ Қазақстанмен ортақ тарихи және этнолингвистикалық терең тамырлы бауырластығы бар Түркия мемлекеті Қазақстанды ол егемендігін жарияласымен-ақ, екінші күні таныды. Мүмкін, сондықтан да, мемлекеттің арасындағы қатынастарда ортақ саяси және экономикалық мүдделердің кең ауқымы орын алып отырғандығы да болар, олардың арасындағы қатынастар өте қарқынды дамып келеді.
Осман мемлекетінен Республикаға өтісімен Ататүрік бастаған Түркия басшылығы, сонау 1923-жылдың өзінде-ақ барлық түрік халықтарының олардың этникалық, мәдени, тарихи ортақтықтарына байланысты бірігу идеясына негізделген өзінің сыртқы саясатының жаңа бағытын белсенді түрде әзірлеуге кіріскен болатын. Сол кезде-ақ құрамына Қазақстан да кіретін.
Дербес дамуының алғашқы қадамдарында-ақ тәуелсіз тең құқыктылық негізде дүниежүзілік қауымдастыққа ену үшін,- деп түсіндіреді Қазақстан - Түркия қарым-қатынастарын Түркия мемлекетінің Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы күндерден-ақ үзбей өз бақылауында ұстап келе жатқан қазақстаңдық ғалым М.Б.Мұхамедов, - Түркияның саяси қолдауына аса зәру болды. Оған күштер байланысын құру мен Ресей патернализмінен босану үшін мүмкіндіктер алуға сыртқы байланыстарды диверсификациялау қажет еді. Әрине, қазақ пен түрік халықтарының рухани, тілдік, мәдени және тарихи ортақтығы үлкен роль атқармай қойған жоқ. Осының бәрін ескерген Қазақстан үшін дүниежүзілік қауымдастықта беделі өте жоғары Түрік мемлекеті Батыстық мол қаражат көздерінен несие алуға кепілдік ете алатын иесіндей көрінді.
Нарыққа негізделген мемлекет құруды мансұқ тұтқан Қазақстан үшін өзіне дейін осындай жолдан қауіп-қатерсіз өткен Түрік елінің тәжірибесі нұсқалық үлгі. Сондықтан да болар осыны терең түсінген Қазақстан басшылығы нарықтық қоғам құрудағы "Түрік үлгісіне" айрықша назар аударады. Дегенмен, шаруашьшық жүргізудің ұлттық түріне қатысты, сондай-ақ Қазақстан экономикасының Ресейдің және көршілес елдердің шаруашылығымен тығыз байланысты болуы себепті Қазақстан сияқты алып мемлекеттің нарықтық қатынастар жүйесіне өту процесінің өзіндік өрнегі болатындығы анық. Оның үстіне халқының 40% жуығы түрік тектес емес халықтардан тұратындықтан Қазақстан демографиялық жағдайларды да ескере отырып, этникалық және діни мәселелерде сақтық жасап, жан-жақты ойластырылған салиқалы саясат жүргізуге мүдделі.
1992 жылдың қазан айының 30-ы және 31—1 күндері Анкара қаласында түркі мемлекеттердің бірінші басшыларының кездесуі болды. Оған Түрік Республикасының сол кездегі Президенті Түрғыт Озал, Әзербайжан Республикасының сол кездегі Президенті Абулфайз Элгібей, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Рсспубликасының Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов және Түркменстан Республикасының Президенті Сапармұрат Ниязов қатысты. Кездесу барысында оған қатысушыларды Түркия басшылығы кезінде Кемал Ататүрік қолдаған барлық түркі тілдес халықтарды біріктіру идеясымен еліктіруге тырысты. Бұл идеямен басқа мемлекеттер басшылары өздерінің келісе алмайтындықтарын жасырмады. Туындаған осындай қиындықтарға, өзара келіспеушіліктерге қарамастан, кездесуге қатысушы мемлекеттердің бірінші басшылары түркі тілдес мемлекеттердің ортақ рыногін құру идеясын қуаттады. Түрік жағы оларға экономикалық және мәдени салаларда қолдау жасайтын ниеттерін аңғартты, өзара қатынастардың оң дамуына қанағаттанып отырғандарын білдірді және әрі қарай ынтымақтастық пен іс-қимылдарды үйлестіріп отыруға шақырды. Кездесуге қатысушылардың аймақтағы жағдайды тұрақтандыру мен тұтастай алғанда Азия құрлығында қатынастардың жарастығы жолында осы бағьпты жалғастыра беру туралы ұйғарымға келулері түркі тілдес мемлекеттердің бүгіні үшін ғана емес, болашағы үшін де аса маңызды болды. Түркі тілдес мемлекеттердің бірінші басшыларының мұндай кездесулері кейінгі жылдары да арасына жыл аралатып тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мұның жақын мысалы ретінде 1994 жылдың қазан айының 19-ында Стамбулде, 1995 жылдың тамыз айының 28-інде Бішкекте, 1996 жылдың қазан айынын 21-інде Ташкентте болып өткен түркі тілдес мемлекеттердің бірінші басшыларының кездесулерін атауға болады.
Американдық ғалым Дж.Сакстың пікірінше, «қандай да бір ел болмасын оның экономикалық тұрғыдан ірі жетістіктерге жетуі көбіне-көп сыртқы сауда-саттықты дұрыс жүргізе білуіне тікелей байланысты. Дүниежүзілік экономикалық байланыстар шеңберіне тартылмайынша еш бір ел оқшау қалып жөні түзу экономикалық құрылым жасақтай алмайды». Олай болса, Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық та өзінің салмағына қарай өзара сауда-саттықтың жетекші позициясына ие болуы орынды да. Мысалы, Түркия Республикасы сыртқы экономикалық байланыстар кеңесінің есептеріне қарғанда, екі ел арасындағы өзара сауда айналымының жалпы сомасы 2001 жылы 1 млрд. АҚШ долларынан асқан. Ал, 1999 жылы Қазақстанға Түркия Республикасынан әкелінген тауарлар экспортының жалпы сомасы 96 миллион АКШ долларын құраған болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 116 миллион АҚШ доллары болғанды. Ал, Қазақстаннан 1999 жылы Түрік еліне апарылған тауарлар экспортынын жалпы сомасы 296 млн. АҚШ долларын құраған болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 346 млн. АҚШ долларына жеткен болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет