Тақырыбы: «Қазақстан мен Түркия қатынастарының дамуы және оның өзекті мәселелері»


Қазақстан-Түркия бірлескен кәсіпорындарының құрылуы және оның қызметі



бет4/8
Дата19.04.2023
өлшемі248,5 Kb.
#84096
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kur -qazaqstan-turkija-arasyndagy-jekonomikalyq-qarym-qatynastary-52

1.3. Қазақстан-Түркия бірлескен кәсіпорындарының құрылуы және оның қызметі.
Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас 1991 жылдан бері дамып, кең өріс алып келеді. Әсіресе Түркия республикасының Президенті Тұрғыт Өзал бастаған үкімет делагациясының Алматыға келген сапары бұл қатынастарды дамытуға айрықша серпін берді.
1991 ж. Қазақстан мен Түркия министрліктері ведомоствалары мен ассоцияциялары басшыларының іскерлік байланыстар орнатуға айрықша назар аударып,отырғанын атап өтуге болады.
«Қазақстан Республика министрлер кабинеті Түркияның іскер топтары мен келісімді жүзеге асыру жөніндегі бүкіл қызметті үйлестіру мақсатында үкімет аралық комиссия құру жөнінде шешім қабылдады». Қазақ КССР сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде болған осы келісімдердің жасалғанына көп уақыт өте қоймаады, Қазақстан Түркияның кәсіпорындары бірлесе бастады.Қазақ жеңіл өнеркәсіп концерні «Мармара консалти» фирмасымен Георгиев тері-былғары комбинатының базасында тері-былғары тауарларын шығаратын бірлескен кәсіпорын құру жөнінде шартқа отырды. Сондай-ақ «Замбак» фирмасымен бірлесіп Жамбыл қаласында теріден жасалатын киімдер шығаратын кәсіпорын құру туралы да келіссөздер болған еді.31
Біздің экономикамыздағы ең бір осал буын-ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау мен қайта өңдеу. Міне, сондықтан бұл салада елеулі табыстарға қолжеткізген Түркия компанияларымен ынтымақтастық жасау жөнінде де республикамызда нақты қадамдар жасалды. 1991 жылдың өзінде тері және былғары бұйымдарынан жасалатын өнімдерге байланысты «Актюбмясопром» өндірістік бірлестігі мен Түркияның «Стар мод Лейзор КО» фирмасының бірлескен кәсіпорыны құрылды32.Бұл кәсіпорын енді басқа да өнімдер шығаумен бірге жыл сайын 300 мың теріні өңдейтін болады. Сондай-ақ Алматыда құрылған, «Алаш Дыш Тыжарет» фирмасымен бірлескен «Алмаст» кәсіпорыны халыққа ақылы жөндеу және құрылыс салу қызметін көрсетіп, құрылыс материалдарының жекеленген түрлерінің шығарудың, терілерді қайта өңдеуден өткізіп, тері былғары бұйымдарын тігудің қамына кірісті. Осы мақсатта «Алаш Дыш Тыжарет» фирмасы тігін машиналары мен тері бұйымдарын жеткізіп беруді міндетіне алды.
1993 жылы Қазақ-Түрік мұнай компаниясы құрылды. Қазақ-Түрік мұнай компаниясы пайда көлемінен Қазақстанның алатын үлесі 51%, ал Түркия үлесі 49% -ға. Қазақстанда 70 млрд. доллар 364 млн барель мұнай 20 млрд м3 табиғи газды ашу жұмыстарына жұмсалды. 2001-2002 жылы 65000 барель мұнай күнделікті өндіру жоспарланып отыр.
1993 жылдан бастап Қазақстанға Түркияның компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпорындар негізделді. Бірлескен кәсіпорындар «Касфен» батыс Қазақстанда мұнай құбырларын салуға –Кумколь; «Полфин» компаниясымен мұнай скважиналарын жөндеуге келісімге келді. Бірлескен кәсіпорындағы әріптестіктің жемісті жұмысы. ҚазТұрмұнай Түркия жағынан ұлттық мұнай компаниясы болды.
1994ж бастап келісімдегідей барлау, бұрғылауды Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және батыс Қазақстан сияқты төрт облыстардың территориясында жалпы көп елде 25000 кв км аймағын алуда 210 млн долларды Түркия жағы инвистиция берді. Мұнай, газ және Поденсат қорларын барлау жұмыстарын 170000 м «батыстық» менеджменттері Қазақстан кәсіпорындарында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізе алды.
1996 жылы Қазақстанда қызмет істеген 2000-ға жуық серіктес кәсіпкерлердің 319 түркиялық кәсіпкерлер Түркиядан кейінгі 300 кәсіпкерімен Қытай алады.
Ал 1999 жылы Қазақстанда жұмыс істейтін Түркия компаниялары 320-ға жетті. Олардың қатысуымен 90-н астам бірлескен кәсіпорын саны бойынша 3-ші орын алады. Онда тауар сатып алып, тұрғындардың тұтыну тауары, соның ішінде косметика, жуу құралы, тері-былғары өнімі, құрылыс заттары т.б. қызметтер соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімдері, минералды шикізат, ішкі ресурстарды өңдеуді бастады.
Алматыда «Сұлтан» макорының шығарушы Түркияның «Окан» компаниясы Алматыда печенье шығаруда. Алматыда ұн тартатын «Юмбул» фирмасы жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның бірнеше облыстарында қазақ-түрік кәсіпорындары бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Олар Қостанай облысында салқындатып тазартылатын су шығарумен «Текфен» фирмасы айналысуда. Шымкентте сіріңке шығарып жатқан Түркия фирмасы бар. Түркияның іргелі «Коч» компаниясы Қазақстанның «Бутясымен» бірігіп, «Рамстор» деп аталатын маркалы өнімдер шығаруда. Қазіргі таңда «Коч холдинг» фирмасы осындай супер маркеттерді Астана мен Шымкентте де ашуды көздеп отыр.
Алматыда Алмер акумлятор зауыты, Шымкентте «Yesilinma» шұлық фабрикасы, Өскеменде «Алтынай» күнбағыс май зауыты өнім шығара бастады. 1996 жылы Қазақстанда қызмет істеген 2000-ға жуық серіктес кәсіпкерлердің 319-ы Түркия кәсіпкерлері. Түркиядан кейінгі 300 кәсіпкермен Қытай алады.
Қазақстанда Түркияның құрылыс фирмаларының орны ерекше: Түркістандағы Қ.А.Ясауидің атындағы ХҚТУ-дің қалашығын Түркияның «Зафер» фирмасы құрылысын жүргізді Университет қалашығының көлемі жоба бойынша 300 гектар. Оның 120 гектарына жаңа техника жетістіктерімен жабдықталған оқу корпустары, 80 гектарға жаңа үлгідегі тұрғын үйлер салынуда, ал 100 гектарға ботаникалық бақ пен ғылыми зерттеу орталығы орналасады.
Түркия мемлекетінің құрылыс кәсіпорындары Алматыдағы бес жұлдызды «Анкара» мейрамханасын салды, Астана қаласында алғашқы бес жұлдызды «Астана» қонақ үйін тұрғызды. Сондай-ақ Астанадағы парламент үйін, бірнеше министрліктер мен тұрғын үй салуға да Түркия кәсіпорындары үлес қосты.
Қазақстан территориясында Түркия компаниялары бірінші орында. Мәселен Астана шетел компаниялары арасында 70%-ін Түркия компаниялары алады. Астананың халықаралық презентациясында Президент 4 құрылыс компаниясына медаль беруін оның үшеуі Түркияның компаниялары алды.
Астана қаласында Түркияның мынандай компаниялары көзге ерекше түсті: «Ахсел», «Окан-холдинг», «Жейланлемитет» шетелдік құрылыс компаниялары. Қазіргі кезде Қазақстанда 660-тан астам Түркия компаниялары мен бірлескен қазақ-түрік кәсіпорындары жұмыс істеуде. Осы орайда Қазақстанда істеп жатқан «Энка, Окан-холдинг, Финтрако, Джейлан, Бурдуж, Анадол, Грубу,Түркуаз, Түріксел» сияқты ірі түрік компанияларының атқарып жатқан жұмыстарын ерекше атап өтуге болады.
Түркияның Джейлан және Олан-холдинг компаниялары Астанадағы Евразия университеті мен ұлттық мұражайдың құрылыстарын аяқтауға жақын қалды.
Қазақстан республикасының Президенті Н.Назарбаевтың әлем таныған тұлға екеніне көзі жеткен түрік бизнесмендері ішіндегі аса ірі капиталдары да ата жұртта зауыт, фабрикалар ашуға ынталы болып отыр. 1998 жылдың өзінде 200-ден астам түрік компаниялары Қазақстанға келіп, жағдаймен жан-жақты танысты. Соның 20-30-ы қазірдің өзінде қажетті құжаттар әзірлеп, жұмысты бастап кетті. Бұлар күріш тазалау, мебель жасау, қағаз, керамика, шыны, дәрі-дәрмек шығаратын фирмалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет