Тақырыбы: «Қазақстан мен Түркия қатынастарының дамуы және оның өзекті мәселелері»



бет7/8
Дата19.04.2023
өлшемі248,5 Kb.
#84096
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kur -qazaqstan-turkija-arasyndagy-jekonomikalyq-qarym-qatynastary-52

Қорытынды
Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату — Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор — екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары барлығы.
Айталық аз уақытың ішінде-ақ екі ел арасында қызу қарым-қатынас жанданып жүре берді, заңды база қалыптасты. Оның мысалы екі ел мемлекеттері бірінші басшыларының үкіметтері мен ммнистрліктерінің ведомстволар мен кәсіпорын басшыларының жоғары денгейде қол қойған шарттары, декларациялар, келісімдер және алынған міндеттемелер. Екі ел парламенттері арасында да қызу достық, ынтымақтастық әрі өзара түсініскен мықты байланыс бар. Ал, мәдениет өнер және білім беру салаларындағы байланыстар екі халықтың бір-біріне жақындасуына, қарым-қатынастардың татулықпен негізделуіне ықпал етті. Өйткені, екі елдің тарихында, тіл және мәдениетінде ортақ ұқсастықтар көп-ақ.
Жоғарыда біз екшелеген жағдайларға, сондай-ақ екі ел арасында орныққан ортақ рухани, саяси және экономикалық мүдделердің ауқымды орын алып отырғандығына орай олардың арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастары әлі де өте қарқынды дамып келеді.
Түркиямен ынтымақтастық Қазақстанның Азиялық аймақтық процестерге терендеп енуіне, Орталық Азия мемлекеттерінің көбіне ортақ түркі өркениетін қайта жанғыртуына жәрдемдесті. Туркияның, Қазақстанның және басқа түркі тілдес мемлекеттердің арасындағы тығыз қатынастарды дамыту аймақтағы күштердің ара салмағына елеулі ықпал жасады. Мұның бәрі және бірқатар басқа факторлар Қазақстан-Түркия қатынастарының тарихи бастауларының негізгі кезеңдерін зерттеген тұста болашақ бағыттарын анықтаудың айрықша көкейтестілігін көрсетіп берді.
Сондықтан Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары туралы ой қозғағанда екі ел арасындағы экономикалық рухани және мәдени салалардағы байланыстарды жан-жақты саралаған жөн. Осман мелекетінен Республикаға айналысымен Ататүрік бастаған Түркия басшылығы, сонау 1923 жылдың өзінде-ақ барлық түрік халықтарының, олардың этностық мәдени, тарихи ортақтықтарына байланысты бірігу идеясына негізделген өзінің сыртқы саясатының жаңа—бағытын белсене әзірлеуге кіріскен болатын. Сол кезде-ақ құрамына Қазақстан да кіретін Орталық Азия елдерінің дербес мемлекеттер ретінде қалыптасуына қолдау көрсетуді Түркия өзінің тарихи миссиясы деп есептеді. Бұл күндері де Түркия түркі тілдес мемлекеттердің саяси-экономикалық одағы арқылы өзіне қолайлы деп санайтын аймақтағы жетекші рөлге ұмтылуға тырысып отыр. Ағайындас түркі тілдес мемлекеттердің тұтас белдеуінің орнауы, — дейді Түркия тарихын зерттеуші ағылшын оқымыстысы— Түркияға аймақтағы өз жағдайын орнықтырып, нығайтуға мүмкіндік береді. Ал, мұның өзі Түркияның көптен бергі асыл арманы — түркі тілдес бір текті мемлекеттердің одағын құруға ұмтылған тарихи үмітін жақындата түседі.
Дербес дамуының алғашқы қадамдарында-ақ Қазақстан тәуелсіз тең құқықтық негізде дүниежүзілік қоғамдастыққа ену үшін — деп түсіндіреді Түркия мемлекетінің Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы күндерден-ақ Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын ұдайы қадағалап келе жатқан қазақстандық ғалым М.Б.Мұхамедов, — Түркияның саяси қолдауына аса зәру болды. Оған күштер тепе-теңдігін құру мен Ресей патернализмінен босану үшін мүмкіндіктер алуға сыртқы байланыстарды диверсификациялау қажет еді. Әрине, қазақ пен түрік халықтарының рухани, тілдік, мәдени және тарихи ортақтығы үлкен рөл атқармай қойған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет